Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аружан турк мемлекеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
839.43 Кб
Скачать

Қыпшақ хандығы(11 ғ-13ғ)

Қыпшақтардың қазақ және басқа да түркі тілдес халықтардың қалыптасуындағы (этногенезіндегі) ролі зор. Оны орта ғасырлардағы этникалық топтар ретінде Алатай, Монғолия, Хорезм, Қазақстан тағы да басқа жерлерді мекендеуі ғана емес, сонымен қатар олардың маңызды этникалық компонент ретінде, бүгінгі өзбек, қарақалпақ, башқұрт, түркімен, алтай халықтарының құрамында болуы да дәлелдейді.

Б.з. II мыңжылдықтың басында ортағасырлық шығыстың мұсылмандық тарихнамасы мен Ежелгі Русь жылнамаларында Еуразия далаларының шығыста Алтай тауларының сілемдерінен басталып, батыста Карпат таулары бөктерлеріне дейін созылған алып аумағында көшіп-қонып жүрген негізгі халық атымен аталған «Дешті- Қыпшақ» немесе «Половецкое поле» ұғымы пайда болды. «Дешті - Қыпшақ » парсы тілінен «қыпшақтар даласы» деп аударылады. Бұл атауды XI ғасырдың парсы тілдес авторы, парсы ақыны Насир и - Хусрау берген.

Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы ұзақ әрі күрделі процесс болды. Ол бірнеше тарихи кезеңдерден тұрады. Бірінші, VII ғасырдың екінші жартысы - VIII ғасырдың соңы. Қыпшақтар қимақ бірлестігінің құрамында маңызды роль атқарды. Алтай таулары, Ертіс өзені бойын қоныстанған. Селенга өзені бойынан табылған Мойыншор құлыптасында (759 жылы) орхон жазуымен жазылған ұйғырлардың «Қыпшақтар бізге елу жыл үстемдік етті » деген жазбалары кездеседі. Екінші, VIII ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында қыпшақтар билікті өз қолдарына алды. Қимақ бірлестігіне енген тайпалар қыпшақ аталды. Үшінші, XI ғасырдың басы - XIII ғасырдың басы қыпшақтар батысқа жылжып, Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыз мемлекетін күйретіп, «Мафазат әл - Ғұз» Дешті Қыпшақ құрамына енді. Бұл Қыпшақ хандығының күшейген кезеңі.

Қыпшақ қоғамының басында хан тұрды. Хан ордасында ханның басқару аппараты орналасты. Қыпшақ хандығы әскери- әкімшілік жағынан ежелгі түрік дәстүрі бойынша екі қанатқа бөлінді: Оң қанат - ордасы Жайық өзені бойында және сол қанат - Сырдарияда, орталығы Сығанақ қаласы. Үстемі оң қанат болды. Билеуші әулет Елбөрілі тайпасынан шықты. Билік иерархиялық жүйеге негізделді: хан, тархан, югур, баскак, бек, және бай.

Қыпшақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Ибн Батутта «Қыпшақтардың малындай көп мал жер жүзінде жоқ » деп таң қалса, мұны батыс саяхатшысы Плано Карпини да «Қыпшақтар малға өте бай, жылқысы, түйесі, өгізі, қойы, сиыры көп...»,- деп қолдайды. Қыпшақ хандығындағы әлеуметтік сословиелік теңсіздік те малға жеке меншікке негізделді. Әл-ауқаттың өлшемі, байлықтың көзі табын-табын жылқылар деп есептелді. Қыпшақ аттары Ауғанстан, Иран, Үндістан, Египет, Византия базарларында үлкен сұранысқа ие болған. Деректер қыпшақ жылқылары жүз динар күмістен бес жүз динар күміске дейін сатылды деп көрсетеді.

Қыпшақтардың қолөнері негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қайта өңдеумен байланысты еді. Ол өнімдерден киіздер, арқандар, жүн маталар, сырт киімдер (тон, малақай, теріден аяқ киімдер), түрлі ыдыс- аяқтар жасалды.

Археологиялық деректер оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егінші аудандарымен көрші қыпшақтар арасында керамика ыдыс-аяқтарын өндірудің болғандығын, қыпшақ зираттарынан табылған әшекейленген ат әбзелдері, тұрмыстық металл бұйымдары темір кендерінің өндірілгендігін, өзіндік металл өңдеу дәстүрлерінің болғандығын көрсетеді. Белгілі ғалым Ә. Марғұлан бұл туралы былай деп жазады: «Орталық Қазақстанда сол кезеңнің бірнеше ежелгі кен орындары сақталған. Олардың қатарында ең алдымен Шығыс Қарқара ауданының Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы, Қарашошақ, Жалпақ I, Қарашұқыр бар».

Ортағасырлар тарихынан белгілі көшпелілер өмірінде аң аулау кәсібі маңызды роль атқарды. Қыпшақ қоғамының билеуші үстем тобы үшін аң аулау қызық қуу, демалудың бір түрі болса, негізгі қалың бұқара халық өмірінде көп жағдайда күн көрістің, тіршіліктің көзі болды.

Қыпшақ мәселесі Қазақстан мен Орта Азия немесе Алтай халықтары үшін ғана емес, сонымен қатар, Шығыс Еуропа, Египет, Үндістан, Кавказ елдері үшін де қызықты болып табылады. Оған қыпшақтардың орта ғасырлық тарихынан белгілі Мамлюктік Мысыр (Бейбарс), Хорезм (Иль-Арслан, Текеш, Мұхаммад) мен Үндістанда (Кутб ад Дин Айбек) билік басында қыпшақ өкілдерінің отыруы, Грузия, Венгрия, Хорезмде қыпшақтардан ірі әскер жасақтарының құрылуы дәлел.

Қытай, парсы, араб деректері, орыс жылнамалары және материалдық, рухани мәдениет ескерткіштері қыпшақтардың аталмыш елдер халықтарының этногенезі, саяси-экономикалық және мәдени өмірінде өшпес із қалдырғандығын дәлелдейді.