Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледжі»

№ ___ Хаттама «__» ____2017 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген

Әдіскер_____ Ж.Ж.Сулейменова

«Хирургиялық аурулар»

пәнінен алгоритмдер тізімі

Бекітемін.

Директордың оқу-тәжірибе жөніндегі орынбасары .

____________ С.Г.Маштахова

«___» _______2017ж.

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Алгоритмдер тізімі:

  1. Бас ми жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.

  2. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету алгоритмі.

  3. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі (қан аралас қақырық).

  4. Артериядан қан кету кезінде резеңке жгут салу тәсілі

  5. «Екі көзге» байламды салу техникасы.

  6. Иық сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу

  7. Балтыр сүйегі сынғанда «Крамер » құрсауын салу.

  8. «Іш теспесі» кезінде жедел көмек көрсету.

  9. Омыртқа жарақатында көрсететін жедел көмек

  10. Гиппократ қалпағы байламын салу техникасы

  11. Иыққа «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы

  12. Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы.

  13. Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .

  14. Ұзақ жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек

  15. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.

  16. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу

  17. Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек.

  18. « Ноқта » тәрізді байламды салу техникасы.

  19. «Дезо» байламын салу техникасы.

  20. Қысу арқылы таңғыш салу.

  21. Бұрау салу арқылы техникасы.

  22. Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсету.

  23. Пневматикалық жақтау салу.

  24. «Чепец» тәрізді жұмсақ байламды салу.

  25. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы.

  26. Мойынға крес тәрізді таңғыш салу

  27. Білек сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу

  28. Өңеш күйігі кезінде жедел көмек көрсету

  29. ABC жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.

  30. Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек.

1. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсету

Мақсаты:Емдік.

Көрсеткіштері: Бас миының жабық жарақаты (мидың шайқалуы, соғылу, қысылуы, бас сүйектері негізінің және бет сүйектерінің сынуы)

Қарсы көрсеткіштер: Өмірге сәйкес емес ауыр жарақаттар

Керекті құрал- жабдықтар:

      • Зембіл;

      • Бір реттік шприц 5.0 анальгетиктер енгізу үшін;

      • Бір реттік шприц 20.0 дәрі - дәрмектерді енгізу үшін ;

      • Бір реттік шприц 2.0 гемостатикалық дәрі- дәрмектерді енгізу үшін

      • Гемостатикалық дәрілер (дицинон – 2,0: этамзилат – 2,0)

      • 40% глюкоза ерітіндісі 20,0, витамин С 5% 4мл немесе 25% магний сульфаты ерітіндісі;

      • Мұзды мұйық,

      • Залалсыз материалдар (шарик, салфеткада, мақта,бинт)

      • Электросорғыш;

      • Спирт, антисептикалық сұйықтық;

      • Залалсыздандырылған қолғаптар.

      • ҚКҚ

Пациенттің мүмкін болатын мәселелері:

  • есінен тану,шок, кома

  • қан кету

  • механикалық асфиксия, құсу;

  • жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі

Іс-әрекет алгоритмі :

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).

  4. Залалсыздандырылмаған бір реттік қолғапты кию.

  5. Науқасты горизантальды қалыпта бас жағын биіктетіп зембілге жатқызу,

  6. Қан кету кезінде қан тоқтату (саусақпен басу арқылы, жараның тығыз тампон арқылы,қысатын байлам), байлам салу, Гиппократ немесе Чепец таңғыш салу.

  7. Қан тоқтататын препараттар енгізу : дицинон, этамзилат

  8. Көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісі 20,0, витамин С 5% 4мл немесе 25% магний сульфаты ерітіндісі; егер қан қысымы төмендемесе;

  9. Басына мұзды мұйық қою

  10. Ес түссіз кезінде құсық массасымен және тілдің жұтылуынан механикалық асфиксияның дамуының алдын алу шараларын жүргізу: (басын бір жағына қарай бұру, ауыз қуысын механикалық жолмен, яғни салфеткамен немесе электросорғышпен сору) және тілді салфеткамен ұстап өзіне қарай тарту

  11. Қан қысымын, пульсін бақылау

  12. Бас жағын биіктетіп зембілге жатқызып, травматология бөліміне тасымалдау

  13. Қолғапты шешіп , ҚКҚ-ға тастау.

  14. Қолды жуып, кептіру.

Нәтижені бағалау: Науқастың қал жағдайымен гемодинамикасы жақсарды, қан кету тоқтатылды , жарақатқа таңғыш салынды, науқас дұрыс тасымалданғанды

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы