- •3. Дәрістер тезисі:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы:№2 «Балалардағы тісжегінің эпидемиологиясы. Балалардағы пародонт ауруларының және басқа стоматологиялық ауруларының эпидемиологиясы»
- •3. Дәріс тезисі:
- •Тұрақты тістер
- •Таралуы- Науқастанған балалар саны
- •15 Жастағы адамдарда пародонт ауруларының таралу деңгейі
- •Қызылиек қалталары мен тастарын анықтау
- •Тексеру және тіркеу
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •Тақырыбы:№4 «Ауыз қуысы тазалығы. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу»
- •Дәріс тезисі:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •3.Дәріс тезисі:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •1. Тақырыбы:№6 «Тісжегіге жатпайтын тіс бұзылуларының алдын алу».
- •3. Дәрістер тезисі:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •1. Тақырыбы:№7 «Стоматологиялық аурулардың антенаталдық профилактикасы.
- •3. Дәріс тезисі:
- •Антенаталды, интранаталды және неонаталды факторлар:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •1. Тақырыбы:№8 «Стоматологиялық ағарту. Талдау, енгізу және профилактика бағдарламасының тиімділігін бағалау принциптері»
- •3. Дәрістік тезисі:
- •4. Көрнекі материал:
- •5. Әдебиет:
1. Тақырыбы№ 1: «Мамандыққа кіріспе. Балаларда стоматологиялық аурулардың
алдын алу. Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. ДДҰ бойынша және дүниежүзінің әр елдеріндегі халыққа көрсетер негізгі стоматологиялық қызметінің үлгісі». «Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу,
тұрғын халықтың диспансеризациясы»
2. Мақсаты: Мамандыққа кіріспе. Балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу. Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. ДДҰ бойынша және дүниежүзінің әр елдеріндегі халыққа көрсетер негізгі стоматологиялық қызметінің үлгісін көрсету түрлері. Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу, тұрғын халықтың диспансеризациясын тексеру жүргізудің теориялық білімін қалыптастыру.
3. Дәрістер тезисі:
Профилактика-жоғарғы денсаулық деңгейін қалыптастыру және аурулардың алдын-алуға бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік, гигиеналық және медициналық шаралар жүйесі.
Мемлекеттік шаралар:
1. жүктілерді қорғау жүйесі;
2. анасы мен баланың денсаулығын қорғау, балалықты қорғау;
3. қоршаған ортаны қорғау;
4. денсаулық сақтаудың өзіндік мемлекеттік жүйесі.
Мемлекеттік шаралар заңдарды, бұйрықтарды, шешімдерді шығару жолымен жүргізіліп, міндетті болып табылады.
Әлеуметтік шаралар:
1. салауатты өмір салтын енгізу;
2. еңбек және демалудың рационалды режимін сақтау;
3. тамақтану және жеке гигиена нормаларын сақтау.
Гигиеналық шаралар:
1. стоматология сұрақтары бойынша балалар мен ересектерде тазалыққа тәрбиелеуді енгізу;
2. сыртқы орта, тамақ және су құрамын бағалауды қамтамасыз ету.
Медициналық шаралар:
1. тіс жегіге және парадонт ауруларына төзімділікті жоғарылату мақсатында ауыз қуысы ағзаларына этиологиялық және патогенетикалық негізделген заттар мен әдістерді дайындау және енгізу;
2. сыртқы орта және ауыз қуысының жағымсыз факторларының әсерінің төмендеуі.
Профилактиканың 3 түрі болады:
1. біріншілік
2. екіншілік
3. үшіншілік
Профилактикалық тексерулер жүргізу үшін келесі аспаптар қажет:
1. өткір зондтар;
2. стоматологиялық айна;
3. пародонталды зондтар;
4. аспаптарды залалсыздандыруға арналған құрал-жабдықтар.
Тексерулер стоматологиялық орындықта немесе жоғарғы қабырғалы орындықта жүргізіледі. Тексеру кезіндегі жарықтандырулар тұрақты болуы керек.
Науқасты тексеруді сұрастырудан бастайды. Бұл кезде құжаттық мәліметтер мен шағымдарын нақтылайды.
Сонымен қатар бір уақытта еңбек және тұрмыстық жағдайын, басынан өткен және ілеспелі ауруларды анықтайды. Науқасқа белгілі бір сұрақтар қойылып, нақтылы жауаптар алынады. Әңгімелесу кезінде науқастың мимикасына, аузының ашылу дәрежесіне, бет-әлпетінің пішініне көңіл аударады. Бұл кезде дәрігер деонтология принциптерін сақтау керек. Өзінің ойларын сыртқа шығармауы керек. Себебі, науқас оны теріс ұғып, онда ятрогения дамуы мүмкін. Сұрастырудан кейін жақ-бет бөлімін тексеруге кіріседі.
Біріншілік профилактика-мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық, гигиеналы және тәрбиелік шаралар жүйесі. Ол табиғи, өндірістік, тұрмыстық ортаның жағымсыз факторларына ағзаның жоғарғы төзімділігіне, себебі мен пайда болу жолдарын жою арқылы стоматологиялық ауруларды алдын-алуға бағытталған. Бұл денсаулықты қорғауға тиімді болып табылады.
Екіншілік профилактика-аурудың қайталануын және асқынуларын алдын-алуға бағытталған шаралар кешені. Оған ауыз қуысының жоспарлы санациясы жатады.
Үшіншілік профилактика-орын алмастыру әдістері бойынша жақ-бет аймағы тіндерінің және ағзалардың функционалды мүмкіндігін сақтандыру жолымен стоматологиялық статус реабилитациясына бағытталған шаралар жүйесі.
Тұрғындардың контингентіне таралуына байланысты профилактика әдістері:
1. көптік ( ауыз қуысын фторлау)
2. топтық ( фтор таблеткаларын қолдану, натрий фториді ерітіндісімен шаю)
3. жекеше ( рем. ерітінділермен аппликация, фиссуралар ажыратуы, т.б ).
Профилактикалық тәсілдердің әсер ету уақыты және біріншілік профилактиканы жүргізуге байланысты:
1. антенатальды
2. постнатальды.
Біріншілік профилактиканы ажыратады:
1. этиотропты:
-ауыз қуысы микрофлорасымен күрес. Ол оның саны мен құрамының сапасының өзгеруіне бағытталған;
-микрофлора өмір тіршілік өнімі-жұмсақ тіс қағын алу,
-ауыз қуысының мамандандырылған гигиенасы;
-ауыз қуысының өзіндік тазалануын жақсарту.
2. патогенетикалық:
-фторпрофилактика;
-рем. профилактика;
-биологиялық белсенді заттармен профилактика;
-фиссуралар ажыратуы.
Профилактиканы жүргізуге қолайлы негізгі тұрғындар контингенті:
-жүктілер;
-балалар мен жасөспірімдер;
-ересектер.
Профилактика тапсырмалары:
1. эпидемиологиялық жағдайларды бағалау, мақсат қою;
2. профилактика әдістері мен тәсілдерін таңдау;
3. материалды, ақпараттық қамтамасыз ету сұрақтарын шешу;
4. жүргізілетін шаралар тиімділігін бағалау.
Балалардың және жастардың тістерін қорғаудың негізгі принциптері ( Бонский мектебінің постулаттары).
1. сүт, аралас, тұрақты тістер тісжегіден, ортодонтиялық ақаулардан, пародонт ауруларынан қарапайым экономикалық тәсілдермен қорғануы керек.
2. балалар мен жасөспірімдерді стоматологиялық көмектің қажеттілігі мен міндетті түрдегі сипаттамасын білетіндей етіп тәрбиелеу керек. Олар кеңестерді тыңдап, оларды басқара білу қажет.
3. бұл принциптерді мектепті аяқтағаннан кейін және бүкіл өмір бойы сақтануы керек.
Стоматологиялық көмек жүйесі-тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін, белгілі бір тәртіппен жүретін басқару институты мен денсаулық сақтаудың қарым-қатынасы.
Әлемдегі стоматологиялық көмек көрсету жүйесі:
1. жеке ( Исландия, Норвегия, Ирландия);
2. кепілдік ( Австрия, Германия);
3. халықтық және мемлекеттік ( Финляндия, Швеция).
Жеке тәжірибенің артықшылықтары:
1. жақсы еңбек жағдайын ұсынады;
2. жақсы техникалық қамтамасыз етілген;
3. науқастардың сұранысына тез жауап береді;
4. дәрігерлердің мамандандырылған қызығушылығын қанағаттандырады.
Кемшіліктері:
1. басқару қиындығы;
2. еңбекті ұйымдастырудың қазіргі әдістерін енгізу қиындығы ( жүйелі ем).
Кепілдік көмектің артықшылықтары:
1. стоматолог өзінің кірістеріне сенімді;
2. қалалардың экономикалық потенциалының өсуіне байланысты стоматологтардың кепілдік кірістері ұлғайды.
Қоғамдық жүйенің негізгі бағыттары:
1. мектептерді жүйелі түрде емдеу;
2. жоғарғы қаупі бар тұрғындардың басқа да тобын жүйелі түрде емдеу;
3. коммуналды профилактика;
4. қоғамдық..
Тексеру-стоматологиялық ауруларды диагностикалаудың негізгі әдістерінің бірі.
Сыртқы тексеру кезінде бет-пішініне және түсіне көңіл аударады. Онда зақымдалу элементтерінің бар-жоқтығы анықталады.
Ауыз қуысы мүшелерін тексеруді еріннің қызыл жегісі мен ауыз бұрышынан бастайды. Бұл кезде олардың айқындылығын, көлемін, зақымдалу элементтерінің болуы мен сипатын анықтайды. Еріннің шырышты қабықшасын, жақтар түйіскен жағдайда тексереді. Мұнда жоғарғы ерінді көтеріп, төменгі ерінді түсіреді. Тексеру кезінде ұсақ сілекей бездерінің шығу өзектерінің өлшемін, секрециясын және жағдайын еске алады.
Кейінірек кезектілікпен ауыз қуысы кіре берісі тереңдігін, парадонт, тіс қатарын, жеке тістерді, пломба, протездерді тексереді.
Ауыз қуысы шырышты қабықшасын табиғи жарықта қарайды. Себебі, жасанды жарықтандыруда түсін өзгертеді. Бұл кезде құлақмаңы бездерінің шығару өзегінің жағдайына, түсіне, зақымдалу элементтеріне көңіл аударады.
Содан кейін тіл, таңдай тіндерінің, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, ретромлярлы кеңістік, тіласты және жақасты сілекей бездерінің шығару өзегінің, таңдай және бадамша бездерінің жағдайын тексереді.
Тексеруден кейін пальпацияға кіріседі.
Тістер жағдайын бағалау. Тістерді стоматологиялық айна көмегімен жасанды жарықтандыруда немесе жарықты талшықты оптиканы қолдана отырып тексереді
(трансллюминациялық әдіс). Бұл кезде тістер санына, олардың доғада орналасуына, түсіне, пішініне, көлеміне, шеген және протез жағдайларына көңіл аударады. Тексеруден кейін перкуссия мен зондтауға кіріседі.
Саусақты және аспапты перкуссияны ажыратады. Саусақты әдіспен-жұмсақ тіндер жағдайын, ал аспапты әдіспен- тісті қоршап жатқан тіндер жағдайын анықтайды. Аспапты перкуссияны пинцет қаламымен немесе зонд көмегімен вертикалды және горизонталды бағытта жүргізеді. Соққылау науқаста аурсыну немесе жағымсыз сезімдер туғызбауы керек.
Егер тістің қатты тіндерінің, ұлпаның жағдайын анықтау қажет болса, онда зондтау қолданылады. Оны бұрыштық немесе тура зонд көмегімен жүргізеді. Тістің қатты
тіндерінің терең ақауында тіс қуысының төбесінің жағдайын анықтайды. Егер бұзылыстар болса, ешқандай қысым түсірмеу керек. Себебі, абайсызда қозғалыс жасағанда қалған жұмсақ дентинді тесіп, ұлпаны жарақаттауы мүмкін. Тісжегі қуысының қатты тіндерінің консистенциясын зондтау көмегімен, тіс жегі үрдісінің жеделдігін анықтауға болады.
Жұмсақ тіндерді зондтау үшін түймелі зонд қолданылады.
Диспансеризация-балалар денсаулығының жағдайын жүйелі түрде қадағалау, профилактикалық шараларды жүргізу, аурулардың ерте кезеңдерін уақытында анықтау, емдік-профилактикалық көмек түрлерін көрсету жатады. Ең алдымен диспансеризация жүйесіне барлық жастағы балалар тобы кіреді. Себебі, олар халықтың денсаулығын анықтайды.
Бала денсаулығымен күрес оның дүниеге келу уақытына дейін басталады. Жүкті әйелдердің диспансеризациясы ерте кезеңдерде және болашақта да жүргізіледі. Тіс-жақ жүйесінің қалыптасуы ұрықтың жатырішілік дамуының 6-7 аптасынан басталады. Пластикалық материалға қажеттілік ұрықтың даму және өсуінің үдеу кезеңдерінде пайда болады. Жүкті әйел өзінің денсаулығын мұқият қарау қажет. Олардың денсаулығының жағдайы жүкті әйелдің тамақтану сипатына, жағымсыз әдеттердің бар-жоқтығына, кәсіби зияндықтарға, жүктіліктің асқынуына, экстрагениталды патологияға, дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдауға, тұрып жатқан аймақтың экологиялық жағдайына байланысты. Көрсетілген факторлар ағзаға зиян келтіріп, тіс-жақ жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Бұл кезеңде жүкті әйел өміріне гинеколог, акушер, стоматолог қатысады. Стоматолог жүктілерді диспансерлік қадағалауға қатыспаса да, ауыз қуысы жағдайына жауапты. Ол профилактикалық шаралар жүргізеді. Отбасы дәрігері, акушер-гинеколог, медбике де жүкті әйел мен балалардағы стоматологиялық ауруларының профилактикасы бойынша дайындалуы қажет. Баланың өсуі мен дамуында диспансеризацияны педиатр мен отбасы дәрігері жүргізеді. Өмірінің алғашқы жылындағы балалар педиатр және дәрігер-мамандармен жылына -16 рет, ал бала-бақшадағы балалар педиатрмен жылына- 12 рет қаралады. Барлық оқушылар бес дәрігер мамандардан қараудан өтеді. Оның ішінде стоматолог та бар. Бұл кезде аурудың бастапқы кезеңдері, жастық дамуындағы ауытқулар анықталып, емдеу және уақтылы түзету шаралары жүргізіледі.
