Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лист.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.44 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға бай. Сондай байлықтың бірі – мұнай. Республикамыздың үстіміздегі жылы жақсаруы көп жағдайда мұнай мен түсті металға әлемдік бағаның өсуі есебінен болды, бұл экономикалық болжамға үміт артуға негіз бар деген сөз.

Ал республиканың дамуын қамтамасыз ететін басты салалардың мұнай – газ саласы болғандықтан әлеуметтік - экономикалық дамудың өлшемдері ішкі жалпы өнімнің өсімі инфляция деңгейі бюджет көлемі тағы сол сияқты көп жағдайда мұнайдың әлемдік бағасының жай күнімен және оның сақталуымен өлшенеді. Мысалы 1997 жылы «ҚазақОйл» ға кірген кәсіпорындар 20,1 млн.т мұнай өндірілсе оның қатысуымен біріккен кәсіпорындар сол жылы 7 млн.т мұнай өндірді. Біріккен кәсіпорындарға қатысатын фирмалардың ішінде 8 Американдық, 4 Германдық, 3 Жапониялық пен кейінірек 2 Италияндық, Түріктік , Ағылшындық, Канадалық бір – бірден Сауд Арабиялық, Франциялық, Чехиялық, Венгерлік, Ресейлік фирмалар бар. Қорыта келгенде көмір су тегінің қоры бойынша Қазақстан дүние жүзі мемлекеттерінің арасында бірінші ондыққа кірді. Мамандардың бағалауы бойынша Каспий аймағы XX I – ғасыр дүние жүзінің мұнай мен газ беретін ең ірі аймағына айналуы, ол маңызы жағынан Парсы шығанағы аймағының алдына шығуы мүмкін.

Алдын ала жасалынған болжамдар бойынша жуырдағы 10 – 15 жылда мұнай саласына жасалатын инвестицияның басым көпшілігі ғылыми техникалық жетістіктерді үдемелі түрде дамытуға өндіріске енгізуге сол арқылы бүгінде тиімсіз саналатын қатардан шығып қалған ұңғылардың мұнай беру қабілетін ұлғайтуға бағытталады деп күтуде. Мұнай Қорының технологиялық мүмкіндігіне байланысты 20 – 30 % ғана алынып қазіргі кезде ақтарылып қарап тұрған ұңғыларды екінші рет өмірге келтіріп елімізде мұнай өндіруді сандық және сапалық деңгейге көтеретіні хақ.

Қазіргі Атырау аймағында, оның ішінде Жайық пен Жем өзендерінің аралығында, мол мұнай кені бар екендігі ерте замандардан белгілі еді. Өткен ғасырлардың өзінде жергілікті халық, көшпелі қазақтар жер бетіне өздігінен шығып жатқан мұнайды (қимайды) сүзіп алып, отындыққа пайдаланып, тіпті адам не малдың тері ауруларын емдеуге қолданған.

Аталған қолайлы жағдайларды пайдаланып мұнай өндіруді еліміз үшін үлкен табыс көзіне айналдырғымыз келсе, бұл салада жұмыс атқаратын негізгі қондырғылардың құрал – жабдықтар басым көпшілігі өзіміздің төл техникамыз болуы керек. Сонда ғана біз мұнайдың шын мәніндегі өзіндік құнын анықтауға жұмсалатын шығынның көлемін ғылыми техникалық жетістіктерді пайдаланып төмендетуге нәтижесінде Әлемдік Саудада тиімді түрде сатуға мүмкіндік аламыз. Біздің елде материалды – техникалық базасының құрылуы, әрі қарай мұнай және газ өнеркәсібінің тиімді, жақсы дамуын жорамалдап отыр.

  1. Мекеменің өндірістік ұйымдық құрылымы

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.

Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

  • шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;

  • өндірістің ауқымы;

  • кооперациялау деңгейі.

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.

Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.

Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады.

Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.

Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.

Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Өндіріс құрылымы – бұл оның бөлімшелер құрамын және байланыс жүйесін, бағыныштылығы мен бір бірімен байланысын мінездейтін ішкі құрылысы. Басқарудың өндірістік, ұйымдық және ортақ түрлері ажыратылады.

Мекеменің ортақ құрылымы мекемені басқарудағы барлық өндірістік, өндірстік емес (жанұя мүшелері мен жұмысшыларға қызмет көрсету бойынша) бөлімшелер, және де ұйымдық звенолардың, бос емес аудан өлшемі бойынша, өткізу қабілеті мен жұмысшылар саны бойынша олардың саны, өлшемдері, бір бірімен байланысы және сол бөлімшелер арасындағы қарым қатынасы.

Мекеменің өндірістік құрылымы - бұл өндіру процесіндегі мекеменің өндірістік бөлімшелерінің өлшемі мен құрамынан, өз арасындағы байланысының формасы, қуаты бойынша (жабдықтың өткізу қабілеттілігі) бөлімшелерінің қатынасы, жұмысшылар саны, және де мекеме аймағында бөлімшелердің орналасуынан тұратын ұйымның кеңістіктік формасы.

Мекеменің өндірістік құрылымы бөлек бөлімшелер арасында еңбекті бөлу мінезін, және де өнімді жасауда жалғыз өндірістік процестегі көшірмеленген байланыстарды көрсетеді. Бұл мекеменің тиімділігі және бәсекеге қабілеттілігіне елеулі әсер етеді. Өндірістік бөлімшелердің құрамы, өлшемі, олардың мөлшерлілік деңгейі, мекеме аймағындағы орналасуының дұрыстығы, өндірістік байланыстың тұрақтылығы өндірістің ырғақтылығына және өнім шығарылымының біркелкілігіне әсер етеді, өндірістік шығындарды және мекеменің таза табыс деңгейін анықтайды. Сондықтан мекеменің тиімді өндірістік құрылымы келесі талаптарға жауап беруі керек:

1. өндірістік құрылымның қарапайымдылығы (өндірістік бөлімшелердің жеткілікті және шектелген құрамы);

2. дубляждалатын өндірістік звенолардың жоқ болуы ;

3. зауыттық аймақта бөлімшелердің дұрыс орналасуы негізінде өндірістік процестің тура дәлдігін қамтамасыз ету ;

4. жабдықтың өткізу қабілеттілігі, учаске, цехтің қуат мөлшерлестігі ;

5. цех пен учаскенің көшірмелеу және мамандандыруының тұрақты формасы;

6. өндірістік құрылымның бейімділігі, иілгіштігі, яғни нарықтық өзгермелі жағдаятына сәйкес өндірістік процестің барлық ұйымының жылдам қайта құру қабілеттілігі.

«КазТурбоРемонт СО» ЖШС – Қазақстандағы газайдайтын агрегаттар және газотурбиналы қондырғыларға сервистік қызмет көрсететін және жаңғыртатын, кешендік жөндеу жүргізетін отандық мамандандырылған кәсіпорын. Кәсіпорын химия мен энергетика, мұнай-газ кәсіпшіліктері үшін жоғары технологиялық кешенді шешімдерді іске асырады. Кәсіпорында СТ РК ИСО/МЭК аккредитация атестаты бар. Қазіргі таңда компаниядағы жұмысшы саны 200-ден астам. Басты кеңсесі Астана қаласында орналасқан және инжинерлік, қаржылық, коммерциялық блоктарға ұсынылған. Сонымен қатар компания құрамына Атырауда орналасқан газотурбиналы жабдықтарға бөлшектер және жабдықтамалар өндіру, газотурбинаны жөндейтін зауыт кіреді.

Зауыттың қызмет көрсету нарығы Қазақстан және барлық Каспиймаңы аймақтары. Зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары технологиялық айналатын жабдықтардың ағымдағы және күрделі жөндеуінің толық циклін жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қоса жабдықтайтын бөлшектерді, мұнай-газ және энергетика секторына жабдықтарға торабтарды дайындайды. Жыл сайын зауытта 5-6 турбина жөнделеді. «КазТурбоРемонт СО» клиенттері мен серіктестері арасында алдыңғы қатарлы қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олар «КазТрансГаз», «Интергаз Центральная Азия», «Аджип ККО», НКОК, ТШО, «Карачаганак Петролиум», «Сименс», «Роллс-ройс» және т.б.

«КазТурбоРемонт» энергомашина құрылыс компаниясы аз ғана жұмыс уақытында – сегіз жыл өзін турбина жөндеп, қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы ұсынушысы ретінде көрсетті. Компания сонымен қатар айналатын жабдықтардың кез-келген маркаларына дұрыс және тиімді, сенімді шешімдер ұсына алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]