Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать

17.Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек көрсету

Мақсаты:Шоктың алдын- алу,тасымалдау дайындау.

Көрсеткіші: Жамбас сүйектерінің сынығы, жамбас қуысындағы ағзалардың зақымдануы.

Керекті құралдар:

  • Қатты зембіл

  • 25-30 см жастықша

  • Орамал

  • 2% промедол ерітіндісі.

  • Шприцтер

  • Залалсыздандырылмаған қолғаптар

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

    2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

    3. Науқастың келісімін алу.

    4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу.

    5. Залалсыздандырылмаған бір реттік қолғапты кию.

    6. Науқасты қарау,тыныштандыру.

    7. Жамбас сүйегінің сынығы бар екеніне көз жеткізу.

  1. Бұлшық етке ауырсынуды басу үшін 2 мл 2% промедол ерітіндісін енгізу.

  2. Науқастың омыртқа жотасын бүкпей 4 адаммен ауыстырып жатқызу.

  3. Науқасты абайлап арқамен зембілге немесе щитқа жатқызу.

  4. Тізе буынында аяқты бүгіп, аяқты екі жаққа алшақтату.

12. Бүгілген тізе астына жастықша қою.(Бақа тәрізді)

13.Тізені жастықшаға бекітіп, орамал бөлігімен немесе матамен байлау.

14. Көк тамырға 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиаминді енгізу.

15. АҚҚ, тыныс алуын, пульсін қадағалау.

16. Травматология бөліміне жатқызу.

Негіздену:

    1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

    2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

    3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

    4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

18. « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасы

Мақсаты: Емдік

Көрсеткіші:Беттің және астыңғы жақтың зақымдануы

Құрал-жабдықтар:

  • Бинт ені 10см

  • Қайшы

  • Залалсыздандырылмаған қолғаптар

  • ҚКҚ

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу.

  5. Залалсыздандырылған қолғапты кию.

  6. Науқасты қарау,тыныштандыру.

  7. Науқасты өзіне қаратып отырғызу,тыныштандыру,манипуляцияны түсіндіру.

  8. Бинттің ұшын сол жақ қолға, бинтті оң жақ қолға.

  9. Бастың маңдай,шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу- 1айналым.

  10. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру,әрі қарай самай арқылы құлақтың алдымен бастың төбе бөлігіне апарып қайта орау- 2айналым.

  11. 2-айналымды 3-4 рет қайталау.

  12. Бинтті шүйдеге түсіріп,бекітетін айналым жасау.

  13. Бас жақта бекітетін айналымдармен байламды бітіру.

  14. Бинт ұшын маңдай бөлігінде бекітіп аяқтау.

  15. Қолданылған қолғапты шешу ҚКҚ-ға тастау.

  16. Қолды жуып,кептіру.

  17. Науқастың жағдайын сұрау.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

19.«Дезо» байламын салу техникасы

Мақсаты: Емдік.

Көрсеткіші: Иық және бұғана жарақаттарында

Құрал жабдықтар :

  • Бинт 20 см

  • Қайшы

  • Түйрегіш

  • ЖҚЗ

  • ҚКҚ

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу.

  5. Залалсыздандырылған қолғапты кию.

  6. Науқасты өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, манипуляцияны түсіндіру.

  7. Қолтық астына жастықша салу.

  8. Жарақаттанған қолды шынтақ буынында тік бұрышта бүгіп,білекті денеге жақындату.

  9. Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті бекітіп жүргізу.(1-айналым)

  10. Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған бұғанаға қарай бинтті жүргізіп иықтың артымен өтіп білекті ұстау(2-айналым)

  11. Білектен сау қолтық астына апару.

  12. Арқа жағымен жарақаттанған бұғанаға апарып иықтың алдымен шынтақты ұстап арқа жағымен сау қолтық астынан шығу(3-айналым)

  13. Әр 2-ші және 3-ші айналымдардан кейін жақсы бекіту мақсатында 1-ші айналымды қайталау

  14. Қолданылған қолғапты шешу ҚКҚ-ға тастау.

  15. Қолды жуып,кептіру.

  16. Науқастың жағдайын сұрау.

Ескерту: Қолдың сол жағы жарақаттанса бинтті оң қол жағынан бастаймыз.Егер оң қол жарақаттанса, сол қол жағынан бастаймыз.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

20. Қысу арқылы таңғыш салу

Мақсаты: Венозды және капиллярлы қан кетуді тоқтату, бастың жұмсақ тіндерінің гемостазы.

Керекті құрал-жабдықтар: Дәке салфеткалар, қолғап, 10% повидон, мақта томпоны, бинт, антисептикалық ерітінді, 2 пинцет, спирт, ауырсынуды басатын дәрілер, КБУ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Қолды спиртпен өңдеу

2.Қолғап кию

3.Науқасты қарап, тыныштандыру

4.Науқастың жағдайын және жарақатын бағалау

5.Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіру

6.Науқасты ыңғайлы жатқызу

7.Жарақат аймағын 10% повидон мен өңдеу

8.Салфетканы құрғату

9.Жарақаттың үстін стерильді салфеткамен жабу

10.Стерильді салфетканың үстіне мақта томпондарын қою

11.Томпондарды бинтпен бекіту

12.Науқасты стационарға машинамен жеткізу, тасымалдау кезінде науқастың АҚҚ,пульсін,науқастын жағдайын қадағалау.

13.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастау

Ескерту: Венозды капиллярлы қан кету кезінде қысып таңу.Алғашқы медициналық көмекті госпитальді дәрежеде өткізу.

Негіздену:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

21.Бұрау салу арқылы техникасы

Мақсаты: Қан кетуді уақытша тоқтату

Көрсеткіштері:Артериялық қан кету

Керекті құрал-жабдықтар: салфетка, таяқша, қағаз, резеңке қолғап, таңғыш материал, бинт, КБУ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасты бақылап қарау, тыныштандыру, ыңғайлы қалып беру

2.Науқас жағдайы мен жарақатын бағалау

3.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіру

4.Науқасқа жоғарғы қалып беру

5.Қолды спиртпен өңдеу

6.Стерильді қолғап кию

7.Жарақаттан жоғары бұрау салатын жерге салфетка қою

8.Салфетканың ұштарын байлау

9.Таяқшаны қойып, қан ағу мен перифериялық жүйенің пульсациясы тоқтағанша бұрау

10.Таяқша ұшын байлап қою

11.Жарақат орнын өңдеп асептикалық таңғыш салу

12.Бұраудың үстінен бұрау салынған күнін және уақытын қағазға жазып қою

13.Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау

14.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастау.