Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Картография қаз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
905.22 Кб
Скачать

2 Сурет. Карта бойынша көлбеу пішінін құру

Тапсырма 1: Ең биік нүктені анықтау және келесі объектілер арасындағы асырма өлшемдерді табу:

  1. Көпір (6511 шаршы)

  2. Шыршалы орман (6412 шаршы)

  3. 2 ойыс жер (6612 шаршы)

  4. Ұнтарту комбинаты (6414 шаршы)

  5. Снов қаласындағы ескерткіш

  6. Голубая өзенінің бастауы

  7. Темір жол арқылы өтетін көпір (6514 шаршы)

  8. МТМ (6514 шаршы)

  9. Электростанция (6413 шаршы)

  10. Беличи кеңшарының үнтарту комбинаты (6512 шаршы)

  11. Орман (6412 шаршы )

Тапсырма 2: А3 форматындағы 3 миллиметрлік қағазда жер бедерінің барлық негізгі түрлерін көрсету, көлбеу арқылы тауларды, қазба шұңқырларды, ойлы-қырлы жерлер мен төбешіктерді, қыраттарды жазып көрсету.

Тапсырма 3: Көлбеуді кесте арқылы бейнелеу:

а) жоғары нүктесі 184 м-ге тең дөң, шартты түрдегі биіктігі 24 м, масштаб 1:25000;

б) тереңдігі 50 м шұңқыр, түбі 80 м, масштаб 1:50000;

в) Батыстан шығысқа қарай созылған 3 шыңы бар тау жотасы;

г) Асуы 810 м, масштаб 1:100000.

Тапсырма 4: У-34-37-В-в (Снов) оқу картасын пайдаланып 1:25 000 масштаб бойынша Малиновская тауынан Черное көліне дейінгі жер бөлігінің пішінін құру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер беті бұдыры жиынтығы қалай аталады?

  2. Алаңқай түріндегі биіктік қалай аталады?

  3. Ойпаттың анықтамасын бер.

  4. Жер бедері қиылысының биіктігі дегеніміз не?

  5. Орналасу және төменге құлдылауға анықтама бер.

  6. Горизонталь дегеніміз не? Оның түрлері.

  7. Жер бедерін қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?

  8. Аймақ пішіні дегеніміз не?

  9. Абсолютті және қатысымдық биіктікке анықтама бер.

Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.

Зертханалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Топографиялық карталар мен жоспарлардың тізімдемесі және бөлімдерге бөлінуі.

Жұмыстың мақсаты: картаның бөліктерге бөліну тәсілі мен тізімі туралы түсінікті анықтау.

Теориядан қысқаша мәлімет:

Үлкен аймақтың топографиялық картасын басып шығару үшін және сарамандық жұмыстар барысында қолдану үшін оны бірнеше бетке бөледі. Әр бет карта масштабына байланысты доға ұзындықтарына сәйкес меридиандар мен параллельдер бойынша шектелген. Белгілі жүйе бойынша көп бетті картаны бірнеше бетке бөлуді бөліктерге бөлу (разграфка) деп атайды. Көп бетті карта беттерін белгілеу тізім (номенклатура) деп аталады.

1:1000000 масштабтағы карта тізім негізіне карта беттерін халықаралық бөліктерге бөлу жатады.

Үлкен көлемдегі карталар бірнеше бетте дайындалады. Бірнеше бетке бөлу картаны бөлікке бөлу деп аталады.

Тізім көп бетті картаның беттерін белгілеу жүйесі. Әр бетті белгілеу қарапайым, үнемді және қайталанбайтындай болуы керек. Тізбелеудің көп бетті карталар үшін көптүрлі болуына қарай бөліктерге бөлуде екі басты топты: туынды және координатты торлармен байланысты түрлерін бөліп алуға болады. (3 сурет).

Кез- келген масштабтағы топографиялық карта мен жоспар беті оны жасаған кезде, басып шығарғанда және қолданған кезде қолайлы болуы қажет. Осыларды ескере отырып бір беттің көлемі 50 х50 см аспау керек деп бекітілген. Бірақ осындай бір бетте кішкентай жер көлемі де бейнелейді. Сонымен масштабы 1:25 000 болатын карта бетінде 72 км2 бөлігі бейнеленеді .

Жер бетін экватордан 4° полюске қарай өтетін параллель және 6° арқылы өтетін меридиандарға бөлу арқылы 1:1 000 000 масштабтағы карта беті жасалынады.

Сурет 3. Картаны тізімдеу және бөліктерге бөлу тәсілдері

Параллель сызықтар арқылы шектелген карта бетінің қатары экватордан полюстерге қарай сәйкестендіріле латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді.

Меридиандармен шектелген карта бетінің бағандары араб сандарымен нөмірленеді (1-ден 60-қа дейін). Батыстан шығысқа қарайғы бағытта (Гринвичке қарама қарсы бағытта) ұзақтығы 1800 меридианнан есептелініп жүргізіледі. Осылайша, карта бетінің 1:1 000 000 тізбесі бағанның әріп қатары мен нөмірінен тұрады. Берілген беттің солтүстік немесе оңтүстік жарты шарда орналасуына қарай тізімнен бұрын N немесе S әріптері қойылады. Солтүстік жарты шарда орналасқан біздің еліміздің картасында N әрпі салынбайды.

1:1 000 000 масштабындағы карта бетінің географиялық координатасының бұрыштары тізімге сәйкес былайша шығарылады: Әріптің латын алфавитіндегі реттік номерімен белгіленген қатарды 4° көбейтіп, беттегі солтүстік параллельдің геодезиялық В кеңдігінің мағынасын алуңа болады. Осы мағынаны 4°-ке кемітіп , беттің оңтүстік параллельдегі кеңдігін алуға болады. Меридиандардың ұзақтығын анықтау үшін беттерді шектейтін жағдайда ұзақтық есептеуде Гринвич меридианы қабылданған, ал бағандарды есептеу 180° ұзақтықтағы меридианнан басталады. Сондықтан 31-60 номерлі бағандар (Гринвич меридианынан шығысқа қарай) үшін баған нөмірлерін 30-ға кемітеді, 6° көбейтіп және беттегі шығыс меридианының геодезиялық Ь ұзақтығы 6° көбейту арқылы анықтайды. Бұңы 6о азайтып, беттің батыс меридианының ұзақтығын шығарады. Мысалы: 1 : 1 000 000 масштабтағы N-37 тізбектегі карта беті солтүстік жарты шарда төмендегідей геодезиялық координаттарды көрсетеді:

солтүстік параллель кеңдігі 56° (латын алфавитінде әріп номірі N 14х4°=56°);

оңтүстік параллель кеңдігі 52° (56°-4°);

шығыс меридиан ұзақтығы 42° (37-30)*6°=42°;

батыс меридиан ұзақтығы 36° (42°-6°).

Меридиан ұзақтығын шығару үшін 1-30 нөмірі аралығындағы бағандарды 30-ға көбейту керек. Сонымен 1-ші баған шығыс меридианы бойынша ұзақтық 186°(1+30)х6°, а батыс - 180° (186°-6°).

Тапсырма 1: Төмендегі бет тізімдері бойынша карта масштабын анықта: М - 40; L - 45 - 27; G - 39 - 67 - A, I - 35 - XXXI, O - 38 - 121 - A - б; К - 52 - Б; P - 41 - 12 - B - в - 2.

Тапсырма 2: 1: 1 000 000 масштабы бойынша берілген карта бетіндегі бұрыштардың географиялық координатын анықта: М-39, Н-32, F-20, P-8, C-59, K-40, D-47, A-52, E-4, O-18.

Тапсырма 3: 1:1000000 масштабындағы жан-жағы төмендегі беттермен жанасқан карта беті тізімінің табу.: N - 49; Р - 44; К- 37; I - 50; Q - 5; М - 17; D -58.

Мысалы: N – 49

O - 48

O - 49

O - 50

N - 48

N - 49

N -50

M - 48

M - 49

M - 50

Тапсырма 4: 1:200000 мастабтағы жан- жағы мен бұрыштары беттермен жанасқан карта беті тізімін тап: N - 49 - XXIX; P - 39 - XI; U - 17 - XIV; O - 27 - VI; T - 6 - XXXI.

Мысалы: N - 49 - XXIX

N - 48 - XXII

N - 49 - XXIII

N - 49 - XXIV

Тапсырма 5: Төмендегі беттермен жанасқан карта бетінің тізімін тап: N - 49 - 90; P - 39 - 12; U - 17 - 133; O - 27 - 48 - А; V -40 - 15 - Г; T - 6 - 15 - А - а; L - 51 - 25 - В – б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Карта бетін бөліктерге бөлу дегеніміз не?

  2. Картаны тізімдеу не үшін қажет?

  3. Карта бетін бөліктерге бөлудің халықаралық қандай тәсілдері белгілі?

  4. Қазақстанның топографиялық карталарын тізімдеу және бөліктерге бөлудің ерекшелігін сипатта.

Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.