- •5В090700 – Кадастр, 5в090300 – Жерге орналастыру мамандықтарының
- •2,3 Курс студенттеріне 2017-2018 оқу жылының
- •3,5 Семестрлеріне арналған
- •Картография пәні бойынша
- •Оқыту бағдарламасы
- •(Силлабус)
- •2. Өткізу орны және уақыты
- •3. Пререквизиттері және постреквизиттері
- •5. Баға коюдың саясаты
- •6. Этика, академиялық тәртіп және курстың саясаты
- •7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.1 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.2 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •8. Практикалық, зертханалық сабақтар жоспары
- •Мақсаты: геобейнелеу жүйесі және олардың түрлерін қарастыру
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •2 Сурет. Карта бойынша көлбеу пішінін құру
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс №7
- •10. Оөж тапсырмалары
- •11. Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
Зертханалық жұмыс № 5
Тақырыбы: Картографиялық генерализация. Жергілікті бағытталу.
Жұмыстың мақсаты: азимуттарды, румбтарды, дирекциондық бұрыштарды пайдалану және қолдану арқылы аймақта бағытталу туралы білімді қалыптастастыру.
Теориядан қысқаша мәлімет:
Картада географиялық объектілерді және құбылыстарды бейнелеу және жалпылау үрдісін картографиялық генерализация (жалпы, таңдау бойынша) деп аталады.
Генерализация дәрежесі тәуелді:
Карта масштабы. Карта масштабы неғұрлым кіші болса, генерализация дәрежесі соғұрлым артық болады (және керісінше);
Картаның қолданылуы. Картада қолдану орнына қарай қажетті деп танылған объектілер көсетіледі;
3) Объектілердің зерттелуі. Объектіні толық зерттеу барысында суреттеме дәл болуы мүмкін, ал толық зерттелмеген жағдайда жалпылама, кесте түрінде болады.
Картаны дұрыс генерализациялау оның сапасын арттырып, оны құрудағы міндеттерді шешуде тиімді болмақ.
Уақыт өте карта ескірілуі мүмкін , себебі ол шығарылғаннан кейін сол жерде басқа нысандар, жолдар салынуы мүмкін, ағаштар отырғызылып немесе кесілуі мүмкін, жер жыртылуы мүмкін.
Сызықты бағдарлау - яғни оның бағытын көкжиекті шамалау арқылы немесе бастапқыда қабылданған бағыт арқылы анықтау қажет.
Геодезияда бастапқы бағыт ретінде географиялық немесе магниттік меридиан бағытын, сонымен қатар солтүстік бағыт шақырымдық тордың тік сызығын алады. (Гаусс-Крюгер аймағы меридианының осьне параллель).
Бастапқы бағыт арқылы негізгі бағдар бұрыштары – азимуттар (географиялық және магнитті) дирекциялық бұрыштар, румбтар айырады.
Географиялық (шынайы) азимут (А) деп- географиялық (шынайы) меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бағытымен берілген бағытқа (0о тан- 360о) есептелінетін бұрышты атайды.
Магнитті азимут (Ам) деп- магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойынша берілген бағытта (00-3600 дейінгі) есептелінетін бұрышты айтады.
Жер шарындағы магниттік және географиялық полюстердің орналуы әртүрлі, сондықтан магниттік меридиан географиялық мередианмен сәйкес келмейді. Географиялық меридиан мен магниттік меридианның арасындағы бұрыш магниттік бейнелеу деп аталады. Егер магниттік меридиан шынайы меридианнан шығысқа қарай ауытқыса, онда шығысы (+оң), батысқа- батыс (- теріс) деп аталынады.
Дирекциялық бұрыш деп- солтүстік бағыттағы меридиан осі аумағынан есептелінетін (шаруашылық тордың тік сызықтары) сағат тілі бағытымен берілген бағыт (00-3600) аралығындағы бұрышты айтады.
Азимут бойынша қозғалу мазмұны берілген азимут бойынша аймақта қажетті бағытты табу, карта арқылы бағыт ұстап отыру, белгіленген жерге компастың көмегімен дәл шығу. Есте үстаңдар:
Аймақта бағыт алу үшін магнитті азимут қолданылады, себебі магнитті меридиан бағытын көрсететін магниттік тілі бар компас арқылы бағыт алуға болады;
Топографиялық карталармен жұмыстанғанда дирекциялық бұрыштарды қолдану өте тиімді, себебі картада шақырымдық тор сызықтары анық көрсетіледі;
Егер карта шақырымдық тор сызықтары көрсетілмесе (орта масштабты, ұсақ масштабты карталар), онда шынайы азимутпен бағыт алады. Барлық карталар солтүстік-оңтүстік (шынайы меридиан) бағытында жүргізілді;
Геодезияда, астрономиялық есептер қатарын шешуде, корабльдердің бағытын анықтауда азимуттардың орнына румбтар қолданылады.
Румб (r) сызықтары деп-берілген сызық бағыты мен оған жақын меридиан бағыты арасындағы бұрышты атайды. Румбтар меридианның (солтүстік және оңтүстік) екі шетінен екі жағына қарай 00- тан 900 аралығында (сағат тілі бағыты мен сағат тіліне қарсы бағытта) өлшенеді. Румбтың градустық көлемі қатыстық меридиан сызбасы бағыты атауымен жүргізіледі (С3; СВ ;ЮЗ ;ЮВ) (5 сурет)
Мысалы: r (ОВ)= СЗ: 350, солтүстік батыс жаққа бағытталған сызық пен солтүстік меридиан бағыты арасындағы бұрыш 350- қа тең. 00-900 азимут мағынасындағы сызықтар бірінші бөлікке қатысты
900- 1800- екінші дәреже
1800- 2700- үшінші дәреже
2700- 3600- төртінші дәреже
Егер сызба бағыттары I– ші бөлікке қатысты болса, r= А, А=r
Екінші бөлікке – r=180- А, A= 180- r
Үшінші бөлікке – r = A – 180, A = 180+ r
Төртінші бөлікке – r = 360-A, A= 360- r
Сурет 5. Румбтардың бағыты
Тапсырма 1: Тапсырма №1 (Шынайы) азимут бағыты бойынша жоспар құру және ұзындық бағыттары № 2 кестеде берілген. Масштаб 1: 10 000.
Кесте 2 - 1 тапсырманы орындау үшін берілген жадығаттар
Нұсқа |
маршрут А |
маршрут Б |
маршрут В |
|||
Жүріс бағыты |
Бағыт азимуты |
бағыт ұзындығы (м) |
Бағыт |
бағыт |
Бағыт |
бағыт |
азимуты |
ұзындығы (м) |
азимуты |
ұзындығы (м) |
|||
1 - 2 |
800 |
8000 |
900 |
6000 |
450 |
3000 |
2 - 3 |
1450 |
5800 |
200 |
3000 |
1800 |
6400 |
3 - 4 |
2400 |
6700 |
1300 |
3400 |
2530 |
4000 |
4 - 5 |
00 |
4400 |
00 |
5600 |
1150 |
8800 |
Тапсырма 2: Төмендегі бағыттар үшін румбылардың суретін сыз:
r (ОА) = СВ:450; r (ОБ) = СЗ:800; r (ОВ) = ЮЗ:150; r (ОС) = ЮВ:650; r (ОД) = СЗ:190.
Тапсырма 3: Берілген сызба азимуттарының бағыты бойынша румбыларды есепте.
Кесте 3 – 3 тапсырманың жадығаттары.
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
азимуты |
131040/ |
210015/ |
47025/ |
98005/ |
348007/ |
румб |
480 20/ |
|
|
|
|
Мысалы: 131о40 ' бойынша берілген бағыттын оңтүстік- батыс бөлікте, меридианның оңтүстік бағыттағы бұрышы 180о– 131о40 ' =48о 20 ' тең. Берілген сызба румбы тең. V= ОБ: 48020 '
Тапсырма 4: Берілген сызба румбтарының бағыты бойынша азимуттарды есепте.
Кесте 4 - 4 тапсырманы орындау үшін берілген жадығаттар.
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
румб |
ОБ:32030/ |
СШ:15016/ |
СБ:28020/ |
ОШ:10020/ |
ОБ:89025/ |
азимуты |
212030/ |
|
|
|
|
Мысалы: румб ОБ: 32о 30 ' Азимуттар солтүстік бағыттағы меридианнан және берілген бұрыш оңтүстік батыс бөлікте орналасқан.
А=1800+32030 '=212030 '
Тапсырма 5: 5 кестедегі мәліметтерді пайдаланып, егер румб (азимут) белгілі болса, азимут (румб)-ты анықта.
Кесте 5 - 5 тапсырманы орындау үшін берілген жадығаттар
Азимут: Румб: Румб: Азимут:
ЮВ: 13º 11′ |
|
СЗ: 27º 42′ |
|
СВ: 69º 33′ |
|
ЮВ: 33º 12′ |
|
СЗ: 06º 13′ |
|
СВ:74º 52′ |
|
ЮВ: 47º 58′ |
|
ЮЗ: 45º 18′ |
|
СЗ: 41º 22′ |
|
ЮВ: 06º 27′ |
|
ЮЗ: 81º 42′ |
|
СВ: 49º 23′ |
|
ЮЗ: 33º 12′ |
|
СЗ: 12º 13′ |
|
СВ: 64º 52′ |
|
ЮВ: 27º 58′ |
|
ЮЗ: 55º 18′ |
|
СЗ: 31º 22′ |
|
ЮВ: 09º 27′ |
|
245º 36′ |
|
247º 18′ |
|
342º 18′ |
|
311º 12′ |
|
93º 42′ |
|
42º 22′ |
|
147º 23′ |
|
271º 47′ |
|
322º 43′ |
|
158º 33′ |
|
17º 48′ |
|
29º 15′ |
|
259º 39′ |
|
58º 13′ |
|
299º 22′ |
|
136º 48′ |
|
354º 58′ |
|
179º 21′ |
|
337º 38′ |
|
Бақылау сұрақтары:
Азимутқа анықтама бер. Шынайы азимут магниті қалай ерекшеленеді?
Румб дегеніміз не? Бұл бұрыш не үшін қолданылады?
Дирекциялық бұрыштар не үшін қолданылады?
Картографиялық генерализация деген не?
Картографиялық генерализацияны қандай мақсатпен жүргізеді?
Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.
Зертханалық жұмыс № 6
Тақырыбы: Географиялық карталар мен жоспарлардағы қолтаңба және шартты белгілер.
Жұмыстың мақсаты: Халықаралық талаптарға сай карталарда таңбаларды сауатты орындап үйрену және сәйкес шартты белгілерді таңдай білу.
Теориядан қысқаша мәлімет:
Бейнелеудің барлық географиялық құралдары: таңбалардың түрлері мен үлкендігі, түсі мен ішкі суреттің бейнемен өзара байланысы, бір-біріне қатысты бағыт алуы - кеңістіктегі образдың шынайы құрылуына көмектеседі. Объектілерді сипаттауда таңбала мен әріптік-сандық белгілердің алар орны зор. Олар картада:
географиялық атауларды (тұрғылықты жерлер, су және географиялық объектілерді) таңбалайды.
Сандық және сапалық сипаттамалар қатары ( биіктік белгілері, үйлер саны, ормандағы ағаш түрлері құрамы, жолдың ені, топырақ оқиғалардың мерзімі т.б)
Картадағы жазбалар әріптің таңдалуы, әріптің мінездемесі, әріп көлемі, түсі, басты әріптермен ерекшеленуі арқылы ажыратылады. Карта мазмұнының түрлі элементтеріне қатысты объектілер әртүрлі әріптермен таңбаланады. Олар шартты белгілерді жауып тастамауы керек. Кейбір шартты белгілер қысқартылған таңбалар арқылы беріледі және объектілердің кейбір ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы:
маш. - Машина жасау зауыты
пес. - Құмды карьер
мин. - Минералды су көзі, бұлақ
шк. - Мектеп және т.б
Түстер де объектілерді бейнелеуде қолданылады:
Жасылмен өсімдік дүниесі.
Көгілдір – су объектілері.
Қоңыр –орография.
Қара түспен елді мекендер бейнеленеді.
Барлық карталар үшін шартты белгілердің бірегей жүйесі жасалынған. Топографиялық карталарды оқу үшін шартты белгілер туралы нақты білім беру керек. Бұндай білім түрлі мастабты карталарды жүйелі оқу-жаттығу жолдары арқылы және картадағы белгілерді сызып үйрену арқылы қалыптасады. Топографиялық карталар мен жоспарларда аумақтағы түрлері объектілер суреттеледі: елді мекендердің сызбасы, бақшалар, өзен-көлдер, жолдар,электр жүйелері. Осы объектілердің жиынтығы жағдаят деп аталынады. Жағдаяттарды шартты белгілермен таңбалайды.
Картаны жасауда әр таңбаны белгіленген объектіге анық түсірілуі өте маңызды. Ақпараттың дәл берілуі, картаның оқылуы осыған байланысты. Таңбаларды орналастыру бәрінен бұрын объектілердің өзін оқшаулау мінездемесіне байланысты болады:
Оқшауланған нүктелердегі объектілер (елді мекен т.б) қасына оң жақтан, жазу параллель бойына орналасатындай көлденең таңбаланады, яғни картаның солтүстік және оңтүстік шетіне орналастырылады. Таңбаның көптігіне байланысты оларды солдан жоғарға қарай белгіленген жерге орналастыруға болады;
Тік сызықтық объектілер (өзен, байланыс жолдары, маршруттар) белгілері сызық бойына оның жолын қайталай орналастырылады;
Алаңы бар объектілердің таңбалары ось бойына барлық алаңды алып тұратындай естіліп салынады. Егер объект майысқан түрде берілсе, жазуда соған сәйкес таңбаланады. Кейбір ұсақ алаңы бар объектілер, мысалы кіші өзендер, жазу сыймайтын болса, қасына жазылады.
Барлық жағдайда таңбалар бір-бірін қиып өтпейтіндей, шағын көлемде басқа элементтерге шығып кетпейтіндей естіліп, түрлі-түсті фонда жақсы оқылатындай таңбаланады. Жазудың түсі мен суреті объектінің көлемі мен маңыздылығын беруі тиіс. Мысалы, ірі тік әріппен мемлекеттің астаналарының аты берілсе, кіші әріптермен республика, облыс атаулары, курсивпен аудан атаулары беріледі. Осыған сәйкес су объектілері көгілдір түспен, рельеф түрі – қоңырмен, елді мекендер – қарамен таңбаланады.
Кейбір карталарда көп таңбалар түсірілген жағдайда қосарлы түрде беру жолдары қолданылады. Басты елді мекендер қара түсті әріппен таңбаланса, қосалқы атаулар сұр түспен беріледі. Бір қарағанда картада басты әріптер көрінеді, ал қалғандары екінші қатарға көшірілгендей әсер қалдырады.
Тапсырма 1: «Морозовск», «Чарков» (1:50000) топографиялық карталарындағы шартты белгілер легендасымен танысу. Аудандық, нүктелік, сызба шарттары белгілері қалай таңбаланатын ажырату. Картада объектілердің таңбасы, әріптік – сандық белгілері, түстері қалай қолданғанын анықтау.
Тапсырма 2: У-34-37 В-в (Снов) 1:25 000 масштабты картасындағы берілгенді мұқият пайдаланып, келесі шартты белгілерді сыз:
Шартты белгі |
Шешімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 3: Төмендегі шарттар бойынша 1:10000 масштабтағы жер телімін (800 х 800м) шартты берлгілермен сызып шық:
Ені 6 метр болатын өңделген жол солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Оның жанынан шығыс жақтан байланыс сызығы созылып жатыр.Осы жолмен (ортасында) 40о азимутпен жүретін грунтталған жол қиылысады. Батысқа қарай 200 м-дей жол қиылысынан әрі аралас орман (шырша, қайың биіктігі 15 м, діңінің диаметрі 30 см, ағаштардың арасы 3 м) және орманшының үйі бар. Орманшының үйінен грунтталған жол қиылысына дейін дала жолы бар.
Тапсырма 4: Төмендегі суреттемеге сай 1:20 000 масштабпен берілген аймақ телімін (2400 х 1600 м) шартты берлгілер бойынша сызып шық:
Асфальтталған ені 12 м тас жолы батыстан шығысқа қарай созылып жатқан. Топь өзенінде бетон көпірмен бөлінген. Көпір ұзындығы 150 метр, жүк көтеруі 20 т. Топь өзенінің шығыс жағасында 200 м оңтүстікке қарай (120 үйден тұратын) Кутково селосы бар. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 м, батыстан шығысқа қарай 650 м-ге созылып жатыр. Онда бір ұзын жол және 2 қиып өтетін қысқа жол бар. Селоның оңтүстік шетінде «часовня», орталығында ескерткіш бар. Көпірдің солтүстікке қарай шығыс жағасында тік бұрыш формалы (350- 150 м) батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тоғай бар.
Топь өзенінен батысқа қарай жеміс бағы созылып жатыр.
Бақылау сұрақтары:
Шартты белгілер дегеніміз не?
Топографиялық шартты белгілердін түрлері.
Масштабты шартты белгілермен жоспарда, картада нені бейнелейді?
Масштабтан бөлек шартты белгілер не үшін қолданады?
Бұл объектілердің қандай сандық және сапалық ерекшеліктері картада көрсетілген?
Бейнелеудің қандай тәсілдері қолданылған?
Жоғдаят деген не және оны ненің көмегімен бейнелейді?
Карталар мен жоспарларды құруда шартты белгілерді қалай қолданады?
Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.
