Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы

13.Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасы

Мақсаты: Қан ағуды уақытша тоқтату .

Көрсеткіштері: Артериялық қан кету

Іс - әрекет алгоритмі:

  1. Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу. Бір реттік залалсыз қолғапты кию.

  2. Қолды жуу немесе асептикалық ерітіндімен өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).

  3. Науқасты қарау, тыныштандыру.

Артерияларды саусақпен басудың анатомиялық орындары мыналар:

  1. Жалпы ұйқы артериясын төс-бұғана-емізік бұлшық етінің ішкі шетінің ортасына, 6 мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің ұйқы төмпешігіне қарай 1 саусақпен немесе қалған 4 саусақпен басады:

  2. Сыртқы жақ артериясын астыңғы жақтың төменгі жиегіне, оның артқы және ортаңғы бөлігінің аралығын басады

  3. Самай артериясын бас бармақпен құлақтың алдыңғы жағынан бас бармақпен самай сүйегіне қысып басамыз

  4. Бұғана асты артериясын бұғана үсті аймағының ортасынан бірінші қабырғаның төмпешігіне қарай басамыз.

  5. Иық артериясын иық сүйегіне екі басты бұлшық еттің ішкі жағына қарай басамыз.

  6. Қолтық асты артериясын қолтық асты ойығына тоқпан жіліктің басына қарай басамыз.

  7. Шыбық артериясын пульсты анықтайтын жерде, шыбық сүйегіне басамыз.

  8. Шынтақ артериясын шынтақ сүйегіне басамыз.

  9. Сан артерияны пупарттық байламның ортасынан қасаға сүйектің көлденең тармағына қарай басамыз.

  10. Іш қолқасының омыртқаға кіндік тұсының сол жағынан жұдырықпен басамыз.

  11. Қолды жуып, кептіру.

  12. Науқастың жағдайын сұрау.

  13. Қолғапты шешіп, ҚКҚ-ға тастау.

  14. Қолды жуып, кептіру.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

14.Ұзақ уақыт жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек

Мақсаты: Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету.

Көрсеткіштері: Ұзақ уақыт жаншылу синдромы кезінде.

Құрал – жабдықтар:

  • Резенке жгут,

  • 50% анальгин,

  • 1 % димедрол,

  • Эластикалық бинт,

  • Мұзды мұйық,

  • Транспорттық жақтау,

  • Реланиум 0,5 %.

  • Залалсыздандырылмаған қолғап

  • ҚКҚ

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандырып, іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  2. Науқастың келісімін алу.

  3. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  4. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  5. Зардап шеккен адамның жағдайын анықтау.

  6. Науқасты жатқызу.

  7. Жараның жағдайын бағалау.

  8. Жараны антисептикпен өңдеңіз.

  9. 2мл 5% аналгин 1 мл 1% димедролмен бұлшық етке енгізіңіз.

  10. Қысылып тұрған жерге жақындау жерге жгут салыңыз, аяқты қысып тұрған затты алып тастаңыз.

  11. Аяқ-қолды бинтпен қаттылап байлап, жгутты шешіп,орнын ауыстырып білезік пен табанға бекітуді бастаңыз.

  12. Аяқ-қолдың үстіне мұзды мұйық қойыңыз.

  13. Зақымдалған аяқ-қолдың қыймылын шектеу үшін шина қойыңыз.

  14. Көк тамырға 400 мл реополиглюкин енгізіңіз.

  15. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.

  16. Қолымызды жуып, кептіру.

  17. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы