Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.67 Кб
Скачать

2.1 «Шах» супермаркетінің бизнес-жоспары

  Кәсіпкершілік қызметтің ең алғашқы маңызды құжаттарының бірі болып бизнес жоспар саналады. Кәсіпкершіліктің басқа да түрлері сияқты супермаркет «Шахтың» да негізгі  мақсаты пайда табу. Супермаркет қызмет көрсету, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру сапасында жұмыс істейді. Бұл проекттен өзіне жұмсалған шығыннан 70% пайда түсіру көзделген. Бұл жоспарды жасау кезінде уақыт факторы ескерілген, яғни кеткен шығынның қайтарымдылық мерзімі жоспарланған уақытта жүзеге асады. Сондай – ақ кәсіпкершіліктің мақсаттарының ішіне әлеуметтік жағдайды қолдау, кәсіпкердің өзінің мәртебесін жоғарлатуы, қоршаған ортаны қорғау, оған зиян келтірмеу жатады. Супермаркеттің қызмет істеу мерзімі шексіз және жоспарланған пайдадан да көбірек пайда табу көзделген. Бұл бизнесті бастағанда қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қарастырылды. Супермаркеттің жарғылық капиталы 5 млн. теңге. Бұл әрине жеткіліксіз. Сондықтан банкпен тікелей келісімге келіп жылына 15% ставкамен несие алу көзделген. Супермаркеттің болашақта түсіретін пайдасы кеткен шығындардан екі есе асып түседі. Бұған қаржылық жағдайдың тұрақтылығы септігін тигізеді.

Ұйымдастырушылық жоспарда супермаркеттің негізгі капталы қарастырылған. Супермаркет екі қабаттық ғимаратта орналасқан. Екінші қабатында әкімшілік орталық орналасқан. Ғимарат 600 млн. теңге бағаланады. Сауда орны тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті құрал – жабдықтар да бар.

Супермаркетте кадрлар мәселесі өте маңызды. Жұмысқа жұмыс істеу өкілі 2 – 3 жыл білікті мамандар алынады. Олардың барлығы клиентке сапалы қызмет көрсетуге міндеттеледі. Қызметіне қарай оларға еңбекақы төленеді. Бизнес жоспар құру кезінде осы мәселелерге толығырақ тоқталып өтеміз.

Өндіріс объектісінің сипаттамасы

  Супермаркет «Шах» тауарларды, өндірілген дайын өнімдерді сатумен, яғни тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырумен айналысады. Сауда орталығы қаланың ортасында орналасқан және бұл жерге орналасу барысында жергілікті тұрғынның әлеуметтік жағдайы зерттелген, яғни жергілікті тұрғынның тұтынушылық деңгейі және олардың қандай тауарларға деген сұранысы зерттелген.

Супермаркет «Шах» ең алғашқы тұтынуға керекті тауарлармен бірге (қант, шай, нан, ұн, сүт, ет, т.б.) киім – кешек, түрлі техникалық тауарлар (теледидар, телефон, тұрмысқа қажетті түрлі техникалар, т.б.) сатумен айналысады. Супермаркеттегі тауарлар өндірушіден тікелей яғни делдалсыз нарықтық бағамен сатылып алынады да төмен бағамен тұтынушыларға сатылады. Супермаркет орналасқан аудан тұрғындары көбінесе әлеуметтік жағдайы орташа халық. Сондықтан олар көбінесе алғашқы тұтынуға керекті тауарларды сатып алады. Осыны ескере отырып біз өндіріс орындармен тікелей келісімшартқа отырып тауарларды нарықтық бағамен сатып аламыз.Осының нәтижесінде супермаркеттегі тауарлар қол жетімді және өтімділігі жоғары.

  1-кесте

«Шах» супемаркетінде сатылатын тұтыну тауарлары

Тауар атауы

Тауар құны

Тауар данасы (1 айда)

Сатудан түскен пайда (тг)

Тауарды өндірушіден сатып алуға кеткен шығын

Таза пайда (тг)

Нан

50 тг

5000

250000

225000

25000

Қант

90 тг

500 кг

450000

40500

4500

Тұз

30 тг

700

21000

18900

2100

Шай

200 тг

3000

600000

540000

60000

Ұн

300 тг

2000

600000

540000

60000

Сүт

200 тг

800

160000

144000

16000

Ет (қой еті)

700 тг

700 кг

490000

441000

49000

Кофе

200 тг

500

100000

90000

10000

Макарон

80 тг

2300

184000

165600

18400

Күріш

150 тг

5300 кг

795000

715900

79500

Май

300 тг

625

187500

168750

18750

Кондитер өнімі

1000 тг

755

755000

679500

75500

Майонез

40 тг

450

18000

16200

1800

Сусындар

100 тг

720

72000

64800

7200

 

 

 

427 7500

384 9750

42 7750

  1 – кестеде тұтыну тауарларының бағасы және олардан түсетін пайданың жоспары көрсетілген. Тауар құнын белгілеу кезінде өндірушіден сатып алынған тауарға 10% үстеме қосылады. Мысалы: нан 45 теңге болса оған 10% яғни 5 теңге қосылып 50 теңге болады. Бұл пайда тауардың негізгі көзі болып табылады. Тауарды өндірушіден сатып алуға кеткен шығын таза пайданы анықтау үшін керек. Сатудан түскен пайдадан тауарды өндірушіден сатып алуға кеткен шығынды алып тастағанда таза пайда шығады. Мысалы; супермаркет «Шах» ең алғашқы тұтынуға керекті тауарлармен қоса киім – кешек, тұрмыстық техникалар сатады. Супермаркеттегі тауарлар тікелей өндірушіден жеткізілетіндіктен олардың бағасы төмен болады. Тауарлардың үстіне 10% үстеме қосылып сатылады.

Бағаны анықтауға еліміздің экономикалық жағдайы тікелей байланысты. Инфляция жағдайында тауар бағасы 15 – 20% жоғарлауы мүмкін.

Бұл қандай жағдай болмасын алдын – ала жоспарланған пайданы алуға көзделген. Супермаркеттегі тауарлар жергілікті тұрғынның сұранысына сай анықталған ұзақ мерзімді ірі кәсіпкерлікте өте қиын жағдай туындайды. Ол кәсіпкердің тауарына деген сұраныстың өзгеруін анықтау, оның сатылуы, тұтынылуы. Бизнес жоспар жасағанда бағалау, есептеу және болжау негізінде құрылады. Қазіргі кезде супермаркеттер ашу өте тиімді бизнес. Бұл салада аз ақша салып мол табыс табуға болады. Сол себепті қазіргі кезде көптеген сауда орындары ашылып жатыр. Осы бәсекелестерден асып түсу үшін болашақ клиенттерді өзіне тарту үшін маркетингтік жоспарды жақсы ұйымдастыру керек. Супермаркетке келген клиенттерге сапалы қызмет көрсету керек. Іздегенін тауып беруге, оларға болашақта қандай тауар керек екенін анықтап білуге тырысу керек.

Супермаркеттегі сатушылардың да көңіл – күйі өте маңызды. Бұның бәрі клиенттің келешекте қайтып келуіне, тұрақты клиент болуына көп көмегін тигізеді. Бизнес жоспар құру кезінде болашақ клиенттер мен бәсекелестер толық зерттелген, супермаркеттің пайдасы жоспарланған мөлшерде болатынына сенім мол. Жоспар құру барысында біз оған толық дәлел келтіреміз.

Қантты өндірушіден 40500 теңгеге сатып алып 45000 теңгеге сатты, сонда 4500 теңге таза пайда шықты. Сатудан түскен пайданың барлық сомасы 4277500 теңге болса, өндірушіден сатып алуға кеткен шығын 3849750 теңге болды. Екеуін бір – бірінен алғанда 427750теңге таза пайда түседі. Тауар данасы бір айға есептелген. Себебі 2 – 3 айға есептелсе тауарлардың өтпей қалу тәуекелділігі жоғарлайды. Тауарлардың бір айдағы данасы жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес анықталады.

Супермеркет «Шахтың» ең алғашқы тұтынуға керекті тауарлардан басқа, тұрмыстық техникалар, киім – кешек сататын бөлімшелері бар. Супермаркет орналасқан аудан тұрғындарының 30 – 35 % жастар. Сондықтан бұл тауарлардың өтімділігі шетелдік танымал маркалардың өнімі. Бұл тауарлар да өндірушіден тікелей жеткізіліп қол жетімді бағамен сатылады. Бағаны анықтауға еліміздің экономикалық жағдайы тікелей байланысты. Инфляция жағдайында тауар бағасы 15 – 20%  жоғарлауы мүмкін. Бұл қандай жағдай болмасын алдын – ала жоспарланған пайданы алуға көзделген.