- •105 Группа
- •Қазақ хандығы және хандар
- •Нұрсұлтан Назарбаев
- •Хадықтың ішкі жағдайы
- •Керей мен Жәнібек хандар
- •Қасым хан кезеңі
- •Хақназар хан кезеңі
- •Тәуекел хан кезеңі
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •«Есім ханның Ескі жолы»
- •Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
- •1711 Жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқандқа әскер жөнелтеді. Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
«Есім ханның Ескі жолы»
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түптеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі даулардың бірі – кісі өлімі. Кісі өлімі үшін құн алынған. Есім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген кісіге өлтіруші жақ құн төлеуге міндетті. "Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы (6 түйе)" кесілген. Ол барлық еркек үшін бай, кедей, жас, кәрі демей бәріне бірдей сол дәуірде бұл алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның мынадай түрі болған:
1.Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар есептеледі, олардың құны үшін екі кісінің құны (200 жылкы, 12 түйе) кесілуі керек.
2. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мысалы өлген адамның сүйегі туған-туысқанының қолына түспей, жоқ болып кетсе, ол үшін екі адамның құнын төлеулері керек.
Қазақ қоғамындағы екінші бір үлкен дау – жесір дауы. Есім ханның заңы бойынша жесірге сол рудан адам таңдауына рұқсат етіледі. Егер таңдаған адамы бас тартса, онда әйелдің басы босап, қалың малы қайтарылады.
Қазақ қоғамында мал-мүлік дауы да ерекше орын алған. Есім ханның заңында: «Мал-дүние ұрлаған ұрылардың ұрлық үстінде қолға түскендеріне: киімін тонап, көлігін аударып алған, қорлықпен байлап, сабап берген ақірет-азалары жоқталмайды. Егер де ұрының денесінің бір жеріне кемістік келтірілсе, көзі шықса, қолы сынса, құлағы кесілсе, сақалы жұлынса, т.б. ол кезде зәбір беруші жағы ұрыға тиісті айыбын тартатын болады», - делінген.
Есім ханның шығарған заңында жер-су, жайлау-қыстау, көшу-қону қоныстары туралы болып тұратын күрделі дау-жанжалдарды шешуге белгіленген заңның жол-жобалары бар. Есім хан занында мұрагерлік, мирасқорлық мал мөлшері анық айтылған. Мирасқорлыққа бөлінетін мал-мүліктердің бөліну мөлшері: туған ұлдарына – екі еседен, туған қыздарына, баласыз әйелдеріне – бір еседен, өгей балаларына – жарты еседен, есігінде еншілес болып жүрген құлы яки күңі болса – ширек еседен сыбаға тиісті.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға.«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
Салқам Жәңгір хан
Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 — 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды.
12 жасар Жәңгір хан осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барды. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатты. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасады. Жәңгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болды. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игерген Жәңгір ханды Батыр қонтайшының Өргесіне келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті.
Осы шайқаста бар жоғы 600 қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір ханның даңқын шартарапқа жеткізді. Жәңгір хан жоңғар билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де күш салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ сұлтандар басқарып барды.
Оқыс оқиға 9 жылдан кейін Жәңгір ханды ауыр жарақатқа душар етті. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі, Жәңгір ханның қалмақтың жас батыры, Церен ханның ұлы Ғалдаманың сілтеген шоқпарын бойына дарытуына себепші болды. Осы жекпе-жекте мертіккен Жәңгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтардың «Салқам Жәңгір» деп атауы осыдан. Жәңгір ханның денесі Түркістанда, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне таяу жерге жерленіп, басына кесене тұрғызылған. Бірақ аталмыш кесене сақталмаған.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.
Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халық жасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды болмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұмыла біріккен, қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алауыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. 1718 жыл – Аягөз шайқасында
Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті.
