Есеп № 11
Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.
науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Бас ауруы, құлағындағы шу, әлсіздік, ұйқышылдық, галлюцинация, тері мен шырышты қабаттың жер түстес болуы. Гемоглобин әртүрлі тотықытрғыштардың әсерінен метгемоглобинге айналады – Нв-ң патологиялық туындысы, О2-мен берік бай-п, оны тіндерге жібермейді. Тіндерде оттегінің азайғанынан АТФ азайып әлсіреу болады. Гипоксияға ми тіні сезімтал келеді, сондықтан әртүрлі бұзылыстармен көрінеді.
Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?
Қанда метгемоглобинді анықтауға болады, ол үш валентті темір ионынан тұрады. Гемдік гипоксия дамыған.
науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?
Артерияда рО2 – төмендеген, қанның оттегіге сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырым – бірдей.
патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
Алдындағы есепте.
Есеп 12
Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқаста тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, эритроцит - 4,5х1012/л, қанның оттегіге сыйымдылығы – 12 көл.%. Жүректің минуттық көлемі - 4 л.
науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Тері мен шырышты қабаттардың алқызыл түсі, естен тану, оксигемоглобин көрсеткіштері.
Оксигемоглобиннің метгемоглобинге тотығуы(улы газдар – көміртегі тотығы, азот тотығы), оксиНв-ң артериялық ж/е веналық қанда салыстырмалы азаюы, қанның оттекке сиымдылығының азаюы, метгемоглобиннің тіндерге оттекті тасымалдамауы, тіндердегі гипоксия, алқызыл түс, мидың зақымдануы, естен тану, тыныс ж/е жүрек қ.т. орт-ң тежелуі, брадикардия, ЖМК төмендеуі.
Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?
Науқас қанында метгемоглобин н/е карбоксигемоглобин ан-уы мүмкін – олар оттекті тасымалдау қызметінен айырылған. Гемдік гипоксия дамиды.
науқаста оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз.
Арт-ғы окси-Нв – төмендеген, венадағы окси-Нв – төмендеген, қанның оттекке сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырмашылық – қалыпты(салыстырмалы төмендеген).
патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
Жоғары барометрлік қысымда оттекпен дем алдыру, карбогенмен дем алдыру, төмен барометрлі камераларда гипоксияға машықтандыру.
