Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сем.ОБЖ.КАЗ.Барл.мам.для.ст.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.58 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты

«Бекітемін»

Оқу жұмысы бағдарламасы

бойынша комитет басшысы

_______________Ибраева А.С.

«_____»___________20___ ж.

«Тіршілік әрекетінң қауіпсіздігінің негіздері » пәнінен білімгерлерге арналған

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің негіздері

Пән коды:

Факультет: аралас

Кафедра: Бастапқы әскери дайындық

Оқу жылы: 2016-2017 оқу жылы

Семестр: 1,2

Кредит саны: 3

Дәріс: 15 сағат

Тәжірибе сабағы: 30 сағат

БӨЖ: 45 сағат

БОӨЖ:45 сағат

Барлығы: 135 сағат

Оқу кестесі: а сабақ кестесіне сәйкес

Консультация уақыты: белгіленген кесте бойынша

Доценттің аты-жөні: Қазақбаев С.З.

Тараз 2016

Оқу жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және ҚР білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №779 бұйрығымен бекітілген. 050731 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» типтік бағдарламасы негізінде т.ғ.к., доцент Қазақбаев С.З. және аға оқытушы Шантаев Ғ. М. жасаған.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №__ «___» ___________ 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі_______________ Д. С. Сейтжанов

«Өнер және мәдениет» факультетінің әдістемелік бюросының келісімімен мақұлданды.

Хаттама № ______“_____”_______ 20___ ж

Әдістемелік бюро төрайымы:___________________ Жантаева М.К.

  1. Курсты оқу қажеттілігі және өзектілігі

Болашақ мамандарды теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.

-өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау;

-техникалық жүйелереде және шаруашылық жүргізу нысандарының тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процестердің қауіпсіз жағдайларын жобалау;

  1. Курстың мақсаты және міндеттері

-табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және салауатты шешімдер қабылдау;

-ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, экологиялық, ізгілік, адамгершілік т.б. тәрбие беру.

  1. Біліктіліктер және іскерліктер

Білімгер таныс болуы тиіс: бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерімен, аварияның, апаттың, күтпеген зілзаланың және қазіргі зақымдағыш құралдарды қолданылғаннан кейін болатын зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін т.б.

Білімгер білуі тиіс: радиациялық және химиялық барлау аспаптарын оқып білу және олардың жұмыс істеуімен танысу;

-білімгерлер мен оқушылардың, сондай-ақ шаруашылық жүргізу нысандарының өндірістік әрекетін инженерлік қорғау негізін оқып білу;

Білімгер істей алуы керек: оқулықтармен, сондай-ақ арнаулы әдебиеттерді қолданып, олардың ішінен өздерін қызықтыратын проблемаларды таңдап алып, оған өз беттерімен талдау жасай, білуге үйрету керек. Аталмыш курс білімгерлерді деректермен жұмыс істеуге, өздерінің

ойларын білдіруге, өзгелердің пікірмен санасуға үйретеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]