Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.67 Кб
Скачать

Маркетингтік жоспар.

  Қаламызда супермаркеттер көптеп кездеседі. Олардың көздеген мақсаттары бір: пайда табу. Қазіргі кезде супермаркеттер ашу өте тиімді бизнес. Бұл салада аз ақша салып мол табыс табуға болады. Сол себепті қазіргі кезде көптеп сауда орындары ашылып жатыр. Осы бәсекелестерден асып түсу үшін, болашақ клиенттерді өзіне тарту үшін маркетингтік жоспарды жақсы ұйымдастыру керек. Ол үшін жарнама жасау керек. Теледидердан, газет – журналдардан супермаркеттің тиімділігін жазып, болашақ клиенттерді тарта білі керек. Супермаркетке келген клиенттерге сапалы қызмет көрсету керек. Іздегенін тауып беруге, оларға болашақты қандай тауар керек екенін анықтап білуге тырысу керек.

Супермаркеттегі сатушылардың да көңіл – күйі өте маңызды. Бұның бәрі клиенттің келешекте қайтып келуіне, тұрақты клиент болуына көп көмегін тигізеді. әрбір сатушыға клиенттің жан дүниесін түсінетіндей психолог бола білуі керек.

Супермаркет «Шах» екі қабатты ғимаратта орналасқан. Екінші қабатта әкімшілік орталақ орналасқан. Ғимараттың жанында 25 орындық автопаркинг орналасқан. Осының бәрі клиенттің көңілінен шығуға, супермаркеттің өсіп - өркендеуіне оң әсерін тигізеді. Супермаркеттің маркетингтік саясатының ішіне клиенттерді өзіне тарта білу де жатады. Мысалы; алғашқы клиенттерге белгілі бір тауарларды скидкамен беру. Көптеген акциялар ұйымдастыру керек. Ай сайын қымбат бағалы заттардан розыгрыш ойнату керек. Жақсы ұйымдастырылған бизнес кәсіпкердің болашақта сенімді өсіп - өркендеуінің кепілі.

Супермаркет «Шах» Сатпаев көшесі 124 – үйде орналасқан. Онда супермаркет «Шахтан» басқа «Gros» супермаркеті бар. Ол бұл салада кеңінен тараған, өзіндік бір қосқан үлесі бар ірі сауда орны. Маркетингтік жоспар құрғанда «Grosпен» бәсекелестікке қабілетті болуды ұйымдастыру керек.

Біріншіден «Gros» супермаркетіне келетін клиенттерді өзіне тарта білу керек. Ол үшін супермаркет «Gros» қандай тауар сатады, қаншаға сатады, клиенттерге қандай қызмет көрсетеді соны білу керек. өз супермаркетіңде «Grosта» сатылмайтын тауарды сату керек. Екіншіден бәсекелестеріңе қарағанда тауарды төмен бағамен сату керек. Тұрақты клиенттерге арнайы скидка беру керек. Бәсекелестерге жоқ өзіндік бір ерекшелігің болу керек және де ең басты нәрсе қызмет көрсету сапасын арттыру керек. Супермаркеттің танымалдылығын жоғарлату керек. Танымалдылық өтімділікке тікелей әсер ету керек.

  Бұл салада қызмет ететін көптеген шағын дүкендер, супермаркеттер өте көп. Солардың бәсекелестігіне шыдап қана қоймай алдын ала жопарланған пайданы таба білу келу. Осы бизнес жоспар негізінде ештеңеден қорықпай өз бизнесіңізді бастай беруіңізге болады.

Қаржылық жоспар.

  Супермаркет бірінші кезекте өзін - өзі қаржыландаруға ұмытылуы. әдістің басқаларға қарағанда ерекше. Біріншіден өзін  - өзі қаржыландырылғаннан кейін банкротыққа ұшыраудың қаупі төнбейді және сыртқы экономикалық жағдайға тәуелді болмайды. Бұл нарықта беделінің өсуіне ықпал етеді, себебі бәсекелестерден озып шығып, нарықта сенімді серіктестер табуға мүмкіндік туады. Өзін - өзі қаржыландырғаннан кейін супермаркеттің қаржылық жағдайы тұрақты болып, сенімді түрде дами бастайды. Өзін - өзі қаржыландыру әдісі екі қаржыландыру көздері есебінен қарастырылады. Олар таза пайда мен негізгі қорлардың аммортизациясы. Таза пайда тауарды сатудан түскен ақша есебінен қарастырылады. Міндетті салықтық төлемдер төлеу, жұмысшыларға жалақы беру, кеткен шығындардың орнын толтыру супермаркеттің өз қаржысы арқылы орындалады. Супермаркет инвестиция тартумен айналыспайды, акциялар шығармайды. Үлкен кәсіпорындарға қарағанда супермаркет өз қаражатына ғана сенім артады жене несие алады.

Супермаркеттің жарғылық капиталы 5 млн. теңге. Бұл қаржы әрине жеткіліксіз, сондықтан несие алуға тура келеді. Банкпен арнайы келісім жасап, жылына 15 % ставкамен кредит алады. Бұл қаржылық ресурстар супермаркеттің дамуының сенімді кепілі. Несиені төлеуге супермаркет бюджетінен арнайы қаржы бөлінеді. Супермаркеттің спонсорлық көмек те өте маңызды. Сонымен қатар әлеуметтік іс – шараларға да қаржы бөлініп отырады. Бұл халық арасында супермеркеттің танымал болуына септігін тигізеді.