- •5В090700 – Кадастр, 5в090300 – Жерге орналастыру мамандықтарының
- •2,3 Курс студенттеріне 2017-2018 оқу жылының
- •3,5 Семестрлеріне арналған
- •Картография пәні бойынша
- •Оқыту бағдарламасы
- •(Силлабус)
- •2. Өткізу орны және уақыты
- •3. Пререквизиттері және постреквизиттері
- •5. Баға коюдың саясаты
- •6. Этика, академиялық тәртіп және курстың саясаты
- •7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.1 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.2 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •8. Практикалық, зертханалық сабақтар жоспары
- •Мақсаты: геобейнелеу жүйесі және олардың түрлерін қарастыру
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •2 Сурет. Карта бойынша көлбеу пішінін құру
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс №7
- •10. Оөж тапсырмалары
- •11. Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
Зертханалық жұмыс № 4
Тақырыбы: Карта бойынша жер бөлігі аумағының есептелінуі.
Жұмыстың мақсаты: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы картадағы алаң ауданын есептеп үйрену.
Теориядан қысқаша мәлімет:
Түрлі объектілердің топографиялық план және карта бойынша ауданнын өлшеу арқылы сәйкесінше аумақ контурына (жер беті деңгейіне сәйкес) сай ауданын анықтауға болады.
Аудан масштабы карта мен жоспар масштабына сәйкес, екінші дәрежеде көрсетілген. Мысалы: Карта үшін масштаб 1: 10000 аудан масштабы (1:10000)2 немесе 1: 1000000000
Берілген жер телімінің шаруашылық мақсаттарына сәйкес көлем мен аудан түрлерін анықтауды төмендегідей тәсілдер қолданылады:
Аналитикалық - геометриялық формулалар арқылы бұрыштар мен сызба өлшемдері нәтижелеріне сай аудан көлемі анықталады. Бұл нақты әдіс. Бұл әдісте жіберілер қателік 1/500 ге тең.
Графикалық - аудан көлемі жоспар бойынша сызба өлшемдері қорытындысы бойынша шығарылады. Жер телімі жоспарда көрсетілгендей қарапайым бірнеше бөлікке бөлініп өлшенеді. Өлшеу параллель және төртбұрыш мөлдір қағаздар көмегімен жүзеге асырылады.
Механикалық - жер бөлігі ауданын анықтау жоспар бойыша арнайы планиметр, дигитайзер сияқты құрылғылардың көмегімен анықталады. Бұл тәсіл көбіне дәл болмағанымен, көп қолданылады. Осы тәсілді қолдану арқылы кез- келген түрдегі жер телімінің ауданын тез және қарапайым анықтауға болады. Бұл тәсілде жіберілетін қателік 1/400. Қазіргі кезде 4-ші тәсіл-электронды әдіс. Ол электронды түрде берілетін карталармен байланысты, яғни ДК арқылы жүзеге асады.
Дәл, бірақ көп материалдық шығынды қажет ететін тәсіл- аналитикалық тәсіл. Себебі оның дәлдігі жоспардағы дәлдікке байланысты емес. Алаңдардың шекараларына теодолит жолдары мен полигондар салынса және шаруашылықта құнды телімдерді өлшеуде алаңдардың көлемін анықтау үшін қолданады. Графикалық әдіс онша дәл болмайды, себебі жер беті көлемінің кемістігі және жоспардың кемістігі де әсерін тігізеді. Оны сынық сызықтар мен шектелген алаңдарда өлшеуде қолданады. Телім алаңы неғұрлым кіші болса, соғұрлым кемшілікке жол беріледі. Үлкен алаңдар үшін бұл тәсіл аналитикалық тәсілдерге жақын болады. Дәлдігі кемшіндеу болғанымен кең тараған тәсіл- механикалық тәсіл, себебі кез- келген көлемдегі алаңды тез және қарапайым түрде есептеуге болады. Кедір - бұдырлы алаңдарды өлшеуде осы тәсілді қолданады.
Қисық сызықты кішірек телімдерді өлшеуде палеткаларды қолданады.Тік сызықты палеткаларға кең таралған төртбұрышты және параллель палеткалар жатады.
Төртбұрышты палетка перпендикуляр 1-2 мм қашықтықта орналасқан сызықты целлулоид, плексиглас, фотопленка, әйнек немесе калькадан жасалынады. Алаң контуры осы палеткалар арқылы анықталады. Оны палеткадағы параллель сызықтар ортасында а және в нүктелерінің орналасуына қарай алаң контурын анықтауда қолданады. Сонда барлық контур параллель сызықтарға бөлініп, трапецияға жақын, биіктіктері бір, соның ішінде параллель сызық бөліктері контур ішінде трапецияның орта сызығы болатындай бөлшектерге бөлінді. (сур 4) Үзік сызықпен трапецияның негізі көрсетілген.
Сурет 4. Графикалық тәсіл бойынша фигураның ауданын есептеу
Тапсырма 1: Графикалық тәсіл бойынша оқытушы дайындаған фигура ауданын есептеп шығар.
Тапсырма 2: Картадан сызба масштаб көмегімен үшбұрыштың негізі мен биіктігін өлшеп алу арқылы үшбұрыш ауданын графикалық тәсіл бойынша есепте. Аудан көлемін м2, га, км2 бірліктерінде есепте.
Тапсырма 3: Объектілердің ауданын есепте:
а) картада 1:10 000 масштаб бойынша көрсетілген орман аумағы тікбұрыш формалы, қабырғалары 47 мм және 54 мм. Орман ауданын анықта (га);
б) картада тоғай трапеция формалы 1: 25 000 масштаб бойынша берілген: негізі 3,2 мм, 2,4 мм, биіктігі 1,5 мм. Аудаңын анықта (га);
в) көкөніс отырғызған жер телімі жоспарда 1:500 масштабында трапеция түрінде берілген: биіктігі 15 мм, жоғарғы негізі 21,5 мм, төменгі негізі 33,3 мм. Аудаңын тап (га).
г) орман алабының ауданы картада 1:10 000 масштабта, тікбұрыш түрінде ұзындығы 41 мм, 34 мм етіп берілген. Орман ауданың гектар бойынша анықта керек.
Тапсырма 4: Төменде берілген масштабтар бойынша картаға қажетті аудан масштабын анықта: 1:500; 1:200 000; 1:20; 1:3 000; 1:6; 1:500 000.
Тапсырма 5: 1:20 000 масштабты картада объект аудандарын нешеге тең екенін анықта: 20 мм2, 48 мм2, 5 см2, 12,8 см2.
Бақылау сұрақтары:
Карталар мен жоспарларда аудандарды есептеудің тәсілдерін атап өт.
Аналитикалық және графикалық тәсіл арқылы аудандарды анықтаудың ретін көрсет.
Ауданды анықтаудың қандай тәсілдері бар?
Савич тәсілі деген не?
Ауданды есептеудің қандай тәсілі ең дәл деп есептелінеді және неге?
Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.
