- •Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
- •Құрметті мұғалім!
- •Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
- •Тарау: Экожүйелер Тақырып: Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (Микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).
- •Тақырып: Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйенің алмасуы.
- •Тақырып: Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.
- •Тақырып: Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.
- •Тақырып: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің қр Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.
- •Тақырып: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер
- •Тақырып: Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану.
- •Тақырып: Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
- •Тақырып: Микро (мырыш, темір, селен, фтор ) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.
- •Тақырып: Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).
- •Тарау: Заттардың тасымалдануы
- •Тақырып: Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі.
- •Тақырып: Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.
- •Тақырып: Жануарлардағы қанайналым мүшелері : буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.
- •Тақырып: Фотосинтезге қажетті жағдайлар.
- •Энергия көзі.
- •Тақырып: Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар.
- •Тақырып: Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында.
- •Тақырып: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері. Бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және өкпесі.
- •Тақырып: Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс жолдары құрылысы және газалмасу мүшелері.
- •Тақырып: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).
- •Бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
- •Тақырып: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
- •Тақырып: Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.
- •Тарау: Қозғалыс Тақырып: Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары).
- •Тақырып: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері . Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.
- •Тарау: Координация және реттелу Тақырып: Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.
- •Тақырып: Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейрон құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.
- •Тақырып: Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
- •Тақырып. Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі.
- •Тақырып: Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.
- •Тақырып: Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.
- •Тақырып: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және тез ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі.
- •Тақырып: Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі . Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Стресс. Стрестік жағдайлармен күрес және олардың алдын алу әдістері.
- •Тақырып: Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі және наркотикалық заттардың әсері.
- •Тарау: Тұқымқуалау мен өзгергіштік Тақырып:Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен днқ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.
- •Тақырып: Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы днқ жайлы түсінік.
- •Тақырып: Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы днқ жайлы түсінік.
- •Тақырып: Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар.
- •Тарау: Көбею. Өсу және даму Тақырып: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы.
- •Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
- •Тақырып: Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).
- •Тақырып: Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.
- •Тақырып: Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю.
- •Тақырып: Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбий рөлі. Жылдық сақиналар.
- •Тақырып: Жануарлардағы онтогенездің тура және түрленіп даму типтері
- •Тақырып: Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
- •Тақырып: Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы.
- •Тақырып: Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.
Тақырып: Жануарлардағы қанайналым мүшелері : буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.
Оқу мақсаты 7.1.3.6 Жануарларда заттар тасымалына қатысатын
мүшелерді танып білу
Бағалау критерийі Білім алушы
Жануарларда заттар тасымалына қатысатын
мүшелерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
(а) Ағзалардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттаңыз.
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін салыстырып, ағзалардың қанайналым жүйесіндегі өзгерістің себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− омыртқасыз жануарлардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін салыстырып, өзгерістің заңдылықтарын түсіндіреді.
31
Тарау: Тірі ағзалардың қоректенуі
Тақырып: Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші, суды буландырушы және газ алмастырушы арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы
мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды
Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі
арасындағы өзара байланысты түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
1-тапсырма
Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.
(а) Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз.
(b) Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. Жауабын кестеге толтырыңыз.
№ Құрылым атауы |
Атқаратын қызметі |
Дескриптор Білім алушы
− жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды; − жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін
сипаттайды.
32
Тақырып: Фотосинтезге қажетті жағдайлар.
Оқу мақсаты 7.1.2.2 Фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Фотосинтез үдерісін және қажетті жағдайларды
зерттейді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
1-тапсырма
Оқушыға фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу тапсырылды.
(а) Суретті пайдаланып, жұмысқа болжам жасаңыз.
Зерттеу нәтижесінде фотосинтез жүргенін қалай анықтауға болатынын түсіндіріңіз.
(с) Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− зерттеу жұмысының болжамын ұсынады;
− фотосинтез кезінде жүретін үдерісті түсіндіреді;
− фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды сипаттайды.
34
2-тапсырма
Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап жазыңыз.
Фотосинтез қандай үдеріс?
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған кім?
Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?
Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
Дескриптор Білім алушы
фотосинтез ұғымын түсіндіреді;
фотосинтездегі хлорофилдің рөлін сипаттаған ғалымды атайды;
фотосинтез өнімі түзілетін жапырақ бөлімін атайды;
фотосинтез жүретін ұлпаны анықтайды.
35
Тарау: Тыныс алу.
Тақырып: Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу –
