Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аружан турк мемлекеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
839.43 Кб
Скачать

СРСП №2

105 Группа

Нұрмағанбет Аружан

Түркі мемлекеттері

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н. Ә. Назарбаев

«Түркі» этнонимі туралы аз сөз

Түркі көсемдерінің есімдері мен мемлекеттердің атаулары қытай жазбаларында кездеседі. Тарих атасы Геродоттың жазбаларында Тарғытай, Тариғатай деген скиф есімдері жазылған. Інжіл жазбаларында Нұхтың баласы Яфес әкесінің рұқсатын алып, Зюд тауынан Еділ және Жайық өзендерінің жағалауына көшеді. Ол жерде 25 жыл тұрып 8 баласын қалдырады: Тюрк немесе Түрк, Хузяу, Камар, Тарх немесе Барыж, Соклат, Рус, Меисик. Олардың ішінде Түрк барлық жерлердің мұрагері болып қалады. Оның 4 баласы болған. Үлкен ұлы Түтек Сыр өзенінің бойында Алатау тауының маңында өмір сүрген. Түрктен түркі атаулары пайда болса, Рустан – рус атаулары тараған. Скифтардың жерлері інжіл жазбаларында Туражлер, Таурутта – Яфестің немересі(Ияпис) , Иафета – Тогхарман деп жазылып, түркі атаулары екендігін көрсетеді. Мұсылман жазбаларында да Яфис туралы деректер кездеседі. Оның баласы Турок болған делінеді. Фирудинның Турадж яхут, якут Тур деген баласы болғандығы жазылған. Осыдан Тұран деген атаудың пайда болуы әбден мүмкін. Байқасаңыз, түркі атауы көне дәуірден бері кездеседі, және түркілерді басқа халықтан ажырату үшін қолданғандығы анық.

Әдеби және тарихи дағдыға түркі сөзін «аспан түркілері» енгізген . Күлтегін жазуларында олар өздерін «түркі» халқы деп атайды . «Түркі» сөзінің мағынасы туралы әр түрлі пікір қалыптасқан. Біреулер «Тұр» сөзін – түрегеп тұру, яғни өзінің заңды орнында тұрған адам, тәртіпті жауынгер деп түсіндірсе, кейбіреулер мықты, қайсар, күшті деп келтіреді. Бұл – ең қарапайым анықтамасы. Біз үшін «түркі» сөзі көптеген тайпалар мен рулардың ортақ атауы екенін білу жеткілікті. Түркі тілі орал-алтай тілдер тобына жатады, және финн-угор мен мадьяр-венгр тілдеріне жақын. Алтай тілдеріне моңғол, манчжур, кәріс және тарихи алыс орналасуына байланысты жақындығын жоғалтқан жапон тілі де жатады. Бірақ барлық осы тілдердің ортақ атасы – көне алтай тілі.

Орта Азия түркілер үшін қасиетті жер болып саналады. Өйткені бұл жерден барлық түркі халықтары мен тайпалары бастау алады, олардың мәдениеттері мен тарихтары бірігеді . Түркілер көне заманда Хан Тәңірі мен Алтайды мекен еткен. Түркілер мекен еткен Тұран мен Түркістан жерлері Сібірден Шығыс Еуропаға дейін созылып жатыр.

Ежелгі түркілер. Түрік қағанаты.

«Түркі» атауы. Қағанаттың құрылуы. Б.з. – дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ерте түркі) немесе көне түрік дәуірі деп атаймыз. Ежелгі түркілердің шығу тегін көне аңыздар мен жазбалар Ұлы Даланың тұрғындары – турлармен байланыстырады .

Алғаш «түркі» атауы қытай деректерінде 542 жылы кездеседі. Қытайлықтар түркілерді ғұндардың (хунну) ұрпақтары деп есептейді.

Генеалогиялық аңызға сәйкес, түркілердің алғашқы ата-бабасы – он жастағы ұл бала халықты жаулары қырған кезде жалғыз аман қалған екен – мыс. Баланы қасқыр асырап алып, кейіннен сол баладан он ұрпақ тарайды. Қасқырдан тараған әулет деп, оларды «Ашина» (қасқыр) атаған. Ескі сына жазуларында түркілер өздерін «он оқ будун» деп те жазады. Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдіреді. Бұлар ақырында бүкіл жергілікті тайпаларды біріктіріп, оларға түркі (түрік, түрк) деген атау берді (мүмкін тур, туран атауын жаңғыртқан болар). Орталық Азия аумағында түркі тайпалары он шақты мемлекет құрды.

Осы кезеңнен Орталық Азияның тарихи сахнасында түркі этносы үстемдік ете бастады. Оларды шығыстан қытайлықтар, солтүстігінен– маньчжурлар, батысынан ирандықтар, оңтүстігінен- тохар тайпалары қоршап жатты. VI ғасырдың ортасына дейін түркілер жужандарға (аварлар) бағынған еді.

Түркі үстемдігінің орнауы ашиналардың Жоңғарияны мекендеген теле тайпаларын бағындыруымен байланысты болды. Ашина әулеті күшейген кезінде түркілер Жужан қағанына елшілік жіберіп, ханшайымын қалыңдыққа беруді өтінді. Бұған Жужан қағаны былайша жауап берді: «Сен – темір балқытушы құл. Қалай мұндай өтінішке аузың барды?!»

Басталып кеткен соғыстың аяғында жужандар 552 жылы толық талқандалды және көп бөлігі қырылды. Осы кезден бастап Ұлы Далада Түрік билігі орнап, құдіретті Түрік қағанаты пайда болды.

Түркі – ашина елінде VI ғасырдың ортасында билік еткен Бумын түркі мемлекетінің негізін салып, 552 жылы ол қаған атағын алды. Ол көшпелі түркілерді Түрік қағанатына біріктірді. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті. Түрік қағанаты құрамында қырғыз, қыпшақ, оғыз, кай, қидан т.б. тайпалар болды.

580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.

Батыс түрік қағанаты (603-704жж.).

Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.

Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.

Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.

Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахнасына көтерілген кезі Шегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.

Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы - қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар» деп аталған.

Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.

Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.

Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған.

VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта- күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта - түн ортасында осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді.

Сондай-ақ мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті жақсы дамыды. Қазіргі Моңғолия жерінде көк түріктердің 220 қаласының орны бар көрінеді. Араб географтары кимектердің белгілі 16 қаласы, қарлұқтардың 25 қаласы бар деп жазды.

Батыс Түрік қағанаты өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.

Алайда «он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушеби) мен сол қанаты (5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты. Бұған 657 жылы Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай экспансиясы қосылды. Тақ әулетіне қарсы соғыс бірнеше жылға созылды. 657 жылы түрік әскерлері Ертіс бойында жеңіліп, қағанның өзі Шаш өлкесіне бой тасалады. Қарамағындағы ұлыстар ыдырап кетті. Осы кезден бастап өз дамуында күшейіп алған Тақ әулеті Шығыс және Батыс Түрік қағанаты жерлерін толығымен өз ықпалында ұстап тұруға ұмтылды. Империяның қол астындағы халықтарды ұстап тұру үшін түрік ақсүйектерін өз жағына тартып, сенімді өкіл ретінде басқақ, тұтық лауазымдарын үлестірді.

Тақ империясы қағанаттың жерін екіге бөліп, оны «қуыршақ» қағандар арқылы басқарды. Тақ империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды.

Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» — «он оқ елі» аталды.

Екінші Түрік қағанаты кезеңі және оның атақты билеушілері (683—745). Бірақ Батыс Түрік қағанаты құлағанымен, Шығыс түріктері Қытай билігін мойындамай тәуелсіздік үшін күрестерін жалғастыра берді. 679—689 жылдары Шығыс түріктері Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Шығыс түріктері қағаны Елтеріс—Құтлық қаған, көмекшісі, кеңесшісі Тоныкөк кезінде Екінші Түрік қағанатын қайта құрды. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл биледі» дейді. Екінші Шығыс Түрік қағанаты және оның негізін салған Тоныкөк жайындағы деректі Тақ әулеті шежіресінен, Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштегі тас жазудан оқуға болады. Онда 646 жылы дүниеге келген, шыққан тегі теле бірлестігіне қарайды делінеді. Тоныкөк жас кезінде Қытайда оқыған көрінеді, ол Шығыс Түрік қағанатының үш бірдей ханына уәзір болды.

Күлтегін (686—731) — Екінші Түрік қағанатын құрушы Елтеріс-Құтлық қағанның ұлы. Екінші Түрік қағанатын құруға атсалысқан қолбасшылардың бірі. Ол 16 жасында, демек, 702 жылы Тақ империясының 50 мың қолын талқандап, әскербасын тұтқынға алады. 706 ж. ағасы Білге қағанмен түріктердің қолын бастап, Хуанхэден өтіп, астана аймағына қауіп төндіреді. Жазудың көркемдік нақышына қарап, оның өз заманының атақты шебер хатшысы болғандығын көруге болады

Ежелгі түркі билеушілері бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерлерін қайта біріктіру үшін күресті. Мемлекеттің орталығы — Ханғай таулары. Батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті. 691 жылы белді қолбасшы Елтеріс өлгеннен кейін Қапаған қаған кезінде әскери-саяси құдіреті күшейіп, кемеліне жетеді. Солтүстік Қытай, Қидандар, Енисей қырғыздарын бағындыру (709—710), түркештерді жеңу Қапағанды Орталық Азияның қожасы етті.Бұдан соң, 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді. Қапағаннан кейін ел билеген Білге, Күлтегін (686—731) сияқты ағайынды қағандар Қытаймен соғыста тағы да жеңіске жетіп, шекаралық сауда жақсы дамыды. 731 жылы Күлтегін қайтыс болды, 734 жылы Білге де у беріліп өлтіріледі. Білге қаған Күлтегіннің қайтыс болғанын ести салысымен, оған арнап ескерткіш құрылысын салуға Тақ императорынан көмек сұрады. Бұдан Күлтегін мен Білге қағандардың Түрік мемлекетін сақтап қалу үшін Тақ империясымен жақсы қарым-қатынаста болғандығын атқаруға болады. Тақ патшасы да Білге қағанды жерлеу рәсіміне ткөмектеседі.

Көк түріктер құрған Екінші түрік қағанатын 744—745 жылдары Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар (тоғыз оғыз конфедерациясы) талқандады.

Қазіргі Моңғолиядағы Орхон өзені бойында ағайынды билеушілерге тас белгі қойылып, оған қағанаттың тарихы қашап жазылды. Күлтегін мен Білге қаған мәңгі тасындағы жазбаларды Иоллығ тегін жазды.