- •Мекеменің өндірістік ұйымдық құрылымы
- •Жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды есептеу
- •Еңбекақы төлеу және оны есептеу
- •4. Жөндеу жұмыстары кезінде негізгі құралдардың есебін жүргізу
- •5. Материалдық шығындардың үлес салмағы есептеу
- •Пайданы көтеру және өндірістің рентабель деңгейін анықтау
- •Жаңа технологияны енгізу тиімділігін анықтау
- •Капиталды салымдардың шамасын анықтау
- •Жөндеу жұмыстарының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
Пайданы көтеру және өндірістің рентабель деңгейін анықтау
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында кез келген кәсіпорынның қызметі өндіріс үдерісіне қажетті қаржы ресурстарын тартумен және оларды пайдаланумен, өндірілген өнімді (қызмет, жұмыс) өткізіп, одан қаржылық нәтижелерді алумен байланысты. Сондықтан қаржылық нәтижелерді қалыптастыру процесін талдаудың мыңызы өте зор. Қаржылық нәтижелерді талдаудың негізгі мақсаты – қаржылық нәтижелердің, яғни пайда мен рентабельділіктің төмендеуіне ықпал ететін факторларды анықтау.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
пайданың құрамы мен құрылымын талдау;
кәсіпорынның негізгі қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау;
басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау;
пайданы бөлу мен пайдалануды талдау;
кәсіпорын қызметінің рентабельділігін талдау.
Пайда – бұл кәсіпорынның өндірістік қызметін ынталандыратын, оны кеңейту үшін қаржылық негізді құрайтын және еңбек ұжымының әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын маңызды фактор. Демек пайда – кәсіпорынның тауарларды (қызмет, жұмыс) өткізу қызметінің түпкілікті қаржылық нәтижесі, сондай-ақ инвестициялау және әлеуметтік қорларды құру көзі.
Кәсіпорынның жалпы пайдасы – бұл кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған пайдасы. Жалпы пайданың (ЖП) құрамына тауарларды (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған пайда (ӨТП), басқа да өткізуден алынған пайда (БӨТП) және өткізуден тыс шығындар (ӨТШ) шегерілген өткізуден тыс алынған табыстар (ӨТТ) құрайды:
ЖП = ӨТП + БӨТП + ӨТТ – ӨТШ
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы — материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:
— рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
— таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
— табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
— табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
— табыстың өсу резервтерін анықтау;
— кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
— рентабельділіктің әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Рентабельділік коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:
— басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
— кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
— рентабельді болжау әдісі;
— шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:
— шығындарды өтемі;
— сатудың табыстылығы;
— капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.
Кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) – бұл рентабельділік көрсеткіштері тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалығына бақылау кезінде, ішкі шаруашылық талдаулық есеп айырысулар кезінде рационалды түрде қолданылады. Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі
Рө = (Пө/Өө) * 100 %
Мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
2. Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі – сату рентабельділігі келесі формуламен есептеледі:
Рс = По / Т * 100 %
Мұндағы, Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім.
Берілген коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайдадан келетіні көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
Рмк = (Пт/Км)
Мұндағы, Пт – таза пайда
Км – меншік капиталдың орташа көлемі
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің өзгеруі мысалы, биржадағы кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялық капитал рентабельділігі – Ри
Ри = Пт/Кик * 100 %
Мұндағы, Кик – инвестициялық капиталдың орташа көлемі
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды.
В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі - Рнк
Рнк = Пк / Б орт * 100 %
Мұндағы, Пк – кәсіпорын пайдасы
Б орт – барлық кезеңдегі баланстық орташасы
Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
4. Айналым активтерінің рентабельділігі – Р айн
Р айн = (Пк / АА орт) * 100%
Мұндағы, АА орт – айналым активтивтерінің орташа көлемі
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың берілгендері бойынша анықталады.
5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рентабельділігі
Р айн емес = Пк / А айн емес орт
Мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
Қазіргі жағдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе, келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
- Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары пайда табады.
- Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айқындалады.
- Уақытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды кезеңде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, бұны жағымсыз сәт ретінде қарастыруға болмайды.
