- •105 Группа
- •Түркеш қағанаты (704-756 жж.).
- •Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Оғыз мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ ортасы)
- •Қимақ мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ басы)
- •Қарахан мемлекеті(942-1210)
- •XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.
- •Қарақытайлар (1128-1213)
- •Наймандар, керейттер, жалайырлар
- •Қыпшақ хандығы(11 ғ-13ғ)
Қарлұқ мемлектеі (776-940)
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын.Түргештердің әулеттік руларының саяси билігінің әлсіреуі Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлер Суябты басып алды.Бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпалын кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде Тань әскерлері зор шығынға ұшырады.Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті.Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтебер деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер барысхандар, түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі жабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды Шығыс Tүркістандағы түріктер Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік Қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Оғыз мемлекеті (9ғ соңы – 11ғ ортасы)
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында Оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек- тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы (10 ғ) оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғу» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күлеркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен ұшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғуы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжұқтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, Оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
