Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать

22. Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсету

Мақсаты: Механикалық асфиксияны, жедел өкпе тежелуін болдырмау.

Көрсеткіштері: Ентігу, тұншығу, тыныс алу тоқтауы.

Қарама-қарсы көрсеткіші: Жоқ.

Керекті құралдар:

  • Зембіл

  • Дюфо инесі

  • Трахеостомаға арналған жиынтық

  • Жергілікті анестетик: новокаин 0,5%-10,0

  • Залалсыздандырылған шприц 10,0 анестетик енгізу үшін

  • Скальпель, ұшы үшкір ілмек, Труссоның жара кеңейткіші

  • Залалсыздандырылған мақта шариктері

  • Спирт 95%, антисептикалық ерітінді

  • Қолғап

Асқынулары:

  • Есін жоғалту

  • Гипоксикалық кома

  • Клиникалық өлім

  • Жүректің, тыныс алудың тоқтауы

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастың жағдайын тез бағалау.

  2. Стеноздың 1-2 дәрежесінде науқасты саныңызға бетін төмен қаратып жатқызыңыз, кеудесі саныңызда жату керек, рефлокторлы түрде дем шығарту үшін жөтелуін сұрау, қолмен жауырын тұсынан ептеп итеру.

  3. Нәтиже болмаса зардап шегушіні арт жағынан құшақтап, кеуде тұсын қысыңыз.

  4. 3-4 дәрежелі стенозда науқасты жауырын астына жастықша қойып шалқасынан жатқызып, Дюфо инесімен трахеотомиялық пункция жүргізіңіз.

  5. Егер бұл әрекет көмектеспесе трахеостома қоямыз.

  6. Түтік айналасына залалсыздандырылған салфетка қоямыз, тыныс алу қиындағанда трахеостоманы тазалаймыз..

  7. Тыныс алу, АҚҚ, пульсті бақылау.

  8. Науқасты трахеостомиялық пункциядан соң жартылай отырғызып, ал, трахеостомадан соң жатқызып зембілмен хирургия бөлімшесіне жеткізу.

Нәтижесін бағалау: Науқас жағдайы жақсарған, АҚҚ бірқалыпты, тұншығу және ентігу басылған.

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

23.Пневматикалық жақтау салу

Мақсаты: Сүйек сынықтарының қан тамырларын, нерв жүйелерін зақымдандыруын болдырмау, ауру сезімін басу және жарақаттық шоктың алдын алу, тіндердің екіншілік зақымдалуы, екіншілік қан қету, жарақаттың инфекциялық асқынуы , зақымдалушыға ыңғайлы қалып жасау.

Көрсеткіштері:Жамбас,омыртқалар,аяқ-қол сүйектерінің сынықтары

Құрал- жабдықтар:

-Медициналық пневматикалық жақтау;

-Екіқабатты жылтыр герметикалық пленка,

- Ауа кіргізу үшін арнайы клапонды трубка

- Стерильді шприц

- Жансыздандырғыш дәрі- дәрмектер ( кетонал 2,0 мл немесе травмадол 2,0 мл)

- Зеңбілдер

Мүмкін болатын жағдайлар;

-Жарақат аймағындағы ауыру сезімі;

- Аяқ қолдарда қозғалыстың шектелуі;

- Тіннің қан тамырларының, нервтің сүйек сынықтарымен салдарлы зақымдануы;

- Жараның инфекциялануы;

Іс- әрекеті алгоритмі

1.Таңғыш салу алдында ауры сезімін басу (кетонал- 2,0 н/се трамадол 2,0 мл

2.Шинаны қабынан шығару

3.Шинаны аударып ашу

4.Клапандағы трупканы ашып 40-45 мм.рт.ст қысыммен ауыз арқылы шинаға ауа жіберу,

5. Осындай қысыммен шина қатты болады, ол зақымдалған аяқ қолды орнықтырып бекітуге жақсы ықпал жасайды;

6. Қолдардың зақымдалған кезде дәке немесе орамалмен қолды мойынға орап қою

7. Науқасты тасымалдау зембілде отырған күйде жүргізіледі

8. Пневматикалық шинаның мөлдір қабаты, зақымдалушының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді

9.Зақымдалушыны Емдеу орталығына жеткізгенен кейн, шинаны босатып ауасын шығарып, шинаны шешу

Нәтижені бағалау:Шинаның дұрыс бекітілуі, ауру сезімінің басылуы , зақымдалушының жағдайының жақсаруы

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

24.«Чепец» тәрізді жұмсақ байламды салу.

Мақсаты:Басты таңу.

Көрсеткіші:бас жарақаты кезінде маңдай мен желкені жабу.

Құрал жабдықтар: бинт ені 10 см, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты отырғызып, тыныштандырып, манипулияцияны тусіндіреміз.

  2. 80 сантиметрлік бинтті кесіп дайындаңыз.

  3. Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру,құлақтын алдында салбырап тұру керек,бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату.

  4. Бинттен ұзындығы 1метрдей бинті дайындаймыз байлауға,қосымша орташа бинт ені 10-12 см байлам кесіп алу.

  5. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинтттің басын оң жақ қолға алу. Маңдай, шүйде сүйектен бекітіп орамды өткізу.

  6. Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару сол жақ байламға дейін.

  7. Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.

  8. Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.

  9. Байламды екі рет айналдыра орамды бітіру, байламның бір жақ шетіне бинт байлау.

  10. Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

25. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы

Мақсаты: Жоғарғы буынның иммобилизациясы.

Көрсеткіштері: Бұғана мен жоғарғы буынның зақымдануы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Үшбұрышты орамал, түйреуіш. Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастың зақымданған қолына физиологиялық қалып беріңіз (қолды шынтық буынынан бүгіп, кеудеге жақындату).

  2. Үшбұрышты орамалды бұрышын өзіңізге қаратып, екі қолыңызға жайыңыз.

  3. Зақымдалған қолының қалпын өзгертіп алмай, үшбұрыштың бұрышын артқа қаратып, білекті орамалға жайғастырыңыз.

  4. Орамалдың бос шеттерін науқастың мойнының артқы бөлігіне байлаңыз.

  5. Орамалдың жоғарғы бөлігін иықтың алдыңғы бөлігіне түйреуішпен бекітіңіз.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

26. Мойынға крес тәрізді таңғыш салу.

Мақсаты: Мойындағы жараларды, таңғышпен бекіту.

Көрсеткіші:Мойынның жарақаты кезінде немесе операциядан кейін.

Құрал-жабдықтар: бинт 10-12см

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз.

2.Науқастың жарақатын қараңыз.

3.Операцияның бағытын түсіндіріңіз.

4.10-12см бинтті алыңыз

5.Бинттің ұшын маңдайдан бастап 2рет бекітіңіз.

6.Бинтті желкесінен төмен түсіріп мойынның алдына қарай түсіріңіз.

7.Қарама-қарсы жағын бинтті құлақтың сыртынан бастың бекіткен жағына қарай ораңыз.

8.Бірнеше тур қайталап біткенше ораңыз.