Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Кеден-органдарында-басқаруды-ұйымдастырудың-теориялық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Қорытындылар мен ұсыныстар.

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.

1991 жылы республиканың кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен шекараларда кеден бақылауын жасау қажеттiлiгi туды, "ашық шекара" деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен - 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша кедендiк және шекаралық шарттылықтарды орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған кедендiк өткiзу орны болған жоқ. Қазіргі кезеде Қазақстан кеден шекарасында 65 кеден бекеті, 62 авто өткізу бекеттері, 19 теміржол өткізу бекеттері бар. Елдің ішінде 46 ресімдеу бекеттері бар, халықаралық рейстерге 7 бақылау бекеті қадағалау жасайды.

Ресей Федерациясы кеден шекарасы арасында 46 кеден бекеті, 24 бақылау өткізу бекті (КПП) бар.

Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара ұзындығы 715 км. ОҚО облысы мен Өзбекстан Республикасы кеден шекарасы арасында 11 кеден бекеті мен 26 авто көлігін өткізу бекеттері бар. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темiр жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:

121 автомобиль;

28 темiр жол;

12 авиациялық;

1 теңiз ("Ақтау" теңiз порты) еткiзу пунктi жұмыс iстейдi.

Қазiр кеден органдарында бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кiруiнiң қажеттiлiгi кеден қызметiн жетілдіруді талап етедi. Бұл жетілдірудің негізгі мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң ұсыныстары құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келiсiмдер талаптарына жауап береді.