- •105 Группа
- •Түркеш қағанаты (704-756 жж.).
- •Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Оғыз мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ ортасы)
- •Қимақ мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ басы)
- •Қарахан мемлекеті(942-1210)
- •XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.
- •Қарақытайлар (1128-1213)
- •Наймандар, керейттер, жалайырлар
- •Қыпшақ хандығы(11 ғ-13ғ)
XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.
Қарақытайлар (1128-1213)
Қарақытайлар Орталық Азиядағы (Солтүстік Монғолия), Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген «қидан» тайпалары. Олардың батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде «қарақытайлар» деп аталады. 924 жылы қидандардың Ляо мемлекеті құрылады. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі алып аумақты алып жатқан бұл мемлекет 1125 жылы құлап, Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісу жеріне келіп қоныстанады. Осы кезде қарахан мемлекеті де әлсірей бастаған еді. Осыны пайдаланған Елюй Даши өз әскерлерін Жетісудың орталық аудандарына қарай енгізіп, Баласағұн қаласын басып алады. Баласағұнға жақын жерде өз орталықтарын Ғұз ордасын құрады. Сөйтіп қарақытайлар билігі тек Жетісу емес, бүкіл оңтүстікке тарайды.
Қарақытайлар Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесін сақтады. Ханның мұрагерлігі де сақталынды. Дегенмен қарақытайлардың басқару жүйесінде бір ерекшелік болды. Қарақытайларда тек ер адам ғана емес, сонымен қатар әйелдер де мұрагер бола алды. Егер гурхан қайтыс болған жағдайда, оның орнын басатын ер адам болмаса, әйел адам гурхан болып сайланған. 1143 жылы Елюй Даши қайтыс болып, билікке оның әйелі Табуян келген. Жеті жылдан кейін ғана билік оның ер жеткен ұлы Илеге тиеді. 1155 жылы Иле қаза болғаннан кейін, билікке Елюй Дашидің қызы Бұсұған келген.
Қарақытайлар жаулап алған жерлерінде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпаған. Сондықтан да жергілікті халық тарапынан онша қарсылық болмаған.
Кейін XII ғасырдың екінші жартысынан бастап қарақытайлар өзіне бағынышты халықтарға салық салуды күшейтеді. Халықты ашық тонауға кіріседі. Жетісудың егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған. Бейбіт қоныстарға шабуыл жасап, мал-мүлкін зорлықпен тартып алған. Мұның барлығы жергілікті халықтың наразылығын тудырды.
Қарақытайлар енді Қарахан мемлекетінің Орта Азиядағы иеліктеріне ауыз сала бастады. 1137 жылы Ходжент жанынада Қарахан әскерлеріне соққы береді. 1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлар мен қарахан әскерлері арасында шайқас болып, қарақытайлар бұл жолы да жеңіске жетеді. Бұқара қаласына басып кіреді.
1171-1172 жылдары қарақытайлар Хорезм жеріне қайта шабуыл жасайды. Оған Хорезм шахының келісім бойынша төлеуге тиісті алтын динардан бас тартуы себеп болды.
XIII ғасырдың басында қарақытайлар екі жақтан соққыға ұшырайды. Бірі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісіп қарақытайларға қарсы шығады. 1208 жылы қарақытайлар шығыста наймандардан жеңіліс табады. Сөйтіп ек жақтан соққыға ұшыраған Қарақытай өкіметі 1212 жылы құлайды.
Наймандар, керейттер, жалайырлар
IX-XII ғасырларда қазіргі Монғолия аумағын ондаған көшпелі түркі тектес және монғол тайпалары мекендеді. Бұлар керейт, найман, меркіт, ойрат, қоңырат, татар және монғол тайпалары еді. Осы тайпалардың ішінде кейбірінің Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. Олар найман, керейт және жалайыр тайпалары. Бұл тайпалардың негізгі мекендеген жерлері- Монғолияның орта және батыс аудандары болған. Х ғасырдан бастап Қазақстан аумағын қоныстана бастады.
Наймандар. Деректер VIII ғасырда Орхон өзенінен бастап Ертістің жоғарғы ағысы мен Алтай тауларына дейінгі аралықта сегіз тайпа бірлестігі мекендеген деп көрсетеді. Монғол тілінде «найман» - «сегіз» дегенді білдіреді. Сондықтан оларды монғолдар «найман» деп атап кеткен. Тарихшылардың басым бөлігі наймандарды түркі тектес халық десе, кейбір деректер оларды монғол тектес халықтар тобына жатқызады.
Найман мемлекеті XIIғасырдың ортасына таман құрылған. Сум қаласын Ә. Марғұлан Найман ұлысының әкімшілік орталығы болған деп есептейді. Алғашқы ханы Наркеш Дайын хан. Ол 1160-1203 жылдары басқарған. Мемлекеттің күшейген мезгілі Инаныш Білге ханның тұсы. Ол қарақытайлар үстемдігінен құтқарып, көрші елдермен сауда байланысын орнатқан. Инанч ханның қайтыс болуымен оның ұлдары Бұйұрық хан мен Даян хан арасында билік үшін талас басталады. Бұл хандықты әлсіретпей қоймады. Хандық екіге бөлінеді. Мұны монғол тайпаларының билеушісі Темучин пайдаланып, 1204 наймандарды біржола жеңіп, өзіне бағындырады. Жеңілген наймандар Күшлік ханның басшылығымен батысқа, Қазақстанның шығысына Алтай, Ертіс маңына барып қоныстанады. Ал 1218 жылы Жетісуға қоныстанған наймандар монғол билігін мойындайды.
Керейттер. Жазба деректердің жазуынша Керейт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойын мекендеген. Батысында наймандармен көрші тұрған.
XII-XIII ғасырлардағы көшпелілер шежіресі – «Монғолдың құпия шежіресінің» мәліметтеріне сүйенсек, XIғ. аяғы-XIIғ. басында керейттер мен монғол хандығы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болған. Олар бірлесе отырып меркіт, наймандарға қарсы шабуыл жасаған.
Керейт хандығының орталығы қазіргі Улан Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған.
XI ғасырдың екінші жартысында Керейт хандығының құрамына мына сегіз аймақ кірген: Керей, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун
Керейт мемлекетінің гүлденген тұсы X –XIIғасырлар аралығы, Маркус пен оның ұлы Құршақұз хандар билігі тұсы.
Керейт хандығының орталығы Құршақұз ханның күйеу баласы Сарық билігі тұсында Орхон өзенінің бойына Қарақорым қаласына ауысады.
XII ғасырдың аяғында Керейт мемлекеті екі бөлікке бөлінеді. Керейт билеушісі Торы мен Шыңғысхан арасындағы достық қатынас ұзаққа бармады. 1202 жылы олар өзара жауласып, Шыңғысхан керейттерді басып алады. Керейттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасқан.
Жалайырлар. Жалайыр тайпалары туралы жазба деректер өте аз. Монғол деректерінің жазуынша жалайырлар Селенгі, Хилок өзендерінің бойында, Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген.
Монғол шежірелері жалайыр тайпасынан шыққан, ақын, әрі шешен Мұқылайды Шыңғысханның жақын досы болған деп көрсетеді. Шыңғысхан Мұқылайды өзіне көрсеткен адал қызметі үшін «күй үн чінсан тәйжы» деген атақ беріп, сол қанатының түменін (әскерін) басқартқан.
Деректер Шыңғысханның серттескен ең жақын досы Жамұқаның 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» деп жариялап, таққа отырғанын жазады. Мұны естіген Шыңғысхан ашуланып, керейттер ханы Торымен одақтасып, Жамұқаны талқандап, жалайырларды қол астына қаратады.
Бұл тайпалардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Сонымен қатар көшпелілер өмірінде аң аулау маңызды роль атқарды. Негізгі мал түрлері жылқы, сиыр, қой болды. Көшіп-қону кезінде дөңгелекті арбаларды қолданды. Көліктің бұл түрі түрлі заттарды тасымалдау үшін ғана емес, сонымен қатар жығылып-жиналмайтын киіз үйлерді алып жүру үшін де тиімді болған. Жорық кезінде керейттерде сегіз дөңгелекті хассақ арбалар пайдаланылған. Оларда есік, кереге, уық, шаңырағы алтынмен көмкерілген «Алтын үйлер» тиелген. Байкал, Орхон, Сэленгэ өзендері бойын мекендеушілер аздап егіншілікпен де айналысқан. Деректерде осы тайпалар негізін қалаған Қарақорым, Ақбалық, Найман сум, Байбалық, Түндік, Қарабалық сияқты қалалардың да аттары аталады. 1007 жылы наймандар мен керейттер христиан дінінің шығыста тараған несториандық тармағын қабылдады.
