Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7сынып қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Тақырып: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері . Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.

Оқу мақсаты 7.1.6.2 Жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін

түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы

 Жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіреді

 Өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты

бейімделуін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

1-тапсырма

Суретке қараңыз.

Екі түрлі жағдайда өсірілген бақбақ өсімдігі

(а) Берілген өсімідіктерге жарық қалай әсер еткенін (өсімдіктің өсу жағдайы) түсіндіріңіз.

  1. Өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты бейімделушіліктерін сипаттаңыз. (с) Төменде берілген сипаттамаларды гелиофиттер мен сциофиттерге жіктеңіз.

    1. күннің тікелей түсуінен қорғанады

    2. ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өсетін

    3. жапырақтары сабаққа көлденең орналасады

    4. қараңғыда өмір сүруге бейімделген өсімдіктер

    5. эпидерма жасушалары ірі, бірақ сыртқы қараған жасуша қабығы жұқа

    6. жапырақтарындағы борпылдақ жасушалар бірнеше қабатты

    7. қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өсетін өсімдіктер

    8. жапырақтарының эпидермисі қалың

    9. жапырақтарындағы борпылдақ жасушалар бір қабатты

    10. жапырақтарындағы жүйкелену саны аз

    11. жапырақтарының қалың балауызды қабаты болады

    12. жапырақ тақтасында көп лептесіктері бар

50

M. жапырақ тақтасында лептесіктер саны аз

Жарық сүйгіштер (гелиофиттер),

Көлеңкеге төзімді (сциофиттер)

  1. Төмендегі А және В суреттерінен гелиофиттер мен сциофиттерге тән жапырақ құрылысын анықтаңыз, жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • сурет бойынша өсімдіктің өсу жағдайын түсіндіреді;

  • өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты бейімделушіліктерін сипаттайды;

  • өсімдіктердің сипаттамаларын жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімділерге жіктейді;

  • жапырақтың ішкі құрылысына қарай жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімділігін түсіндіреді.

51

Тақырып: Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі.

Оқу мақсаты 7.1.6.3 Өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы

 Өсімдіктердегі фотопериодизм ұғымын анықтайды

 Өсімдіктердің жарық күннің ұзақтығына бейімделу

ерекшелігін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі

1-тапсырма

(а) Төменде берілген суреттегі үдерісті атаңыз.

  1. Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдіктердің бейімделу ерекшелігін түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • өсімдіктердегі фотопериодизм ұғымын анықтайды;

  • ұзақ күндік өсімдікдің бейімделу ерекшелігін түсіндіреді.

  • қысқа күндік өсімдіктердің бейімделу ерекшелігін түсіндіреді.

52

Тақырып: Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалыс тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

Оқу мақсаты 7.1.6.4 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың

қозғалыс мүшелерін салыстыру

Бағалау критерийі Білім алушы

 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың

қозғалыс мүшелерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

1-тапсырма

Суретке қараңыз.

(а) Қаңқалардың түрлерін анықтаңыз.

  1. Қозғалыс мүшелерінің атауын жазыңыз.

(с) Жануар түрлерінің қозғалуын сипаттаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • жануарлардың қаңқа түрлерін анықтайды;

  • жануарлардың қозғалыс мүшелерін анықтайды;

  • жануарлардың қозғалу үдерістерін сипаттайды.

53