- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы ____________________ Буланова р.К.,
- •Кафедра меңгерушісі ____________________
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •Негізгі әдебиеттер
- •7. Бақылау:
- •9. Оқытушымен жұмыс.
7. Бақылау:
- Компьютерде тестілеу;
- Студенттердің практикалық дағдыларын тексеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Деректер базасы не үшін арналған? (үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтау және өңдеу үшін)
2.Деректер базасының анықтамасын беріңіз және оның мағынасын түсіндіріңіз. Деректер базасына мысалдар келтіріңіз. (деректердің құрылымдалған белгілі бір тағайындау жиынтығы; мысалы аспаздық рецептер)
3. Деректер базасы қандай объектілерден құралған? (өріс, жазба, кесте)
4. Өрістің анықтамасын айтыңыз және өрістерді мысалға келтіріңіз. (сипатталған объекті немесе үрдісті сақтауға арналған қарапайым ДБ объектісі; мысалы, тегі, есімі...)
5. «Өріс» объектісіне арналған қандай деректер форматы бар? (мәтіндік, сандық, мерзім/ уақыт, есептегіш...)
6. «Өріс» объектісін қандай параметрлер арқылы мінездеуге болады? (өрістің аты, деректер форматы, көркемдеу түрі).
7. Жазба деген не? (логикалық түрде байланысты өрістердің жиынтығы) (сипатталған объектілер мен объектілер классы қасиеттерінің сипаттайтын, логикалық түрде байланысқан өрістердің жиынтығы).
8. «Жазба» объектісін қандай параметрлер сипаттайды? (құрамына еңген өрістердің түрлері мен саны).
9. Кесте деген не? (бір құрылымды жазбалар жиынтығы). (атауымен, жазбалар құрылымымен, жазбалар санымен).
10. «Кесте» объектісін қандай параметрлер сипаттайды? (атымен, жазбалар құрылымымен, жазбалар санымен).
11. Деректер базасының құрылымын қалай түсінесіздер? (бір классқа жататын объектілердің қасиеттерін сипаттайтын, атаулары бар өрістер жинағы).
12. ДҚБЖ деген не және оның негізгі функциялары неде? (ДБ жұмысты ұйымдастыру үшін құрылған, арнайы бағдарламалар кешені; қолданушыға деректерді іздеуге, іріктеуге, түрлендіруге және редакциялауға мүмкіндік береді).
13. ДҚБЖ қандай негізгі құралдарын білесіз?
Жазбалар және өрістермен жұмыс істеуге арналған құралдар (жазбаларды іріктеу, оларды экранға шығару, фильтр).
ДБ бейнеленуін басқару құралдары (тізім режимі,пішін режимі)
Деректерді өңдеуге арналған құралдар (іздеу/ауыстыру, іріктеу,топта, фильтрациялау)
Деректерді шығару құралдары (есеп ).
9. Оқытушымен жұмыс.
- Қателік жіберілген кезде, не түсініксіз жағдайлар болған кезде оқытушыға ескерту керек;
- Сабақ соңында орындалған жұмыстың нәтижесін оқытушыға көрсетіп, сынақ баға алу керек.
