Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Картография қаз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
905.22 Кб
Скачать

8. Практикалық, зертханалық сабақтар жоспары

Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Географиялық карталар туралы жалпы түсінік

Мақсаты: географиялық карталармен танысу және 1:1000000-дық масштабы жалпы географиялық карталарды талдау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Географиялық карта дегеніміз не?

  2. Карталар түрлері

  3. Карталардың сандық және сапалық сипаттамасы?

Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Карталар масштабы

Мақсаты: картаның масштаб түрлерімен танысу

Тапсырма: картаның масштабын картада өлшенген сызық (l) және жергілікті жерде сәйкес келетін арақашықтық (L) (кесте 1) бойынша анықтаңыз: Мысалы, Куткан ауылынан Новое ауылына дейін тікелей арақашықытық 50 м. делік. Картадағы сәйкесті кесінді 5 см. тең. Картаның масштабын анықтаймыз: 5 см : 50 м - 1 см 10 м - 1:1000

Кесте 1

l (картада)

L (жергілікті жерде)

Карта масштабы

1

5 см

50 м

1 : 1 000

2

2 см

200 м

3

4 см

4 км

4

3 см

300 км

5

30 мм

150 м

6

11 мм

550 м

7

6 см

200 м

8

10 см

100 м

9

20 см

400 м

10

6 см

6 км

11

5 см

500 км

12

40 мм

200 м

13

15 мм

750 м

14

4 см

200 м

15

8 мм

600 м

Бақылау сұрақтары:

  1. Картаның масштабы дегеніміз не?

  2. Масштабтың қандай түрлері болады? Олардың практикалық мәнін және кемшіліктерін атаңыз.

  3. Картадағы ұзындықтардың қиылысқан нүктесінің масштабын меридиан мен параллель бойынша қалай анықтайды?

Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: Координаттық торлар

Мақсаты: территорияның учаскесі үшін координаттық торларды құрастыруды және олардың геодезиялық негізін анықтауды, масштабпен жұмыс жасауды үйрену

Тапсырма: Координаттық торлар – картаның математикалық негізінің басты элементі.

Топографиялық карта бойынша келесі пункттердің географиялық координаталарын (0 / //) анықтаңыз.

а) "Труновское" (1:50 000): т.581,0 (кв.9979), т.121,2 (кв.1480), т.560,0 (кв. 9794), т. 325,0 (кв.1497);

б) "Чарков" (1:50 000): т.371,0 (кв. 1606), т. 93,1 (кв.2317);

в) "Морозовск" (1:50 000): т.38,6 (1513), т.78,1 (кв.2301). Мысалы: картада "Труновское" географиялық координаталары т.581,0 (кв. 9979) = (48041/35// с.ш.; 66000/31// в.д.).

Бақылау сұрақтары:

  1. Кординаттық торлар дегеніміз не?

  2. Карталарда қандай координаттықм торларды қолданады?

  3. Картографиялық тор дегеніміз не?

  4. Көрсету торы неге арналған?

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: Жер бедерін кескіндеу

Мақсаты: жер бедерін кескіндеу түрлерін анықтауды және ажыратуды үйрену

Тарпсырма: жер бедерін кескіндеу түрлерін, инженерлік есептерді шешу кезінде қажетті горизонталь қасиеттерімен танысып қарастырып суретте көрсетілген жер бедерінің қима биіктіін, карта масштабын, жер бедерінің біркелкі нүктелері мен сызықтарын анықтаңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық географиялық карталар не үшін қолданылады?

  2. Жер бедерін перспективті кескіндеудің қандай әдістері болады?

  3. Жер бедерін горизонтальдармен кескіндеудің басты проблемалары?

  4. Гипсометриялық бояу шкаласы нені көрсетеді?

Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: Картографиялық генерализация