Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 апта жазба жұмысы Алтоша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.79 Кб
Скачать

Джон Локктың өмір жолы және педагогикалық көзқарасы

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философыэмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. 29 тамыз 1632 жылы Англияның батысындағы Рингтон қаласында адвокаттың отбасында туған. 1646 жылы Вестминстер мектебіне қабылданды. 1652 жылы мектепті үздік бітірген Локк Оксфорд университетіне түсіп, 1656 жылы бакалавр дәрежесіне, ал 1658 жылы — магистр дәрежесіне еге болады.

1667 жылы лорд Энтони Эшли Купердің (граф Шефтсбери) отбасылық дәрігер және оның ұлының тәрбиешісі болып қызметке тұрады. Осы жылдардан бастап Локктың саяси өмірге қызығушылығы пайда болып, «ағылш. A Letter Concerning Toleration», тағы басқа жазба жұмыстарын бастайды. Граф Шефтсберидің тапсырмасы бойынша Локк Солтүстік Американың Каролина провинциясының ата заңының конституциясының («ағылш. Fundamental Constitutions of Carolina») жазылуына қатысқан. 1668 жылы Локк Корольдік қоғамының мүшесі болып, 1669 жылы — оның кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Локктың ең бастапқы қызығушылықтары жаратылыстану, медицина, саясат, экономика, педагогика, мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынастары, дінге еріктілік мәселесі және ұждан бостандығы болған. 1671 жылы Локк «ағылш. An Essay Concerning Human Understanding» («Адамның санасы туралы тәжірибе») атты еңбегін жаза бастайды. 1672 - 1679 жылдары Локк Англияның мемлекеттік мекемелерінде түрлі лауазымды қызметтерін атқарады. Дегенмен Локктың карьерасы граф Шефтсберидің қоғамдағы жағдайны тікелей байланысты болады. 1675 жылдан 1679 жылдың ортасына дейін денсаулығының жағдайына байланысты Локк Францияда ем қабылдайды. 1683 жылы Локк граф Шефтсберидің ізіме Голландияға эмиграция жасайды. 16881689 жылдары Англиядағы Glorious Revolution төнкерісінің нәтижесінде таққа Вильгельм III Оранский отырып, Локк Англияға 1689 жылдың басында қайта оралады. 1690-шы жылдары Локк тек қана саяси өміріне араласпай, ғылыми және әдеби жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстарды осы жылдары жазған.

XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды. XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл револю-цияның ерекшелігі сол-ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді. сондықтан ол іри бастаған феодалдык қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Ұстаздық етті. Джон Локк ағылшын философы және педагог. Ол өзінің "Тәрбие туралы ойлар" атты еңбегінде тәрбиеге көзқарасын айқындайды. Іскерлік сапасы кең, ауқымды білімімен үштастыра білген, өзіне-өзі сенген адамының бейнесін жасаған. Манері сыпайы, адамгершілік жағынан сенімді көрегендер, оның педагогикасының кейіпкерлері осылар. Ол тәрбиенің психологиялық негізіне және адамгершілік қалыптасуына ерекше назар аударды. Ол баланың туа пайда болатын сапасын жоққа шығарды, ол баланы "Таза тақтаға" (tabula rasa) теңеді, оған жазуға да сызуға да болады. Алайда оған тәрбиенің күшін пайдалану тиімді. Д. Локк болашақ "көрегендерге" қандай да қол өнермен айналысуды, парфюмер бұйымдарымен,лактаумен, гравирлеумен айналысуды ұсынды. Алайда, ол ғылыми практикалық білімдер жүйесіне ерекше көңіл аударды. Оның педагогикалық теориясының негізгі бөлігі өтілетін пәннің мазмұнын талдаумен байланысады. Сондай-ақ, оның практикалық қолданылмалы мәнін аша түскен жөн. Атап айтқанда, оқудың орталығы көрегендер мен білімділер даярлайды.

Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы (1712-1778)  "Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта бергім келеді, ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық тоқтальш жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр". (Ж. Ж. Руссо).

Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д.Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді.

Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеаддықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оку тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортага, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады. Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобинцілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне "Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр" деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен ишейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді.Өзі төменгі сословиеде шыққан Руссо қарапаиым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді. Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған "Адамдар арасындагы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді "Қоғамдық шарт" деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніңдегі бұрыннан ұсыныльш келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - "Адамдардың табиғи жағдайда болуы" дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің "табиғи праволарын", еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет етеді деп сенген үкіметі, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдык, шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді. Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольді тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі құран еді. Руссо адамда-адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті.