- •105 Группа
- •Түркеш қағанаты (704-756 жж.).
- •Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Оғыз мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ ортасы)
- •Қимақ мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ басы)
- •Қарахан мемлекеті(942-1210)
- •XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.
- •Қарақытайлар (1128-1213)
- •Наймандар, керейттер, жалайырлар
- •Қыпшақ хандығы(11 ғ-13ғ)
Қимақ мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ басы)
Қимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.
840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Қимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.
10 ғ. ортасынан бастап, қимақ қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Қимақ тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.
Қимақтарда жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіреулері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Қимақ қағанының Ертістегі ордасы Қимақияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған.
11 ғ. басында Қимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
Қарахан мемлекеті(942-1210)
Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ,шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар кейін қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Жетісу мен батыста Испиджабқа, шығыста Қашғарға дейінгі алып аумақтағы саяси оқиғалармен, қарлұқ мемлекетінің құлдырауымен тікелей байланысты. Осы аумақтағы шиеленіскен саяси жағдайды Қашғар билеушісі Сатұқ (915-955 жж.) пайдалана білді. 942 жылы ол Баласағұнды алып өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Осы жылдан Сатұқ негізін қалаған Қарахан мемлкетінің тарихы басталды. Сатұқ исламды қабылдап Дослан Қарахан лауазымын алды. 955 жылы билік Сатұқтың ұлы Мұсаның қолына өтті. Мұса қаған 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялады. Бұл исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған тұңғыш түрік мемлекеті еді. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болды. Сатұқ Боғра ханның екінші ұлы Сүлеймен ілік Баласағұнда билік жүргізді.
Қарахан билеушілері көрші елдердегі жағдайды өз пайдаларына шеше білді.Соның бірі Орта Азиядағы саяси жағдай еді. Х ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядағы саманилер әулетінің үстемдігінің әлсіреуін пайдаланып, Қарахан билеушілері бірнеше жорық ұйымдастырады. Хасан Боғра хан Испиджабты, Самани әулетінің астанасы Бұхара мен Самарқандты басып алады. 992 жылы Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алады, ал 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Мәуереннахрды біржола бағындырады.
Қарахан мемлекетіндегі билік екі ірі этносаяси бірлестік шігілдер мен яғма көсемдерінің қолында болды. Олар Арслан (Арыстан) және Боғыра (Түйе) лауазымдарын иеленді.
Қарахан мемлекетінің негізгі құрылысы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс бөліктерден тұрды. Жоғарғы билік шығыс бөліктің қолында болды. Шығыс иелік аумағы Жетісу мен Шығыс Түркістан болып, билеуші ставкасы Қашғар мен Баласағұнда орналасты. Билеуші шігіл тайпасының өкілі, Арслан Қарахан лауазымын иеленді. Батыс бөлік кіші қағанның қолында, ол Боғырахан лауазымын иеленіп, яғма тайпасынан шықты. Батыс иелікке Мәуереннахр аумағы кірді. Кейін XI ғасырдың 40-жылдары Ибраhим ибн Насыр тұсында Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа Шығыс және Батыс қағанаттарына түпкілікті бөлінуі аяқталды.
Қарахандар иеліктері батыста Амудария мен Сырдарияның орта ағысына дейін, шығыста Қашғар, солтүстікте Тараз маңынан өтіп оңтүстікте Мәуереннахрға дейін созылды.
Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс ұсақ үлестерге бөлінді. Үлес билеушілері «ілік», «тегін» лауазымдарына ие болды. Қаған билігін жоғарыда аталған іліктер шектеді. Қағанға ең жақын адамдардың бірі уәзір еді. Билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Оның ішінде сатылы жүйе, яғни ағасынан інісіне берілді..
Ислам дінінің мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне тың өзгеістер әкелді. Жаңа мешіт ғимараттары салына бастады. Атақты адамдар басына күмбездер тұрғызылды. Олардың қатарында Айша бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері бар. Қалаларда шығыс моншалары бой көтерді.
