Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.07 Кб
Скачать

25 Жасар жігіт аурхананың жақ бет хирургиясы бөлімшесінде емделіп жатыр. Үш күн бұрын себепші 4.7 тіс жұлынып, іріңді ошақ төменгі жақасты аймағын тіле отырып ашылды.

Клиникалық тексеру кезінде төс сүйегінің асты ауыратынын, әлсіздігін, жөтел мен ентігудің пайда болғанын шағымдайды. Науқас мәжбүрлі жағдайда отыр. Тахикардия, беткей тыныс алады. Терісі салқын, бозарып кеткен.

Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыған?

*жедел бронхит

*септикалық шок

*+алдыңғы медиастинит;

*септикалық пневмония

*ауыз қуысы түбінің флегмонасы

#63

Жақ бет аймағы хирургиясына жасөспірім жеткізілді. Дене қызуы 39ºC көтерілген, қалтырау бар. Ауру үш күн бұрын жедел басталды. Мұрын мен ұрттың терісі қатты қызарып көтерілген. Іші сары суға толы күлдіреуіктер бар.

Төмендегі алдын ала нақтамдардың қайсысы сай келеді?

*тілме қабынуының буллезді түрі

*тілме қабынуының өліеттенген түрі

*тілме қабынуының флегмоноалық түрі

*тілме қабынуының эритроматозды түрі

*+тілме қабынуының эритроматозды-буллезді түрі.

#64

Н. атты науқасты тексеру барысында төменгі жақсүйегінің оң жағынан денесінің тұсында жыланкөз анықталды. Ауыз ішінде 4.6 тісі тісжегімен бұзылған. Басып тексергенде жыланкөз бен тістің арасында тартпа анықталды.

Осы жағдайға қандай рентген суреті сай келеді?

*4.6 тістің түбірұшы маңында шекарасы анық сүйектің бұзылған ошағы

*+4.6 тістің түбір ұшы маңында сүйектің шекарасы анық емес сорылған ошағы

*сүйектің төменгі жақсүйегінің денесіне жақын маңының сорылған ошағы

*4.5-4.7 тістердің деңгейіндегі ұяшықты өсіндіде айқын көлеңке

*төменгі жақсүйегінің 4.5-4.7 тұсында ұяшықты өсіндісінде сүйектің қатты сорылған ошағы

#65

Малшы ауылда бірнеше күн жұмыс істеген ер кісінің бетіне алдымен дақ одан соң папула, везикула одан соң ол жараға айналды. Науқастың жағдайы күннен күнге нашарлап кетті. Жараның ортасы өліеттеніп, қатты тығыз түсі қара ауырмайтын қабыршақ пайда болды. Айналасындағы тін қабынып білік тәрізді көтеріліп тұр.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

*мерез

*бруцеллез

*шиқан

*эхинококкоз

*+күйдіргі;

#66

30 жасар әйел бетінің ісініп ауыратынына шағымданады. Екі апта бұрын төменгі жақсүйегінің сол жағындағы тісі ауырып, төменгі жақсүйегі аймағында шарик пайда болып, ол біртіндеп ұлғайып, ісіну пайда болды. Объективті: сол жақ төменгі жақсүйегі асты аймағы ісінген басып тексергенде сіңбе анықталады. Беткей терісі қызарып, тартылып жылтырап тұр, қатпар жиналмайды. Сіңбенің көлемі 5,5х4,0х7,0 см, қатты, басқанда ортасында флюктуация анықталады. Ауызда 4.7 тісі толық бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы осы жағдайға сай келеді?

*4.7 тістің жедел іріңді периодонтиті

*4.7 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі

*+4.7 тістен дамыған төменгі жақсүйегі асты аймағынның аденофлегмонасы;

*4.7 тістен дамыған төменгі жақсүйегі асты аймағының одонтогенді флегмонасы

*4.7 тістен дамыған төменгі жақсүйегі асты аймағының жедел сары сулы лимфадениті

#67

25 жасар жігіт иегінің астында пішіні домалақ бірнеше түйіннің пайда болғанына шағымданады. Объективті: төменгі еріннің оң жағынан көлемі 0,7х0,7 см, пішіні табақша тәрізді ауырмайтын жара бар. Иек асты аймағында ауырмайтын лимфа бездері бар. Ауыз ішінде 3.1 және 4.2 тістері тісжегімен бұзылған.

Қандай нақтам сай келеді?

*ЖИТС

*+мерез

*төменгі жақ обыры

*туберкулез жарасы

*3.1 , 4.2 тістердің созылмалы периодонтиті

#68

Дәрігерге келген әйел жоғарғы жақсүйегінің ауыратынына шағымданады. Ауру жоғарғы тісті жұлғаннан кейін пайда болған. Дәрігер 1.8 тісті жұлған. Суық басу керек екендігін айтқан. Үш күннен кейін науқастың жоғарғы жақсүйегі ауыра бастаған. Ауру құлақ пен самайға тарап, дене қызуы көтерілген. Объективті: оң дағынан жоғарғы қабағы, самай және бетсүйегі аймақтары ісінген. Ауызы екінші дәрежеде шектеліп ашылады. Басып тексергене

1.6, 1.7, 1.8 істердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, атты ауырады. 1.8 істің ұяшығы қан ұйығымен толы.

Қандай нақтам қоюға болады?

*ұрт самай аймақтарының инъекциядан кейінгі гематомасы

*+самай асты жән қанат таңдай шұңқырларының одонтогенді флегмонасы;

*самай асты жән қанат таңдай шұңқырларының инъекциядан кейінгі абсцессі

*самай асты жән қанат таңдай шұңқырларының инъекциядан кейігі гематомасы

*самай асты жән қанат таңдай шұңқырларының инъекциядан кейінгі іріңдегн гематомасы

#69

40 жасар ерке жұтынғанда ауыратнын, ауызының шектеліп ашылатынын, әлсіздікке, дене қызуының 38 С дейін көтерілгеніне шағымданады. Тексергене: төменгі жақсүйегінің оң жақ бұрышы аймағының жұмсақ тіндері ісінген, басқа кезде тереңде ауыратын сіңбе анықталды. ІІІ дәрежелі қарысу аықталды. Қарысуды Берше бойынша жансыздандырып босатқа соң , ауыз ішіндегі ретрмоляр және қанат жақ қатпарының шырышты қабығы қызарып ісінген. 4.8 тістің медиалды бұдырлары ісінген шырышты қабықтан көрініп тұр.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

*4.8 тістің қиналып жаруы, жедел перикоронорит

*4.8 тістің қиналып жаруы, созылмалы перикоронорит

*4.8 тістің қиналып жаруы, ретромоляр үшбұышының абсцессі

*4.8 тістің қиналып жаруы, төменгі жақсүйегінің жедел остеомиелиті

*+4.8 тістің қиналып жаруы, қанат төменгі жақ кеңістігінің флегмонасы

#70

Актиномикоздың теріасты ет аралық түрін төенгі жақсүйегінің созылмалы одонтогендік остеомиелитімен нақтамалау кезінде қандай клиникалық белгі басты симптом блып табылады?

*жыланкөздің болуы

*бетің асимметриясы

*ағымыың ұзақ уақыт баяу болуы

*дене қыуының қалыпты болуы

*+ағаш тәрізді қатты сіңбе;

#71

Н. атты 36 жасар науқс сол жағынан самай аймағының ісінгенін шағымданады. Бір апта бұрын сол жақамайына безеу шыққан. Кетпеген соң науқас үш күн бұры оны сыққан. Ішінен еш нәрсе шықпады, оның есесіне орны қатты ісініп дене қызуы көтеріліп кеткен.

Осы сіңбені қай жерден кесіп іріңді шығарған дұрыс?

*сіңбенің ортасынан

*сіңбенің барлық көлемін бойынша

*+сіңбенің төменгі қыры бойымен;

*самай етінің талшықтары ойымен

*азу тістердің тұсындғы өтпелі қатпардан

#72

32 ер кісі жоғарғы жақсүйегіндегі тісінің сыздап ауыратынына шағымданады. Тексеру барысында 1.7 тістің медиалды түбірінің маңында тереңдігі 8-9 мм терең сүйек қалтасы бар.

1.7 тіс бұрын пломбаланған. Рентген суретінде медиалдың түбірдің бойымен оның түбір ұшына дейін сүйектің әркелкі сорылғаны анықталады. Медиалды түбірдің өзегі ұшына дейін пломбаланбаған.

Төмендегі операциялардың қайсысын осы науқасқа жасаған дұрыс болады?

*тіс реплантациясы

*+тіс түбіріне ампутация

*түбір ұшын кесу

*короно-радикулалық кесу

*эндодонтиялық ем

#73

26 жастағы ер кісі жоғарғы жақсүйегіндегі тісінің бірнеше ай бойы сырқырап ауырып жүргеніне шағымданып келді. Тексеру барысында 1.2 тістің тұсындағы өтпелі қатпарда жылан көз бар. Тіс пломбаланған, қаққанда аздап ауырады. Ауыздың шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті. Рентген суретінде тіс түбірі ұшы маңында сүйектің көлемді бұзылған ошағы анықталады.

Қандай оталық ем жасаған шипалы болады?

*тісті жұлу

*тіске реплантация жасау

*+түбір ұшын кесу;

*короно-радикулалық кесу

*короно-радикулалық ампутация

#74

Клиникаға 30 жасар науқас «Оң жағынан төменгі жақсүйегі асты аймағының одонтогендік флегмонасы» деген нақтам қойылды. Дәрігер хирург алдымен себепші 4.7 тісті жұлып, флегмонаны төменгі жақсүйегінің төменгі қырына паралеллді, төменгі жақсүйегінің қырынан 2.0- 2.5 см іш жағынан ұзындығы 4.5- 5.0 см тілік тіліп ашып іріңін шығарды да жараны таңып таңып, дезинтоксикациялық терапия тағайындады.

Дәрігер қандай шараны жасаған жоқ?

*+жараға қашыртқы қою керек еді.

*трентал тағайындау керек еді

*дұрыс тілмеді

*физиотерапия тағайындамады

*4.7тісті сақтап қалу керек еді

#75

Клиникаға жағдайы өте ауыр 45 жасар ер кісі алыс ауылдан жеткізілді. Анамнезін анықтау мүмкін емес. Тексеру барысында: оң жағынан жоғарғы және төменгі қабақтары ісінген. Экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқан кезде қатты ауырады. Ретробулвалық кеңістікті ашу жолын таңдау үшін дәрігерлердің консилиумы шақырылды.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?

*көз ұясының жоғарғы қырымен тілу

*көз ұясының төменгі қырымен тілу

*көз ұясының төменгі сыртқы қырымен тілу

*+гайморотомия, жоғкарғы жақ қуысының жоғарғы қабырғасын тесу

*көз ұясының жоғарғы сыртқы қырын тіліп, контрапертура жасау

#76

49 жасар ер кісі 5-6 жалпы әлсіздік, бетінің оң жағының ісініп ауырып жүргеніне шағымданады. Тексеру барысында: оң жақ көз асты аймағының ісінгені, айбат басып тексергенде тығыз ауыратын сіңбенің барлығы, терісі тартылып қызарып тұрғаны анықталды. Ауызда 1.3 тісі бұзылған, қаққанда ауырады. Ұяшықты өсіндінің сырт жағындағы шырышты қабығы қызарған, 1.2, 1.3, 1.4 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, басып тексергенде сіңбе анықталады.

Төмендегі емдердің қайсысы осы ауру үшін шипалы болады?

*төменгі қабақтың төменгі қыры арқылы тілу

*1.2,1.3,1.4 тұсындағы өтпелі қатпарды тілу

*сіңбенің төменгі қырынан ауыз сыртынан тілу

*+өтпелі қартарды төменгі қырымен тіліп, айбат шұңқырды ашу.

*өтпелі қатпардың алдыңғы қырынан тіліп іріңді шығару

#77

19 қыз оң жақ бетінің бір екі күн бұрын ауырып ісінгеніне шағымданып келді. Үш бұрын 1.3 тісі ауырған. Бүгін тісі ауырып тұрған жоқ. Тексеру барысында: оң жақ көз асты аймағының айбат жұмсақ тіндері ісінген. Ауыз ішінде 1.2, 1.3, 1.4 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар қызарып ісінген. 1.3 тіс тіс жегімен бұзылған, қаққанда аздап ауырады.

Төмендегі оталық емдердің қайсысы шипалы болады?

*төменгі қабақтың төменгі қыры арқылы тілу

*1.2,1.3,1.4 тұсындағы өтпелі қатпарды тілу

*сіңбенің төменгі қырынан ауыз сыртынан тілу

*+өтпелі қартарды төменгі қырымен тіліп, айбат шұңқырды ашу

*өтпелі қатпардың алдыңғы қырынан тіліп іріңді шығару

#78

18 жасар ер кісі жұтынғанда ауыратынына, бір аптадан бері ауызының шектеліп ашылып жүргеніне шағымданады. Тексеру барысында төменгі жаұсүйегінің бұрышының астында тығыз сіңбе бар. Ауыздың ашылуы ІІ дәрежелі шектелген. Берше жансыздандыруын жасаған соң ауызы ашылды. Сол жағынан ретромоляр аймағы мен қанат төменгі жақ қатпары ісініп қызарғаны анықталды. 3.8 тістің дистал бұдырлары ісініп қызарған бүркенішпен жабылған.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы флегмонаны ашудың шипалы жолы болып табылады?

*қанат төменгі жақ қатпарының бойымен

*төменгі жақсүйегінің бұтағынан 1,5-2,0 см төмен

*төменгі жақсүйегінің төменгі қырына параллелді 1,5 см төмен

*+төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның қырынан 1,5-2,0 см ішке.

*төменгі жақсүйегінің ішкі бетінен жақ тіл астаушасы бойымен

#79

22 жасар ер кісі жұтынғанда тамағының сол жағы ауыратынына, үш күннен бері ауызының шектеліп ашылып жүргеніне шағымданады. Тексеру барысында: төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ұлғайған, басқанда ауырады. Ауызы 1 см дей ғана ашылғандықтан ішін көру мүмкін емес.

Ауызды ашу үшін қандай жансыздандыру жасаған дұрыс деп ойлайсыз?

*Берше бойынша

*+Берше-Дубов бойынша;

*мандибулалық жансыздандырудың ауыз іші жолы

*үшкіл нервтің 2 бұтағын орталықтан жансыздандыру

*ауыз үшінен мандибулалық және инфильтрациялық

#80

35 жасар әйел хирург стоматологқа жұтынғанда тамағының сол жағы ауыратынына, үш күннен бері ауызының шектеліп ашылып жүргеніне шағымданады. Тексеру барысында: төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ұлғайған, басқанда ауырады. Тіл астында түбірінен сол жағында қызарған шырышты қабықтың астында тығыз сіңбе бар. Басқанда ортасында флюктуация бар.

Флегмонаны ашудың қай тәсілі шипалы болады?

*қанат төменгі жақ қатпары бойымен

*тіс асты білігінің қырымен 45Со бұрышпен

*төменгі жақсүйегінің төменгі қырына параллелді 1,5 см төмен

*төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра оның қырынан 1,5-2,0 см ішке

*+төменгі жақсүйегінің ішкі бетінен жақ тіл астаушасы бойымен;

#81

38 жастағы ер кісіні ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Мәжбүрлік жағдайда жартылай отырып, басын төмен еңкейтіп отыр. Жалпы жағдайы өте нашар, ақыл есі бұзылған, сұрақтарға жауап бермейді. Бет терісінің топырақ түстес, еріні гөгеріп кеткен. Ауыз түбі мен мойынында көлемді сіңбе бар.Ауызы жартылай ашық. Көкірегінің терісі бозарған.

Осы науқастың іріңді қабыну ошағын қандай тәсілмен ашқан шипалы болады?

*Насилов бойынша ашу

*Маделунг бойынша ашу

*+мойын медиастиніотомиясы

*қабырға аралық медиастинотомия

*диафрагма арқылы медиастинотомия

#82

38 жасар ер кісі клиникаға ауыр халде жеткізілді. Мәжбүрлік жағдайда жартылай отырып, басын төмен еңкейтіп отыр. Жалпы жағдайы өте нашар, ақыл есі бұзылған, сұрақтарға жауап бермейді. Бет терісінің топырақ түстес, еріні гөгеріп кеткен. Ауыз түбі мен мойынында көлемді сіңбе бар. Ісік мойынға тараған. Ауызы жартылай ашық. Көкірегінің терісі бозарған.

Осы науқастың іріңді қабыну ошағын қандай тәсілмен ашқан шипалы болады?

*Насилов бойынша ашу

*Маделунг бойынша ашу

*қабырға арқылы медиастинотомиясы

*+Разумовский бойынша төс сүйегінің үстінен ашу.

*диафрагма арқылы медиастинотомия

#83

32 жасар науқас ер кісі бірнеше ай бойы сол жағынан жоғарғы тісінің ауыратынына шағымданады. Тексеру барысында 2.6 тістің тұсындағы өтпелі қатпарда өзек анықталды. Өзектені бөлініп тұрған сұйықтық жоқ. Тіс бұрын пломбаланған. Қаққанда аздап ауырады. Ауыздың шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті. Рентген суретінде тістің медиалды түбірі бойында шекарасы анық емес сүйектің сорылған ошағы анықталады. Барлық өзектері пломбаланған.

Қандай ем шара шипалы болады?

*тісті жұлу

*тіске гемисекция жасау

*+тіс түбіріне ампутация жасау

*түбір ұшын кесу

*короно-радикулалық кесу

#84

25 жасар ер кісі ұртының бірнеше рет ісінетініне, басын еңкейткенде жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауырлап оң жақ танауының бітетініне, тістерінің сыздап ауыратынына, басының ауырып, жалпы әлсіздіктің барлығына шағымданады. Тексеру барысында: беті оң жағынан жұмсақ тіндердің ісінуінің салдарынан асимметрияланған, айбат шұңқырды басып тексергенде қатты ауырады. Шырышты қабық аздап қызарып ісінген. 1.6 тісте пломба бар қаққанда ауырады. Рентген суретінде жоғарғы жақсүйегінің қуысы оң жағынан көлеңкеленген, 1.6 тістің түбір ұшында шекарасы анық емес сүйектің сорылған ошағы анықталады.

Төмендегі ем шаралардың қайсысы осы науқас үшін дұрыс әрі шипалы болар еді?

*1.6 тісті жұлып, гайморотомия жасау

*1.6 тісті жұлып физио ем мен антибиотиктер тағайындау

*1.6 тісті жұлып, өтпелі қатпар және таңдай жақтарынан тілу

*1.6 тісті жұлып, өтпелі қатпарды тіліп антибиотиктік ем тағайындау

*+1.6 тісті жұлып, төменгі тыныс жолы арқылы қуысты тесіп жуып шаю.

#85

30 жасар ер кісі 3.8 тісінің бүркенішін кескеннен 7 күннен кейін, жалпы жағдайының нашарлағанына, сол жағынан төменгі жақсүйегі асты ауыратынына, жұтынғанда ауыратынына, ауызының шектеліп ашылатынына шағымданып келді. Тексеру барысында: сол жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышының астында тығыз ауырмайтын сіңбе анықталды. Ауыз қуысында сол жағындағы қанат жақ қатпары мен ретромоляр аймағының шырышты қабығы қызарып ісінген. Осы ісінген флегмона тіннің астынан 3.8 тістің медиалды түбірлері көрінеді. Рентген суретінде 3.8 тіс тік орналасқан, ретромоляр кеңістігі жоқ.

Төмендегі ем шаралардың қайсысы осы науқасқа шипалы болады?

*+3.8 тісті жұлып флегмонаны ашу.

*3.8 тісті жұлып, алтын ине салу

*3.8 тісті жұлып, физиоем тағайындау

*3.8 тісті жұлып, антибиотиктер тағайындау

*3.8 тісті жұлып, өтпелі қатпарды тілу

#86

25 жасар ер кісі ұртының ісінгеніне, бес айдан бері басын еңкейткенде жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауырлап оң жақ танауының бітетініне, тістерінің сыздап ауыратынына, басының ауырып, жалпы әлсіздіктің барлығына шағымданады. Тексеру барысында: оң жақ ұртының ісінгенін, айбат шұңқырды басып тексергенде қатты ауырады. Шырышты қабық аздап қызарып ісінген. 1.6 тісте пломба бар қаққанда ауырады. Рентген суретінде жоғарғы жақсүйегінің қуысы оң жағынан көлеңкеленген, 1.6 тістің түбір ұшында шекарасы анық емес сүйектің сорылған ошағы анықталады.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы осы науқасқа сай келеді?

*1.6 тістің жедел периодонтиті

*1.6 тістің созылмалы фиброзды периодонтитінің өршуі

*1.6 тістің созылмалы гранулденген периодонтитінің өршуі

*1.6 тістің созылмалы гранулематозды периодонтитінің өршуі

*+1.6тістен дамығанжоғарғы жақ қуысының созылмалы одонтогенді қабынуының өршуі.

#87

Дәрігер стоматологқа аузының құрғақтығына, жалпы әлсіздікке, тез шаршап қала беретініне, көзінің құрғақтығына, жылағанда жас шықпайтына, көзіне құм тсіп кеткендей сезімге, жарыққа қарай алмауына шағымданған науқас келді. Үш күн бұрын құлақ маңы аймағы қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп кетті. Тексеру барысында: терісі құрғақ, буындары деформацияланған, құлақ маңы сілекей бездері бұдырлы әрі қатты және ұлғайған. Бездерді уқалағанда оң жағындағы Стенонов өзегінен іріңді шырыш бөлініп шықты.

Қандай дәрігердің қосымша кеңесі керек болады?

*окулисттің

*артротологтың

*+ревматологтың

*жақ бет хирургінің

*ЛОР дәрігерінің

#88

35 жасар әйел сол жағынан мұрын ерін қатпарының үш күннен бері ауыратынына, әлсіздікке, қалтырауға, басының ауыратынына шағымданады. Тексеру барысында: сол жақ мұрын ерін қатпарының терісі қызарып ісінген, сіңбенің ортасында іріңді өліеттенген өзек анықталады.

Қандай ем шара шипалы болады?

*тесіп қашырты қою

*крест тәрізді тіліп, қашыртқы қою

*+төменгі қырынан тіліп, қашыртқы қою.

*сіңбенің айналасына анестетик салып тастау

*қабынуға қарсы және физио ем тағайындау

#89

20 жасар ер кісі оң ұртында екі аптадан бері ауырмайтын жараның пайда болғанын шағымдап келді. Тексеру барысында: ұттың шырышты қабығында пішіні домалақ табақша тәрізді, шеміршек тәрізді түсі ақшыл қызыл жара анықталды. Нақтамалау мақсатымен науқас қан сараптамасын тапсырды.

Науқасты қандай дәрігерге қосымша тексерткен дұрыс болады?

*дәрігер - онкологқа

*дәрігер- гепатологқа

*+дәрігер- венерологқа

*дәрігер- инфекционистке

*шырышты қабықпен айналысатын стоматологқа

#90

Жақ бет аймағының қабылдау бөліміне аузының құрғақтығына, жалпы әлсіздікке, тез шаршап қала беретініне, көзінің құрғақтығына, жылағанда жас шықпайтына, көзіне құм тсіп кеткендей сезімге, жарыққа қарай алмауына шағымданған 54 жастағы әйел келді. Тексеру барысында: терісі құрғақ, буындары деформацияланған, құлақ маңы сілекей бездері бұдырлы әрі қатты және ұлғайған. Ауру өршіген кезде дене қызуы көтеріліп, бездерді қатты ауыратынын без өзегінен іріңді шырыш сұйықтықтың ағатынын айтты.

Осы науқас қандай маманда ем алғаны дұрыс?

*дәрігер окулистте

*дәрігер венерологта

*дәрігер стоматологта

*+дәрігер ревматологта

*дәрігер инфекционистте

#91

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]