Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лист.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.44 Кб
Скачать
  1. Жаңа технологияны енгізу тиімділігін анықтау

Жаңа технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері:

а)    капиталды салымдар; б)    өнімнің өзіндік құны; в)    капиталды салымдардың ақталу мерзімі және тиімділік коэффициенті; г)    еңбек өнімділігі (бір жұмысшының өнім дайындауы).

Экономикалық тиімділік мынаған тең.

Э =Ссм:cағ х ..Т+Цn(nн – nр), тенге

Цк-Жабдықтың орташа бағасы -52000тенге

Э=14668х362+52000(18-9)=5777816тенге

Тмех=Тмехн-Тмехр=394,4-240,85=153,5сағ

Ткто=Тктон-Тктор=232,26-116,12=116сағ

Тәрж=Тәржн-Тәржр=515,83-257,9=257,9сағ

Т=153,5+116+92=361,5

Сол немесе басқа технологиялық процестің тиімділігі жөнінде жауап алу үшін оны базалық нұсқасымен салыстыру қажет. База үшін технологиялық процестерді жетілдіру кезінде салыстыруға нақты жағдайларда жасалатын процес қабылданады. Жаңа технологиялық процестерді дайындау кезінде олардың қаншалықты прогрессивті екенін бағалау үшін, салыстыру кезінде базалық ретінде Отандық және шет ел мекемелеріне енгізілген ең жақсы процестерді қабылдаған дұрыс. Анағұрлым тиімді процес енгізуі азырақ капитал шығымын талап ететіні және сонымен қатар азырақ өзіндік құн қамтамасыз ететіні болып табылады.

Капиталды салымдардың шамасын анықтау

Капиталды салымдар – негізгі фондтардың құны және олар базалық пен енгізілетін нұсқалары үшін анықталады. Жаңа және қолданыстағы технологияылық процесті жетілдіруді енгізген кезде капиталды салымдар – бұл жабдықтарды алу және аспаптарды дайындау үшін кететін шығым. Базалық нұсқа үшін жабдықтар мен аспаптардың теңгерімді құны (есепшілер мәліметі бойынша) қабылданады, ал енгізілетін нұсқа үшін шығымды калькуляциялау арқылы.

Екі нұсқа үшін де капиталды салымдар енгізілген нұсқасы бойынша өнімнің жылдық шығарылымы жағынан саналады. Сол арқылы, егер жаңа технологияны енгізу нәтижесінде өнімнің шығарылымын өсіру қарастырылатын болса, базалық нұсқадағы бар капиталды салымдар шамасына бар жұмыс жағдайларында өскен өнім шығарылымын қамтамасыз етуге арналған негізгі фондты толтыруға шығымдану қажет капиталды салымдар сомасын қосады.

Экономикалық тиімділігін есептеу үшін ақырында енгізілетін нұсқа бойынша өнімнің жылдық шығарылымы арқылы саналатын, өзімен салыстырылатын нұсқалар бойынша капиталды салымдардың әр түрлілігін көрсететін, қосымша капиталды салымдарды анықтау қажет,

Енгізілетін нұсқадағы өнімнің өзіндік құнын анықтау

Жаңа технологиялық процесті енгізу нәтижесінде бөлшектерді (тораптарды) дайындаудың өзіндік құнын өзгерту өнім бірлігінің өзіндік құнын базалық және енгізілетін нұсқамен салыстыру арқылы анықталады.

Өнімнің барлық баптарын қосатын, толық өзіндік құны анықталады, егер жаңа технологиялық процестер бүтін цех көлемінде енгізілетін болса. Аралық операциялар мен жұмыстар кезінде жабдықтардың, аспаптардың жаңа технологиялық процесін енгізуі барлық шығым баптарында көрінбей, тек олардың кейбірінде ғана көрінсе, өзіндік құнның өзгеру шамасын салыстырылатын нұсқалардағы өзгеретін баптар бойынша ғана анықтаған дұрыс.

Өндірістік еңбекақысын экономдауын анықтау кезінде ұсынылған нұсқа бойынша еңбек сыйымдылығы қолданыстағы технологиялық процестің нақты еңбек сыйымдылығымен сәйкестендірілуі керек. Өндірістік еңбекақы сыйақылар және қосымша еңбекақыларды ескеретін тарифтік қойылымдар негізінде анықталады.

Еңбекті уақыт аралық төлеу учаскелерінде еңбекақы экономдауы базалық және енгізілетін нұсқадағы негізгі, қосымша жұмыс учаскесінің еңбекақы фондының айырмашылығынан анықталады.

Салынатын шығындар бойынша өзгеретін шығым тек салыстырылатын нұсқалардың бөлек баптарымен тура есептеу арқылы анықталады. Егер өңдеудің жаңа нұсқасын енгізу барысында өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізсе, онда салынатын шығындардың шартты-тұрақты бөлімінің жанама экономдауы мына формула бойынша анықталады.

,

Мұндағы Ну - салынатын шығындардың шартты-тұрақты бөлімінің жылдық сомасы

В2- енгізілетін нұсқа бойынша өндіріс көлемі (натуралды бірлікте). Шараның енгізілуінен кейін мемлекеттік жоспардың екінші жылы бойынша қабылданады;

В1 – қолданыстағы өндіріс көлемі (натуралды бірлікте);

— шығарылымның өсім коэфициенті

Шараны енгізу нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін анықтау кезінде іргелес учаскелердің де шығым өзгерісін ескеру керек (мысалы дайындамадағы өңделмеген жерлерді азайту кезінде механикалық өңдеу учаскесінде экономдау).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]