Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17-18 ҰҒЗ және сандық картография.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
487.12 Кб
Скачать

8. Практикалық жұмыс жоспарлары

Практикалық жұмыс №1

Сабақтың тақырыбы: Геоинформатикаға кіріспе.

Сабақтың мақсаты: Геоинформатиканың негізгі ұғымдары және оның басқа ғылымдармен, технологиялар және өндіріспен байланысын ұғыну.

Сабақтың мазмұны: "Геоинформатика ағашы" сызбасын дәптерге сызу. Түсініктеме хатын толтыру.

Практикалық жұмыс №2

Сабақтың тақырыбы: Геоинформатиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. ГАЖ құрлымы және қажеттілігі.

Сабақтың мақсаты: Геоинформатиканың негізгі анықтамалары бойынша түсініктер қалыптастыру және ГАЖ-дың құрылымымен танысу.

Сабақтың мазмұны: деректерді енгізудің және шығарудың жүйелерін кесте түрінде көрсету. Әр жүйеге тән дефиницияларын табу.

Практикалық жұмыс № 3.

Сабақтың тақырыбы: ГАЖ – кеңістікте үйлестірілген қпараттарды жинау, сақтау, өңдеу,көрсету және тарату технологиясы.

Сабақтың мақсаты: ГАЖ-ды қамтамасыз ету жүйесі бойынша түсінік қалыптастыру

Сабақтың мазмұны: Дигитайзермен жұмыс істеу үрдісімен танысу. Дербес компьютердің құрылымының сызбасын салу.

Практикалық жұмыс № 4.

Сабақтың тақырыбы: ГАЖ әдісі.

Сабақтың мақсаты: студенттерді негізгі сыртқы сақтау құрылымдармен таныстыру.

Сабақтың мазмұны: Қатты магниттік күй табақтарындағы құрылымның сызбасын дәптерге түсіру. Дәріс мәліметтерін пайдалана отырып өз бетімен есте сақтау құрылымдары классификациясының кестесін құру.

Практикалық жұмыс № 5.

Сабақтың тақырыбы: Картографиялық проекциялар.

Сабақтың мақсаты: ГАЖ-дағы мәліметтерді енгізу мен шығарудың негізгі перифериялық жүйелерінің жұмыс жасау ретімен танысу.

Сабақтың мазмұны: Сканерлеудің негізгі кезеңдерін анықтау, графиксалғыш түрлерін білу.

Графиксалғыштың үлгілері

ГРАФИКСАЛҒЫШ (Графопостроитель; plotter) — мәліметтерді графикалық пішінде қағазға және т.б мәлімет тасуышқа шығару құрылғысы. Өлшемі, дәлдігі, жылдамдығы, шығару түстері, басқа да көрсеткіштеріне қойылатын талаптарға сөйкес графиксалғыштардың көптеген түрлері кездеседі.

Планшетті графиксалгыш (Планшетный графопостроитель; flatbed plotter)

— 1) пішіндерді жазық бетте орналасқан қағазға немесе қабықшаға түсіруге арналған графиксалғыш;

2) ықшам графиксалғыш. Растрлық графиксалгыш (Растровый графопостроитель; raster plotter) — растрлық матрицамен берілген кескінді бір жолдап түсіру арқылы суреттейтін графиксалғыш.

Практикалық жұмыс № 6.

Сабақтың тақырыбы: Геоинформатиканың негізгі терминдері. Географиялық ақпараттық жүйелер туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: ГАЖ- технологияларындағы қабаттың және координат жүйесінің негізгі өзгешеліктерімен танысу.

Сабақтың мазмұны: Батыс Қазақстан облысының картасына бірнеше қабаттарды салу: жол-көлік магистральдары, су нсандары. елді-мекендер, климаттық белдеулер. Климаттық белдеулер картаның негізінде орналасу керек, елді-мекендердің пунсондары (белгілері) анық көрінуі тиіс. Аналитикалық жазба келтіру қажет.

Әдістемелік ңұсқау: тапсырманы Map Info бағдарламасында орындау керек. Қабаттармен жұмыс істеген кезде кезекпен орналастыру қажет.

Практикалық жұмыс № 7.

Сабақтың тақырыбы: ГАЖ құрылымы және функциялары

Сабақтың мақсаты: векторлық және расторлық бейнелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың мазмұны: 1. Екі суретті салыстыру. Дәптерде кесте түрінде екі суреттің айырмашылықтарын, артықшылықтарын және жетіспеушіліктерін толтыру керек.

2. Векторлық координанаталарда келесі нүктелер координаталарын табу.

1 мен 15 нүктенің ара-қашықтығы (бірінші нүкте - төменгі жуан горизонтальды сызық): 20,10,7,15,10,40,15,10,5,10,15,15,10,7.

Практикалық жұмыс № 8.

Сабақтың тақырыбы: Географиялық ақпараттарды нысандандыру (формализациялау)

Сабақтың мақсаты: Цифрование технологиясы мен ақпараттарды енгізудің әдістерімен танысу.

Сабақтың мазмұны: электронды құжаттарды басқарудың функционалды кестесін сызу. Кесте "Құжаттарды іздеу және фильтрде сақтау, навигация, мәліметтерді сақтау әдістері"