Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Картография қаз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
905.22 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Бейнелеудің картографиялық тәсілі. Карталар мен жоспарларда жер бедерін бейнелеу.

Жұмыстың мақсаты: Аймақ кескінін құруда және жер бедерін әр түрлі жаңайда бейнелеуде практикалық дағды қалыптастыру.

Теориядан қысқаша мәлімет:

Жер бедері деп жер бетінің физикалық кедір – бұдырлығын атайды. Жер бедерінің мінездемесіне сәйкес оны таулы, жазықтық, белесті деп бөледі.

Горизонталь деп бірдей биіктіктегі барлық нүктелері қосатын сызықты айтады. Екі көрші горизонталь биіктігінің әр түрлілігі деп жер бедерінің қиысу

биіктігін айтады. Горизонталь төмендегі қасиеттерге ие:

  1. Бір горизонталь тегістікте жатқан барлық нүктелер бір биіктікке тең болады.

  2. Барлық горизонтальдар тегістіктер үздіксіз болуы қажет.

  3. Горизонтальдар бір – бірімен қиылыспайды және екіге бөлінбейді.

  4. Горизонтальдар арасындағы кішкентай арақашықтық төмен бағытталған ойыс бағытына сәйкес келеді.

  5. Суларды бөліп тұратын сызықтар мен ойыстар және су ойыстарының осі тік бұрыш болып горизонтальдармен қиысады.

  6. Тегістікті бейнелейтін горизонтальдар тік сызықтар арқылы беріледі.

Жер бедерінің түрлерін анықтауда көбіне қосымша горизонтальдерді пайдаланады. Олар жартылай горизонтальдар деп аталады және штрихтермен белгіленеді.

Аймақ келбеті аймақ бедерінің тік бөлігі ретінде беріледі. Берілген бағыт бойынша аймақ пішінін құрастыру. Инженерлік құрылысты жоспарлауда және аймақ нүктелері арасындағы көріністі анықтау үшін аймақ пішінін осы бағыт бойынша құру қажет. Қағаз бетінде АВ жолағы пішінін құруда көлденең сызық жүргізеді және жоспар масштабы бойынша кезекпен бөліктерге бөледі.1-2, 2-3, 3-54,5. т.б. Шартты көкжиек сызықтары пішін сызықтарымен қиыспайтындай жағдайда таңдалады. Әр таңдалған нүктеге перпендикуляр жүргізіледі және оларда қабылданған вертикалды масштабта пішіндік белгілер салынады, олар абсолютті нүкте белгілері мен шартты көкжиекке тең болады. А,Г нүктелерін байланыстыру арқылы АВ жолағында аймақ пішінін алады. Көрнені бөлу үшін пішіннің вертикалды масштабы дәстүрлі түрде масштабтағы 10 есе көлемде горизонтальды масштабтан ұлғайтылып алынады.

Су жинау алаңының шекарасын анықтау кезінде құру келесі тізбек бойынша жүргізіледі:

1. Картада кескінді бағыты сызылады және сол сызықта ең жоғарғы және ең төменгі нүкте белгісі анықталады, яғни барлық кескін амплитудасы мен ұзақтығы білу – кескін өсінің ұзақтығын есептеу үшін және биіктікті есептеуді дұрыс таңдау үшін қажет;

2. Жер бедері құрылымы шындыққа сай берілуі үшін, профильде жер бедері жақсы көрінуі үшін, осыларды есепке ала отырып биіктікті жинақтауда тік масштаб таңдалады. Тік масштаб көлденең масштабтан ірірек болады. Көлденең масштабы үшін көбіне карта масштабы алынады;

3. Пішіннің көлденең және тік осі бір – бірімен байланысты екі перпендикулярды құрайды. Таңдалған масштабқа сәйкес көлденең осьте барлық сызбасын көкжиек биіктігі белгіленеді, және бұл белгілер көкжиек арқылы жүргізіледі;

4. Сызғыш пен циркульдің көмегі арқылы қағаз жолақтары пішін сызбасында тік және горизонталь остері салынады. Бөліктің әрқайсысының соңынан көлденең сызбамен қиылысу перпендикуляр жасайды, олар берілген көлденең сызбада белгіге ие болады;

5. Берілген нүктелер қисық сызықпен қосылады;

Кескінде бөлік сызбасында орналасқан барлық нысандар және бағыт азимуты көрсетілген (2 сурет).