- •68 Жасар ер кісінің жақ бет аймағының іріңді қабыну үрдісінің кешенді еміне дәрігер жергілікті энзимотерапияны қосты.
- •50 Жасар әйел аурухананың жақ бет аймағы хирургиясында самай аймағының флегмонасына байланысты емделіп жатыр.
- •25 Жасар жігіт аурхананың жақ бет хирургиясы бөлімшесінде емделіп жатыр. Үш күн бұрын себепші 4.7 тіс жұлынып, іріңді ошақ төменгі жақасты аймағын тіле отырып ашылды.
- •45 Жастағы ер кісіге жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімінде самай асты шұңқырының іріңдеген гематомасын ашу жоспарланды.
- •30 Жастағы ер адамда ауыз қуысы түбінің флегмонасын кескен кезде газ көпіршіктері бар қана аралас бұлыңғыр сұйықтық шықты. Тіндер қара-қоңыр түсті, клетчатка және бұлшық ет сұр түсті, иісі жағымсыз.
- •65 Жастағы ер кісіге жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімінде самай асты шұңқырының іріңдеген гематомасын ашу жоспарланды.
50 Жасар әйел аурухананың жақ бет аймағы хирургиясында самай аймағының флегмонасына байланысты емделіп жатыр.
Самай аймағының флегмонасы кезінде қандай қызымет бұзылады?
*сөйлеудің бұзылуы
*тыныс алудың бұзылуы
*жұтынудың бұзылуы
*жұтына алмау
*+ауыздың шектеліп ашылуы.
#45
Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілген науқасқа дәрігер жұтқыншақ маңының флегмонасы деген алдын ала нақтам қойды. Бұл флегмонаның тіл түбірінің флегмонасынан салыстырып нақтамалағанда қандай өзіне тән басты белгісі бар?
*+дауыстың қырылдауы
*сөйлеудің қиындығы
*жұтынудың қиындауы
*тыныс алудың қиындауы
*ауыздың шектеліп ашылуы
#46
Ер кісі аурхананың жақ бет хирургиясы бөлігінде ауыз қуысының флегмонасы деген нақтаммен емделіп жатыр.
Осы флегмонаға төмендегі қай симптом тән ЕМЕС?
*жұтынғандағы ауыру
*+ақпақшалы асфиксия;
*дене қызуының көтерілуі
*науқастың мәжбүрлік жағдайы
*иек асты аймағының тегістеліп ісінуі
#47
35 жасар науқас бір апта бұрын төменгі ерініне құрылымның пайда болғанына шағымданады. Тексеру барысында төменгі еріндегі құрылымның үстінде диаметрі 0,7 см болатын, түбі жұмсақ жара бар. Нақтамалау мақсатымен дәрігер науқасты зертханаға жіберді.
Төмендегі алдын ала нақтамдардың ішінен нені бірден алып тастауға болады?
*афтаны
*жауыр жараны
*туберкулез жарасын
*мерез жарасын
*+актиномикоз жарасын
#48
27 жасар ер кісі оң жағынан жоғарғы жақсүйегінің қызыл иегінің қызарып ауыратынына шағымданады. 1.2 тісі бұрын емделген, бір жыл бұрын қызыл иектің деңгейінде қынып қалған. Соңғы үш күн бойы мазалап жүр. Тексеру барысында: беті симметриялы, төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ұлғаймаған. Ауызы еркін ашылады. 1.2 тістің түбір ұшы маңындағы шырышты қабық қызарып ісінген. Қаққанда қатты ауырады. Рентген суретінде тістің түбір ұшы маңында сүйектің шекарасы анық диаметрі 0,3см сорылған ошағы анықталады.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы осы науқасқа сай келеді?
*1.2 тістің жедел периодонтиті
*жоғарғы жақсүйегінің 1.2 тістен дамыған жедел периоститі
*1.2 тістің созылмалы фиброзды периодонтитінің өршуі
*1.2 тістің созылмалы гранулденген периодонтитінің өршуі
*+1.2тістің созылмалы гранулематозды периодонтитінің өршуі
#49
18 жасар жас жігіт жоғарғы жақсүйегінің оі жағындағы тісінің бірнеше ай бойы оқтын оқтын сыздап ауыратынына шағымданады. Тексеру арысында: жоғарғы жақсүйегінің ұяшықты өсіндісінің 1.2 тістің маңында жылан көз анықталады. Бөлініп тұрған сұйықтық жоқ. Тіс бұрын плоибаланған. Қаққанда аздап ауырады. Ауыздың шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?
*1.2 тістің созылмалы фиброзды периодонтиті
*+1.2тістің созылмалы гранулденген периодонтиті.
*1.2 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиті
*1.2 тітің созылмалы фиброзды периодонтитінің өршуі
*1.2 тістің созылмалы гранулематозды периодонтитінің өршуі
#50
40 жасар ер кісі ауызын шайғанда мұрынынан су ағатынына, ұртын үрлегенде ауа шығатынына шағымданады. Анамнезінде жоғарғы 1.6 тіс жарты жыл бұрын жұлынғаны анықталды.
Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыған деп ойлайсыз?
*жедел одонтогендік гайморит
*жоғарғы жақ сүйегінің жедел одонтогенді остеомиелиті
*жоғарғы жақсүйегінің периоститі
*+жоғарғы жақсүйегі қуысының перфорациясы
*мұрын қуысының түбінің тесілуі
#51
27 ер кісі тісін жұлғаннан 3 аптадан кейін дәрігерге келіп қаралды. Тексеру барысынды: жұлынған 3.4 тістің ұяшығы гранулденген тінге толы, аздаған ірің шығып тұр. Рентген суретінде: ұяшықтың қабырғаларының сүйегі сорылғаны, түбінде көлемі 0,3×0,2 см пішіні анық емес көлеңке секвестр анықталады.
Алдын ала қандай нақтам қоюға болады?
*төменгі еріннің обыры
*3.4 тістің ұяшығының қабынуы
*3.4 тістің ұяшығының жедел абсцесс
*3.4 тістің толық жұлынбауы
*+3.4 тістің ұяшығының созылмалы остеомиелиті
#52
40 жасар ер кісі 3.8 тісін жұлғаннан үш күннен кейін ауызының нашар ашылатынын шағымдап келді. Ине шаншып жансыздандыру жасаған жерде қабыну үрдісі байқалмайды.
Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыған деп ойлайсыз?
*төменгі жақсүйегінің шығуы
*қабыну қарысуы
*төменгі жақсүйегінің табақшасының шығуы
*төменгі ұяшықты нервтің шығуы
*+инъекциядан кейінгі қарысу
#53
Науқасқа төмпешіктік жансыздандыру жасалғаннан кейін оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер
1.8 тісті жұлды. Суық басу керек екендігін айтты. Үш күннен кейін науқастың жоғарғы жақсүйегі ауырып, ол құлаққа және самайға беріліп, дене қызуы көтерілді. Объективті: құм сағат белгісі байқалады. Ауызы шектеліп ашылады. Үшінші дәрежедегі қарысу. Басып тексергенде: 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар дегістелген әрі қатты ауырады. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы.
Алдын ала қандай нақтам қоюға болады?
*оң жақ самай асты аймағының одонтогендік флегмонасы
*оң жағынан самай асты аймағының одонтогендік абсцессі
*оң жағынан ұрт бетсүйегі аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы
*самай асты және қанат таңдай шұңқырларының инъекциядан кейінгі гематомасы
*+самай асты аймағының іріңдеген инъекциядан кейінгі гематомасы.
#54
40 жасар науқас жақ бет аймағы хирургиясына бетінің оң жағынан ісінгенін, ауызының шектеліп ашылғанын, ауызының құрғайтынын, шайнау қызыметінің бұзылғанын шағымдап келді. Анамнезінде: 4.8 тісі ауырған, дәрігерге қаралмай өздігінен ем қабылдаған. Тексеру барысында: ауызы шектеліп ашылады, оң жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышы аймағы ісінген, басып тексергенде тереңде ауыратын сіңбе анықталады. Флюктуация жоқ. Ісінген жердің терісінің түсі өзгеріссіз. ІІІ дәріжелі қарысу бар. Стенонов өзегінен таза сілекей бөлінеді.
Төмендегі алдын ала нақтамдардың қайсысы сай келеді?
*эпидемиялық паротит
*оң жағынан жедел бактериалық паротит
*+оң жағынан шайнау еті асты аймағының oдонтогендік флегмонасы;
*оң жағынан төменгі жақасты аймағының одонтогендік флегмонасы
*оң жағынан қанат төменгі жақсүйегі кеңістігінің одонтогендік флегмонасы
#55
45 жасар ер кісінің сол жақ ұртында коллатералды ісіну анықталды. Ісінудің үстіндегі терісінің түсі өзгеріссіз, қатпарға жиналады. Ауыз қуысында: 2.5, 2.6, 2.7 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістеліп қызарған, басқанда флюктуация анықталады. 2.6 тістің сауытының 1/3 бөлігі бұзылған, қаққанда ауырады.
Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді?
*2.6 тістің жедел іріңді периодонтиті
*+жоғарғы жақсүйегінің 2.6 тістен дамыған іріңді периоститі.
*2.6 тістің созылмалы фиброзды периодонтитінің өршуі
*2.6 тістің созылмалы гранулденген периодонтитінің өршуі
*2.6 тістің созылмалы гранулемотозды периодонтитінің өршуі
#56
35 жасар ер кісі жұлынған тісінің ұяшығының қатты, тоқтамай ауыратынын, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілетінін шағымдап келді. Оң жақынан төменгі азу тісінің жұлынғанына он күн болған. Жұлынғаннан кейін ақ ұяшықта тұрақты ауру сезім пайда болып, ауыздан жағымсыз иіс шығып, іріңнің дәмі байқалған. Дәрігерге көмек сұрап қайта бармаған. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ұлғайған ауырмайды. Ұяшықтың айналасындағы шырышты қабық қызарған. Жұлынған 4.6 тістің ұяшығы бос,муфта тәрізді, өтпелі қатпарды сипап тексергенде ауырады.
Алдын ала қандай нақтам қоюға болады?
*альвеолит
*+ұяшықтың жедел остеомиелиті
*төменгі ұяшықтық нервтің қабынуы
*көрші тістердің жедел периодонтиті
*төменгі жақсүйегінің жедел іріңді периоститі
#57
Ер кісі бетінің ісінгенін, көзіне берілетін қатты ауру сезіміне шағымданады. Жоғарғы тісінің ауырғанына төрт күн болған. Тексергенде: құм сағат белгісі анықталады, ауызы еркін ашылады, ауздың кіреберісінің артқы бөлігінде сипап тексергенде сіңбе анықталады. Шырышты қабық қызарған. 1.7 тіс бұзылған, қаққанда аздап ауырады.
Төмендегі флегмоналардың қайсысы дамыған деп ойлайсыз?
*1.7 тістен дамыған жоғарғы жақсүйегінің периоститі
*+самай асты аймағының флегмонасы;
*самай аймағының флегмонасы
*жұмсақ таңдайдың флегмонасы
*қатты таңдайдың абсцессі
#58
50 жасар ер кісіге ұрт аймағының атеромасын ота арқылы алып тастау ұсынылды. Бірақ басқа клиникадағы дәрігер бұл шешімге келіспеді. Себебі ол одонтогендік тері асты гранулемасына тән клиникалық белгіні анық байқады.
Ол қандай клиникалық белгі?
*тіс топтарының қозғалуы, жақсүйегінің қалыңдауы, теріде ірің аққан жыланкөздің болуы
*беткей терісі жұқарған тері асты майлы клечаткасындағы жеке түйін тәрізді сіңбелер, арылған жерінде жылан көз бен жаралар пайда болатын
*аурымалы сіңбе терінің қызаруы, ортасында іріңді өліеттенген өзек, тістері сау
*+ауру тіс, тері асты сіңбесі, осы сіңбеден басталып тістің түбір ұшын қосып тұрған тартпа;
*сіңбенің бетінде жарылған пустуланың болуы, қатты түсі қара қабыршақтың болуы
#59
Ауруханаға жоғарғы ерініне сол жағынан көр шиқан шыққан әйел жатқызылды. Үшінші күні науқастың жағдайы күр нашарлап кетті. Емдеуші дәрігер тромбофлебит және мидың үңгірлі қуысының тромбозы дамуы қауіпі бар деген шешім айтты.
Төмендегі симптомдардың осы асқынудың дамуына дәлел бола алады?
*дене қызуының көтерілуі
*ұртта сіңбенің пайда болуы
*ауыздың шектеліп ашылуы
*көзасты аймағында сіңбенің пайда болуы
*+көздің ішкі бұрышында ауырмалы тығыз тартпаның пайда болуы;
#60
Дәрігерге оң жағынан төменгі жақсүйегі астын аймағының ісініп қатты ауыратынына, ұйқысының қанбай жүргеніне шағымданған ер кісі келді. Жеті күн бұрын осы аймақта домалақ ауыратын ісік пайда болды. Тексеру барысында: оң жағынан төменгі жақсүйегі астының жұмсақ тіндері ісінген. Басып тексергенде тереңде көлемі 3 х 3,5 х 3 см шекарасы анық ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауызы еркін ашылады. 4.6 тістің шайнау бетінде терең тіс жегі қуысы бар. Қаққанда ауырмайды.
Төмендегілердің ішінен алдын ала қандай нақтам қоюға болады?
*төменгі жақсүйегі аймағының aденофлегмонасы
*төменгі жақсүйегі аймағының oдонтогенді абсцессі
*төменгі жақсүйегі аймағының жедел сары сулы лимфадениті
*+төменгі жақсүйегі асты аймағының іріңді лимфадениті;
*төменгі жақсүйегі асты аймағының қабыну сіңбесі
#61
Әйел кісі ұртында ісінудің барын шағымдап келді. Тексерген кезде: мойынның бүйір бетінде және төменгі жақсүйегі асты аймағында ұлғайған ауырмайтын лимфа бездері анықталады. Ауыз қуысында патологиялық өзгерістер жоқ. Шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті. Тістері сау. Цитологиялық зерттеудің нәтижесінде Пирогов – Лангенханс жасушалары анықталды.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?
*ЖИТС
*мерез
*лимфогрануломатоз
*актиномикоз лимфадениті
*+туберкулез лимфадениті
#62
