№ 1 есеп
Бала 3 жаста, жіті ауырып, әлсіздік, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, Бала басының ауыратындығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарап, ұртынан, терісінің қатпарларынан, денесінің екі жанынан, ішінің төменгі жағынан ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, бадамша бездері қызарған, ұлғайған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған адаммен байланыста болған. Балаға жәншау диагнозы қойылды. Пенициллин тобы антибиотиктерімен ем бастады. Бір аптадан соң бөртпелер жойылды, дене қызымына қалпына түсті.
1 |
Науқастағы жұқпалы аурудың сатыларын көрсетініз |
Инкубациялық кезең |
Хабаршы |
Айқындалу |
Аяқталу |
2 |
Осы жұқпалы аурудың сатыларын сипаттаңыз |
Инфек-ң организмге енуі, аурудың ешқандай белгі бермеуі |
Аурудың бейнақты белгілерінің п.б селқостық, үйқышылдық, қалтырау |
Ашық қызыл түсті бөртпе сияқты |
Пеницилин енгізгенде сауығады |
3 |
Аурудың арнайы белгілерін көрсетіңіз |
Қызыл түсті белгілердің п.б |
Жедел кезеңнің жауабына тән белгі |
селқостық, үйқышылдық |
|
4 |
Антибиотикті енгізгенде қандай емдеу ұстанымы негізделеді |
Ауруды туындатқан себептік байланыстарын себепкер ықпалды анықтап осы себепкер ықпалға қарсы ем қолд-ы. Бұл жерде инф-қ ауруды бактерия қоздырғандығтан, бактерияға қарсы пеницилин қолд-ы. |
|||
5 |
Коммуникациялық дағды |
|
|
|
|
№ 2 есеп
Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?
Туристің өкпесі қабынуына қандай себеп әкелді? Осы аурудың жағдайы қандай?
Пневмония себебі – пневмококктар. Аурудың септік жағдайы – нөсер жаңбыр, суық температура.
Ауру себебі мен жағдайына анықтама беріңіз.
Ауру себебі - ауру дамуында міндетті болатын, сол ауруға тән арнайы симптомдарды айқындайтын ықпал.
Ауру жағдайы – ауру пайда болуына септесетін, оның ұзақтығы мен ауырлығына әсер ететін, ж/е оның пайда болуына кедергі келтіретін жайттар жиынтығы.
Ауру себебіне сипаттама беріңіз – пневмококк – Грам + , ұсақ, қозғалмайтын, ланцет пішінді диплококк.
Ауру туындауында себеп пен жағдайдың маңызы қандай, монокаузализм және кондиционализм түсініктерін сипаттаңыз.
Ауру туындауында себеп міндетті болады, аурудың арнайы әйгіленімдерін анықтайды. Септік жағдай – ауру туындауында маңызы төмен, бірақ оның пайда болуына септеседі.
Монокаулизм – ауру себептері туралы материалисттік көзқарас, оған тек қана себептің әсері болатын қолдайды.
Кондиционализм – ауру себептері туралы идеалисттік көзқарас, оған тек маңыздылығы бірдей жағдайлар(шарттар) белгілі санының әсерін қолдайды.
№ 3 есеп Пол Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
Не себепті бірінші топ жануарларда биіктік ауруы дамып, екінші топта бұл белгілер байқалмады?
Б
іріншісі
– ауамен толтырылған бар-к қысымды
азайтқанда рО2
азайып гипоксемия тырысу – биіктік
ауруы.
Е кіншісі – О2 толтырылған бар-к қысымды азайтқанда рО2 салыстырмалы түрде жеткілікті – биіктік ауруы байқалмайды.
Биіктік ауруының патогенезін құрастырыңыз. Патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Биіктік ауруы патогенезінің кері айналып соғу шеңберін көрсетіңіз, анықтама беріңіз.
Биіктік ауруы патогенезінде бейімделу тетіктерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Р
р О2
г
ипоксемия
дистрофия(зат алмасуының соңғы өніміне дейін жүрмеуі),қышқыл жиналуы
мет.ацидоз
тыныс, жүрек-қантамыр орталығы қозуы
т
ахипноэ,тахикардия
с
имп.жүйе
тонусы гипокапния
т
егіс
салалы б.е. тонусы , газдық
алкалоз
А
Қ
, қанның қордан шығуы
эритроцитоз, тотыққан Нв тыныс, жүрек-қантамыр орталығы тежелуі
О
2-ні
беруі жеңілдейді
ан.гликолиз
АТФ брадипноэ,
брадикардия
О2 жетіспеушілігінен ОЖЖ
тежелуі(тыныс орталығы)
Өлім
Негізгі тізбек – патогенездің басқа тізбектернің дамуына әкелетін тізбек.
Кері айналып соғу шеңбері – аурудыңүдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы.
№4 есеп.
1 жастағы балада, 35 жастағы және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты? – топтық реактивтілікке – балалық шақта реактивтілік төмен, орг-ң кемелденуіне бай-ты жоғарылайды, қарттық шақта реактивтілік қайтадан төмендейді.
Науқастағы реактивтілікке жауап түрін анықтаңыз, жауапты негіздеңіз.
Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.
1-гиперергиялы, жедел, айқын симптомдармен өтеді.
2-гиперергиялы
3-гипоергиялы, созылмалы, айқын симптомдарсыз;
Организм реактивтілігі мен төзімділігіне анықтама беріңіз.
Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсеріне тұтас орг-ң, жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті.
Резистенттілік – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы.
Науқастардағы жауаптың түрін анықтаңыз.
Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.
Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз.
Балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы себебі:
Сыртқы ж/е ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуі;
Жүйке ж/е эндокриндік жүйелердің жетілмеуі;
Иммундық жүйенің толық жетілмеуі;
Ересек жастағы реактивтіліктің жоғары болуы себебі:
Жүйке жүйесі толық дамыған;
Тосқауылдық жүйелердің жетілуі;
Иммундық ж/е басқа қорғану мүмкіншіліктерінің жақсы жетілуі;
Қарттық шақтағы реактивтіліктің төмендеу себебі;
Икемделу-бейімделу жүйесінің тез қалжырауы;
Иммундық жүйесі жеткіліксіз;
Тосқауылдық қасиеті төмендеген;
Есеп № 5.
Аурудың алдын алу мақсатында пациент емханаға келді. Шағымы жоқ, қарап тексергенде қандай да бір дерттік ауытқулар анықталған жоқ. Қорытынды шешім қабылдау үшін қаны мен зәрін тапсыруға клиникалық зертханаға жолдама берілді. Зертханада дәрігер лаборант эритроциттерінің айқын гемолизін анықтады, қан жағындысындағы бұзылмаған эритроциттердің пішіні сфералық түрде болды. Істің мән жайын анықтау барысында белгілі болғаны қан алу кезінде оны сұйылту үшін натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданған.
Жасуша мембранасы зақымдануының патогенезін атаңыз. Алдыңғы есепте.
Науқаста эритроцит ыдырауының патогенезін көрсетіңіз.
Г
ипотониялық
ерітінді
П лазмада осмостық қысым , эритроциттердегі осмостық қысым одан жоғары
Пламзмадағы сұйықтықтың эритроциттерге енуі
Эриторциттердің ісінуі, мембранасынының жыртылуы
Гемолиз
Эритроциттер не себепті шартәрізді күйге айналды?
Судың эритроцит ішіне көптеп енуіне байланысты.
Жасуша зақымданғандағы бейімделу тетіктері (10-нан кем болмасын):
Анаэробты гликолиздің артуы;
ТФ-ға қатысатын ферменттердің активтенуі;
Митохондрия гипертрофиясы;
АТФ тасымалына қатысатын ферменттердің активтенуі;
АТФ энергиясын пайдаланатын ферменттердің әсерленуі;
Жасушаның энергияға деген мұқтаждығын азайта тоырып, қызметін шектеуі;
Энергияның қатысуымен өтетін процесстер тежелуі;
Микросомалық ферменттердің белсенденуі;
Интерферондардың активті синтезі;
Буферлік жүйелердің активтенуі, ҚСҮ қалыпқа келуі;
Антиоксиданттық жүйенің активтенуі;
ДНҚ-ң активті репарациялануы;
Зақымдалған бөлшектердің қалыпқа келуі;
Есеп 6.
Науқас Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Гипогликемиялық кома дамыды.
Берілген жағдайдың даму сатыларын көрсету.
Нейрондарда энергия көзі ретінде пайдаланылатын жалғыз зат – глюкоза. Оның жеткіліксіздігінен оларда энергия тапшылығынан, мидың функциясы бұзылып, естен тану болады.
Глюкозаның жасушада тапшылығынан нейрон зақымдану патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
А ртық мөлшердегі инсулин гипогликемия глюкозаның нейрондарға аз мөлшерде түсуі субстратты гипоксия БТ ж/е ТФ тежелуі АТФ син-ң азаюы нейрондардың зақымдануы кома
Берілген жағдайда нейрондардың осмостық зақымдануы бар ма? Жауапты негіздеу.
Глюкоза осмогенді молекулаларға жатады. Оның қандағы мөлшері азаюынан, қанның осмостық қысымы азайып, нейрондардағы салыстырмалы жоғары осмостық қысым әсерінен олардың ішіне көптеп су кіріп, олар ісініп, зақымданады.
Есеп № 7.
Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырау, «құстың терісіндей», тамыр соғысы 98 рет мин, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
Науқаста дене қызымы көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
Науқаста асқын қызба болып жатыр – 40, 41 ж/е одан жоғары.
Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Этиологиясы экзогенді-инфекциялық. Пневмококктрдың токсиндері(экзогенді пироген) лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.
Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?
Темп-ң көтерілу сатысына тән.
Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Бұл кезде шеткі қ.т. тарылады, жылуды сыртқа за шығарады, сон-тан қан қозғалу жыл-ы азайып, бозару, жергілікті темп-а төмендеген, құрғақ болады, зат алмасудан АТФ-ке қарағанда жылу өндірілу артық болады, сон-тан б.е. еріксіз жиырылады, қаотырау болады. Терідегі түктердің тегіс б.е. жиырылып қалуынан, түктер тікірейіп, құс терісіндей болады. Симп-қ жүйке жүйесі қозудан жүрек соғысы артады.
Есеп №8.
Миокард инфарктымен ауыратын науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары анықталды.
Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Этиологиясы эндогендік инфекциялық емес. Некроз ошағында лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар гидролазалық ферменттерді, интерлейкин-1 ж/е т.б син-п, катиондық нәруыздар, жедел жауап нәруыздары пайда болу арқылы қызбаны көтерді.
Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары пайда болу патогенезін түсіндіріңіз.
Некроз ошағында қабыну үрдісі басталып, лейкоцит, макрофаг, моноциттер активтеліп , сол жерге жылжиды, олар медаторлар(ИЛ-1, ИЛ-6, ӨНФ, гамма-интерферон) бөліп шығарады. Ал ол медаторлар жүйелі әсер етеді. Гипоталамусқа әсер етіп қызба, гипофизге әсер етіп АКТГ, симп-қ жүйке жүйесін қоздырады, бауырға әсер етіп жедел жауап белоктарының син-н арт-ы, сүйек емігіне әсер етіп, лейкоцитоз, иммунды жүйеге ісер етіп лимфоциттердің активтілігін көтереді.
С-реактивті белок, сарысулық белок А, фибриноген, гаптоглобин лимфоциттерді активтейтін, комплемент жүйесін активтейтін, бактериялардың лизисін тудыратын, қабыну шақыратын ісер етеді.
Қызбаның сатысын атаңыз, әр сатыда жылу реттелу өзгерістерін көрсетіңіз.
Көтерілу сатысы – жылу өндіру жылу шығарудан жоғары болады, шеткері қ.т. тарылады, симп-қ жүйке қозады, парасимп-қ – тежеледі, зат алмасу артады, АТФ син-не қарағанда жылу көп өндіріледі.
Жоғары деңгейде тұрақтану сатысы – қызу реттелуі жаңа жоғары деңгейде теңеседі. Жылу өндірілу де, шығару да арта түседі: тері қызарады, ысыйды, тыныс алу жиілейді.
Қалыпты деңгейге түсу сатысы – жылу шығару жылу өндіруден артады, тері қ.т.-ы кеңейеді, терлейді, жиі тыныс алу арқылы темп-ы қалыпты деңгейге түсіріп алады.
Миокард инфарктында дене қызымы көтерілуінің қорғаныстық маңызы бар ма?
Неуроз ошағындағы уды залалсыздау мақсатында макрофаг, лейкоцит, моноциттер ферменттер бөле бастайды, осы эндогенді пирогендердің арқсында дене қызымы көтеріледі. Бұлар гипофиз қоздыру арқылы симп-қ жүйені қоздырады, АКТГ син-н артырады, ол өз кезегінде бүйрек үсті безінің функциясын жоғарылату арқылы орг-ң төзімділігін көтереді, адаптациялық фунция.
Есеп № 9
42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, цианоз, аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез төмендеген. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған.
Науқаста су тепе-теңдігі бұзылысының қай түрі дамыды?
Жүректен шығатын қан көлемінің азаюына бай/ты ісіну.
Плевра мен іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?
Гидроторакс ж/е асцит(іш шемені).
жүректік ісінудің даму тетіктерін келтіріңіз және патогенездің негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Жүректік ісіну жүректің созылмалы ақауларында(ишемия, қақпақша дефектісі, эндокардит ж/е т.б.), қанның реологиялық қасиетінің өзгерістерінде(қан ұюыту жүйесінің ұюға қарсы жүйеден басым болуы), көктамырлардың эмболиясында(тромб, өспе тіні) пайда болады.
