- •5В090700 – Кадастр, 5в090300 – Жерге орналастыру мамандықтарының
- •2,3 Курс студенттеріне 2017-2018 оқу жылының
- •3,5 Семестрлеріне арналған
- •Картография пәні бойынша
- •Оқыту бағдарламасы
- •(Силлабус)
- •2. Өткізу орны және уақыты
- •3. Пререквизиттері және постреквизиттері
- •5. Баға коюдың саясаты
- •6. Этика, академиялық тәртіп және курстың саясаты
- •7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.1 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.2 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •8. Практикалық, зертханалық сабақтар жоспары
- •Мақсаты: геобейнелеу жүйесі және олардың түрлерін қарастыру
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •2 Сурет. Карта бойынша көлбеу пішінін құру
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс №7
- •10. Оөж тапсырмалары
- •11. Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Географиялық карталардың математикалық негізі (масштаб, ұзыңдықты карта бойынша өлшеу).
Жұмыстың мақсаты: картадан масштабты анықтау жұмыстары үшін сарамандық дағдыларды меңгерту.
Теориядан қысқаша мәлімет: Картаның масштабы деп картадағы желінің ұзындығының аймақ желісіне сәйкес тегістіктегі кескініне қатынасын айтады. Масштаб - аймақ ұзындығы көлемінің (жер беті) картаға түсірілген кезде қандай мөлшерде кішірейтілгендігін көрсетеді.
Масштаб картаның оң жақ шетінде көрсетіледі және сандық (сандық масштаб), сөздік (атаулы масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) сияқты қатынастарды білдіреді.
а) Сандық масштаб бөлшек түрінде жазылады, алымында бірлік, ал бөлімінде картада көрсетілген көлденең кескін сызбасының кішірейтілген дәрежесінің саны беріледі. Әрдайым сантиметрмен беріледі (см).
Мысалы: 1 : 1 000 000 - 1 см картада 1000000 см аймаққа сәйкес келеді. (кеміту дәрежесі 1000000 рет).
б) Атаулы масштаб қолтаңба түрінде аймақтағы арақашықтықтың картада 1 см-ге сәйкес екендігін көрсетеді.
Мысалы:
1 см 1 км |
|
|
1 000 00 |
в) Сызықтық масштаб (1 см сәйкес келетін) бірдей бөліктерге бөлінген сызғыш түрінде қолтаңба арқылы беріледі және аймақтағы ара қашықтықты көрсетеді. (сурет 1.)
Сурет 1. Сызықтық масштаб
Жұмысты орындау тәртібі:
Алдымен, картадағы ұзындық бірлігіне жер бетіндегі бірліктер сәйкестігін жазу керек. Мысалы, 1:10 000 берілген болса, картадағы 1 см жер бетінің 10 000 см-не тең. Екінші бөліктегі сандық жазуды үлкен ұзындық бірліктерге айналдыру керек, яғни метр және километрге. Онда картадағы 1 см жер бетінің 100 м-не тең. Осы атаулы масштаб болып табылады. Алайда белгілеуде жазылмайды, "картада" және "жер бетінде" деп ойша санайды
Тапсырма 1: Сандық масштабтың мағынасын сөзбен айтып бер. 1:25; 1:50; 1:500; 1:1 000; 1:50 000; 1:200 000; 1:5 000 000 Мысалы: 1 : 25 - 1 см-де 25 см
Тапсырма 2: Атаулы масштабты сандық масштабпен алмастыр. 1 см-де 5 см; 1 см-де 50 м; 1 см-де 250 м; 1 см-де 3 км; 1 см-де 500 км; 3 см-де 600 м; 2 см-де 10 км; 4 см-де 1 км, Мысалы: 1 см-де 5 см - 1: 5; 3 см-де 600 м - 3см : 600 00 см - 1: 200 00
Тапсырма 3: Масштабтың нақты дәлдігін анықта. 1:100; 1:500; 1:5 000; 1: 40 000; 1:340 000; 1:25 000 000 Мысалы: 1:100 - а = 100 см; в = 10 см; в1= 1 см.
Тапсырма 4: Масштаб 1: 10, осы масштабтың 4 мм қанша? Масштаб 1: 200, осы масштабтың 3 мм қаншаға тең? Масштаб 1: 3 000, масштабтың 2 мм қаншаға тең? Масштаб 1: 60 000, осы масштабтың 2 мм қаншаға тең? Масштаб 1: 2 000 000, осы масштабтың 5 мм қаншаға тең? Мысалы: 1: 10, 1 см-де 10 см (а); 1 мм-де 1 см (в); 4 мм-де 4 см.
Тапсырма 5: Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша аймақтағы немесе жоспардағы сызба ұзындығын анықта.
Кесте 1 -5 тапсырманың жағдаяттары.
См бойынша көрсетілген жоспардағы сызба ұзындығы |
Жоспар масштабы |
См бойынша көрсетілген аймақ сызбасының ұзындығы |
См бойынша жоспардағы сызба ұзындығы |
Жоспардағы масштаб |
Аймақ сызбасының ұзындығы (см бойынша) |
0,8 |
1:200 |
|
3,45 |
в 1 см – 1 м |
|
|
1:5000 |
62500 |
|
в 1см – 50 м |
39000 |
|
1:2000 |
7400 |
9,15 |
в 1см – 20 м |
|
3,5 |
1:1000 |
|
|
в 1см – 10 м |
11200 |
3,75 |
1:100 |
|
|
в 1см – 2 м |
2500 |
14,2 |
1:1000 |
|
10,3 |
в 1см – 1 м |
|
3,6 |
1:500 |
|
16,2 |
в 1см – 5 м |
|
|
1:1000 |
1800 |
|
в 1см – 10 м |
10100 |
2,8 |
1:100 |
|
|
в 1см – 50 м |
12000 |
|
1:2000 |
7600 |
|
в 1см – 20 м |
9200 |
Тапсырма 6: L аймағындағы ара қашықтықты анықтау. Егер карта масштабы мен картадағы бөлік ұзындығы белгілі болғанда, L =?
(l). 1: 5 000, l = 4 см, L = ?
1: 25 000, l = 6 см, L = ?
1: 300 000, l = 3 см, L =? 1: 5 000 000, l = 2,5см, L=?.
Мысалы: 1: 5000, 1=4 см, L=? 1см де 50м, 4см-де 200м, L=200м (картадағы 4 см 200м аймаққа сәйкес келеді).
Тапсырма 7: Есепті шығар.
А) 1:500-ден 2,5 10 есе ірі масштапты көрсетілген масштабты анықта.
Б) 1:500 3,5 10 есе кіші болатын масштабты анықта.
Мысалы: 1:500, 1:250-ден 2 есе ірі (осы санға бөлу қажет) 1:1500-ден 3 есе ұсақ (осы санға көбейту қажет).
Тексеру сұрақтары:
Картаның математикасыз негізгі не болып табылады? Картаның қандай қасиеттері математикалық негіз арқылы анықтады?
Картаның масштабы дегеніміз не?
Масштаб қалай белгіленеді?
Сандық масштаб дегеніміз не?
Масштабтың тәжірибелік маңызы мен кемшілігін ата.
Ұзындық масштабын меридиан және параллель бойынша картадағы қиылысу нүктелері сай қалай анықтауға болады?
Картографиялық кескіндеу дегеніміз не?
Карта мен жоспардың өзара айырмашылығы.
Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.
