Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать
  1. Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу. Бір реттік залалсыз қолғапты кию.

  2. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).

  3. Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу.

  4. Ауырсынуды басу үшін б/е трамадол -2,0 немесе 2% раствора промедол 2,0мл. ерітіндісін енгізіңіз

  5. Тері астына спазмолитиктер енгізу: атропин 0,1%-1,0мл және но-шпа 2%-2,0 мл ерітінділері

  6. Сұйықтықтар ішкізу: натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісі, өсімдік майы, сүт т.б.

  7. Құстырту

  8. Полиглюкин 300мл 30 мл 2% новокаин ерітіндісімен система арқылы к/т енгізу

  9. Қолғапты шешіп, ҚКҚ-ға тастау.

  10. Қолды жуып, кептіру.

  11. Шалқасынан зембілге жатқызып, реанимация бөліміне тасымалдау

  12. АҚҚ, пульсін бақылау

Нәтижесін бағалау: науқастың жағдайы мен гемодинамика көрсеткіштері бір қалыпты, ауырсынуы басылды

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

29.ABC жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

Мақсаты:тірілту,тыныс алу мен жүрек соғысын қалпына келтіру

Көрсеткіштері:Кездейсоқ жүрек тоқтауы,клиникалық өлім,электржарақат,суға тұншығу,

автокөлік апаттары,қайғылы жағдайлар

Қарама-қарсы көрсеткіші :кеш реанимация, ауыр созылмалы және онкологиялық аурулардын терминалды сатысы, қарттық кезең

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

-декортикация

-постреанимациялық синдром

-қабырғалардың сынуы

-тыныс алу жолдардың обтурациясы

Құрал жабдықтар: дәке салфеткалары,Амбу қабы

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың есін анықтау:

-Сізге не болды?- деп сұрау

-иықтарынан сілкеу.Есі жоқ.

2.Ұйқы артерияларынан қан айналымды анықтау.Пульс жоқ.

3.Тыныс алуын анықтау(еңкейіп тындау және кеуде қозғалысына назар аудару).Тыныс алу жоқ.

Егерде есі,тыныс алуы мен қан айналымы болмаса клиникалық өлім деп санап, жүрек-өкпе реанимацияға көрсеткіші шешім қабылдау.

4.Жедел жердем шақыру

5.Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

С (-circulation)-жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын жақсарту

  1. Науқасты тегіс қатты беткейде жатқызыңыз.Тізірлеп отырған қалыпта 2 қолыңызды кеуденің төменгі 1/3 бөлігіне, семсер тәрізді өсіндіден екі саусақ жоғары орналастырыңыз.

  2. Бір қол кеудеге негізгі алақан болып орналастырып, екіншісін оның үстіне қойып, ритмдік соққымен кеудені басыңыз. Кеуде торының иілу тереңдігі 4-5 см құрайды.

  3. Қолыңызды кеуде торынан алмай,босаңсытыңыз.

Массаждың жылдамдығы-100-120 рет минутына

А(airway) - тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру

Сафардың 3 тәсілін қолданыңыз:

  1. Науқастың басын артқа шалқайтыныз.

  2. Бір қолды науқастың мойын астына, екіншісін маңдайына қойыңыз.

Мойын омыртқасы зақымданған жағдайда үшінші әдісті қолданбайды.

  1. Төменгі жақты алдыңғы жоғары жаққа жылжыту,2 қолмен төменгі жақты тартамыз немесе бір қолды жақтың бұрыштарына қоямыз.

Аузын ашып, тексеріңіз. Басын қисайтып, науқастың аузынан дәкеге оранған саусақпен қан, шырыш, құсықтан тазартыңыз.

В(breathing)- тыныс алуды қалпына келтіру.

Егер тыныс жолдарының өткізгіштігі қалыпқа келгеннен кейін тыныс алу қалыпқа келмесе ЖӨВ жасалынады:Амбу қабымен немесе науқастың мұрынын қысып,ауызына алдын ала дәке салфеткасы жабылады содан кейін терең тыныс алып,аузына үрлеңіз.

Ескерту:Жасалған соққы мен өкпеге үрленген ауаның қатынасы 2:30 қатынасына тең, реанимация жүргізіп жатқан адам санына қарамай

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы