Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать

2.Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету

Анықтама: Асқазан ішек жолдарынан қан кету ол асқазанның әр түрлі ауруларының асқынуынан туындайды. Асқазан ішек жолдарынан қан кету жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Мақсаты:Емдік

Көрсеткіштері: Асқазан - ішек жолдарынан қан кету

Қарсы көрсеткіштері:Жоқ

Керекті құралдар:

  • Зембіл

  • Кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0

  • 5% аминокапрон қышқылы – 100 мл

  • 12,5% этамзилат ерітіндісі – 2 мл

  • Мұзды мұйық

  • Жастықша

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандырып

  2. Бір жақ қырымен аяқ жағын көтеріңкіреп жатқызу.

  3. Толығымен су және тамақ ішуге тиым салу.

  4. Ішке мұзды мұйық қою

  5. Мұздықты 15-20 минутқа қойылады, 2-3 минут үзіліспен қайталап қойылады.

  6. Қан тоқтатын дәрілер кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0 к/т енгізу.

  7. 5% аминокапрон қышқылы – 100 мл немесе 12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл к/т енгізу.

  8. Қанның 25% көп мөлшерде жоғалтқан жағдайларда: Полиглюкин 1,5 л дейін инфузия жылдамдығы 100 –150 мл\мин.

  9. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

3. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету (қан аралас қақырық).

Мақсаты:Емдік.

Көрсеткіші: Кеуде жарақаты, ісік, бронхоэктаз, туберкулез, абсцесс, жеңіл инфаркті, қан жүйесі аурулары.

Қарама-қарсы көрсеткіші: Жоқ.

Керекті құрал- жабдықтар:

  • Зембіл;

  • Кальций хлоридінің ерітіндісі 10%-10,0

  • -5% аминокапрон ерітіндісі - 2мл

  • Этамзилат ерітіндісі 12, 5% - 2мл

  • Мұзды мұйық

  • Жастықша

  • Залалсыздандырылған қолғап.

  • ҚКҚ

Асқынулары:

- Қансырау,қан жоғалту;

- АҚҚ төмендеуі,бас ауруы,әлсіздік;

- Геморрагиялық шок;

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жартылай отырғызу жағдайын туғызу;

  2. Физикалық және психикалык тыныштандыру;

  3. Қысып тұрған киімін босату;

  4. Кеудесіне мұзды мұйық, ылғалды орамал қою.

  5. Аяқ-қолдарына жгут байлау 20-30мин, пульс сезілу керек.

  6. Тұзды су беру (стакан суға 1,5 ас қасық тұз)

  7. Көк тамырға 10% 10 мл кальций хлориді ерітіндісін енгізу;5% 100 мл дейін аминокапрон қышқылын тері ішіне немесе 12,5% этамзилат ерітіндісі 2 мл;

  8. Ішіне мұзды мұйық қоямыз

  9. Хирургия бөлімшесіне тасымалдау

Нәтижесін бағалау:Қан аралас қақырық азайды, гемодинамика көрсеткіштері тұрақты

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы