Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 апта жазба жұмысы Алтоша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.79 Кб
Скачать

Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар

ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Батыс Еуропа елдеріндегі педагогика мен мектеп, адамзат тарихы үшін шешуші экономикалық және әлеуметтік жағдайларда дамып отырды. Феодализмнің әлеуметтік институттары мен идеологиясы тәрбие мен білім берудің, ғылым мен техниканың дамуына тежеу жасады. Ал, ол өз кезегінде қоғамның ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді. Билік, білімі бардың қолында емес, байлығы бардың еншісінде болды. Осы қайшылықтар уақыт өте келе шиеленісе берді. Осы кезде жаңа қоғамдық және рухани құндылықтар қалыптасып, адам мен әлем тұжырымдамалары қайта қарастырыла бастады. Сословиелік мектепті сынға алуда үлкен үлес қосқан Ағарту кезеңінің өкілдері еді. Бұл уақытта тәрбие мен оқыту арқылы адам баласын дербес және тәуелсіз етуге, адамның рухани табиғатын жаңартуға бағытталған көптеген педагогикалық трактаттар жарыққа шықты. Педагогикалық проблема ғылыми зерттеулердің басымдылығына айналды. Жаңа педагогикалық ойлар педагогиканы зерттеудің жеке саласына айналдыруға, педагогикалық процестің заңдылықтарын табуға тырысты. Адамға, тәрбие мен оқытуға деген жаңа көзқарастар сонау ХІV-ХVІІ ғғ., Қайта Өрлеу мен Реформация кезеңдерінде қалыптаса бастады. Жаңа заман басында (ХVІІғ.-ХVІІІғ. басында) қоғамдық салада діни көзқарастардан зайырлы көзқарастарға көшу тенденциялары байқалды, енді педагогикалық жүйенің жоғары құндылығы ретінде - адам, оның қасиеттері мен қабілеттіліктері анықталды. Ф.Энгельс ол туралы былай деп жазған: «догманың, діни құқықтың орнын адам құқығы басты». Жаңа замандағы білімнің маңызыдылығының артуы педагогикалық ойлардың дамуына өз әсерін тигізді. Жаңа педагогикалық ойлар өзінің қорытындыларын эксперименталдық зерттеулер мәліметтеріне негіздеуге тырысты. Ағылшын ғалымы Фрэнсис Бэкон (1561-1626), ғылыми танымның мақсаты - бірізді эксперименттер негізінде табиғат күштерін меңгеру деп түсінді. Адамның табиғаттан үстемдігін жариялай отырып, оны сол табиғи ортаның бөлшегі ретінде қарастырды, яғни таным мен тәрбиенің табиғатпен үйлесімділігі принципін мойындады. Неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратихия) (1571-1635) оқытудың табиғатпен үйлесімділігін дәлелдеуге тырысты, оны қарапайым және белгіліден күрделі және белгісізге қарай дедукивтік қозғалыс ретінде қарастырды. В.Ратке «Всеобщее наставление» еңбегінде әрбір адамның бақытты өмір сүруі үшін білім қажеттілігін көрсете отырып, оны іске асыру үшін демократиялық білім беру мекемелерінің ашу маңыздылығын айтады. Вольфганг Ратке білім берудің әдіснамасын құрастырды. Ол ғылыми педагогикалық зертеулерді ұйымдастырудың және білім беру мазмұнын құрастырудың критерийлерін анықтады. Ратке алғаш рет педагогика ғылымына “дидактика” терминін енгізді. Ол дидактиканың пәнін тұлғаны дамыту туралы ғылым ретінде кеңейтті. Жаңа заман педагогтары арасында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) орны ерекше. Гуманист-философ, қоғамдық қайраткер, ол ортағасырлық ғылым мен мәдениетте, тәрбие мен білім беруде орын алған діни догмаларға қарсы күресте үлкен еңбегін сіңірді. Ян Амос Коменскийді заңды түрде қазіргі педагогиканың атасы деп атауға болады. Ол бірінші болып тәрбие мен оқытудың заңдылықтарын тауып, жүйеге келтірді. Алғашқы болып дидактиканың ғылыми негізін құрастырған Коменский еді. Оның терең мазмұны бар педагогикалық еңбектері бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Олар: «Ұлы дидактика», «Ана мектебі», «Лабиринт света и рай сердца», «Всеобщий совет об исправлении дел человеческих» және т.б. Коменскийдің сонау ХVІІ ғасырда енгізген педагогикалық идеялары бүгінгі педагогикалық теория мен практикасы үшін өзекті болып табылады. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту проблемалары ғана емес, сонымен бірге тәрбие (адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де орын алды. Осы еңбегінде ол сенсуалистік педагогикалық принциптерге үлкен мән берді. Бұл принцип, бүгінгі оқыту тәжірибесінде «дидактиканың алтын ережесі» деп қарастырылады. Коменский алғашқы болып сынып-сабақ жүйесін құрастырған болатын. Сонымен бірге ол жалпыұлттық мектеп мәселесін, мектеп ісінің жоспарлануы мәселесін, білім беру сатыларының адам жасына сай болуы мәселесін, тіған тілде оқыту мәселесін, гуманитарлық білімнің ғылыми-техникалық біліммен үйлесімділігі мәселелерін өз еңбектерінде көтерді. Коменский тәрбиеде табиғатпен үйлесімділік принципін, педагогикалық процесті ұйымдастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді енгізді. Коменскийдің дидактикасында табиғатпен үйлесімділік принципі табиғатқа еліктеу идеясына негізделген, яғни педагогикалық заңдар табиғат заңдарына сәйкес болу керек. Өзінің «Выход из школьных лабиринтов» еңбегінде, Коменский табиғат пен тәрбиенің заңдарының бірлігіне негізделген оқытудың төрт сатысын қарастырады: бірінші – автопсия (өзбетімен байқау); екінші – автопраксия (практикада қолдану); үшінші – автохресия (меңгерілген білім, іскерлік, дағдыны жаңа жағдайларда қолдану); төртінші – автолексия (өз әрекетінің нәтижелерін өзбетімен баяндау). Коменскийдің педагогикасының фундаментальді идеясы – пансофизм идеясы болып табылады, яғни өркениеттің жинастырған барлық білімді жалпылау және осы білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгілерге қарамастан барлық адамдарға туған тілдерінде жеткізу. Өзінің «Лабиринт света и рай сердца» (1625) еңбегінде Коменский адамды өмір лабиринтімен келе жатқан жолаушы ретінде қарастырды. Бұл лабиринтті сәтті өту үшін, адам қоғамға пайда әкелетін білімді меңгеруі керек деп көрсетеді.