Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5. ПРАКТИКА ӘДІСТ.НҰСҚАУЫ B04.115-ӘСКЕРИ САПТЫҚ ӘУЕНДІК ТӘРБИЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

1.Жоспары.

1.Бір орында! Адымда.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық қозғалыстың тапсырмаларын музыкамен сүйемелдеу тапсырмаларының ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Музыкамен қозғалыс тапсырмаларын талапқа сай саптық алаңда орындау.

1 «Бір орында!», «Адымда»

Сапта жүру әндерін жабдықталған залдарда жаттап, музыканың сүйемелдеуінен кейін орындап үйреніп болған соң, келесі жаттығулар реті саптық алаңда орындалады. Саптық алаңда саптық әндер келесі ретте орындалады.

1. Бір орында қозғалыссыз.

2. Бір орында адымдап.

3. Қозғалыста.

Бір орында қозғалыссыз орындалатын әндер взводты үш лекті немесе үш қатарлы сапқа тұрғызу арқылы жүзеге асады. Әнді бастау үшін келесі пәрмен беріледі. «Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні. Бірінші нұсқа. Бір орында. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды.

«Бір орында!», «Адымда» пәрмендерін орындау үшін келесі пәрмен беріледі. « Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні». Бірінші нұсқа. Бір орында Адымда. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында адымдап үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды. Барлық жағдайда әннің нұсқасының реті пәрменде айтылады. Бір орында адымдау кезінде қатарлар мен лектердің орналасуы, қимыл-қозғалыстар Саптық жарғы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2. «Топ. Тоқта» бұйрығын орындау.

Топ, бөлімше, взвод әнді орындау кезінде әнді доғару үшін, қозғалысты тоқтату үшін, жіберілген кемшіліктерді түзеу үші дауыстап, нақты «Топ. Тоқта» немесе «Топ. Доғар» пәрмендері беріледі. Пәрмен бойынша әнді орындау, қозғалыс тоқтатылады, қосымша пәрмен бойынша жалғасады.

Сап түзеу ротаның белгі беруші-барабаншылары мен кернейшілердің белгілері бойынша жүзеге асады. Белгі беруші-барабаншы сапта барабанды белдікте сол иықта, төменгі былғарысы оң жақ жанына қаратып ұстайды. Таяқшалар жіңішке ұштары төмен қаратылып барабан белдігінің ұяларында болады.

Белгі беретін керней - ауыз жағы төмен қаратылып, сол жақ жамбаста керней шеңберінен белдік белбеуге бекітіліп оң иық арқылы бауда болады. Барабанды соғуға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы барабан таяқшаларын барабан белдігінің ұясынан алады, барабанды ойнау үшін жағдайға келтіреді және таяқшаларын жіңішке ұшымен барабанның жоғарғы былғарысына қояды. Жетекші белгі беруші-барабаншы барабан соғуды бастауға және тоқтатуға нұсқау беру үшін таяқшаларды серпіп белгі береді.

1 -сурет. 2-сурет. 3-сурет.

Барабанның және Барабанның Белгі беретін кернейдің

белгі беретін кернейдің ойнаған уақыттағы белгі берген

саптық қалып жағдайы кездегі жағдайы

бойынша жағдайы

Белгі беруші-барабаншы бұрылған кезде барабанды қолымен шеңберінен ұстайды. Ойнамаған кезде саптағы қозғалыс кезінде барабанды 1-тармақта керсетілгендей ұстайды.Белгі беретін кернейде ойнауға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы кернейді оң қолына алады және мундштукты аузына апарады

Белгі беру кернейі үшін белгілер мен роталық барабан үшін барабан соғуларының тәртібі.

4.Бақылау сұрақтары.

1.Бір орында адымда бұйрығын орындау?

2. «Топ. Тоқта» бұйрығын орында?.

3.Бірінші нұсқа.

4.Екінші нұсқа.

5.Барабан соғуларының тәртібі.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын СӨЖ тақырыбы:

1.Бір лектен екі,үш,төрт лекке тұру.

2.Саптарды тарату және жинау.

7. Үй тапсырмасы:

1.Лектік сапқа тұрып орындау.

2.Жорықтық сапқа тұру ретін орындау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі Б.Ахметов,Б.Байжұманов 2003ж

Практикалық сабақ №12

Тақырыбы:«Адымда пәрменінің бұйрықтарын әуенмен орындау тапсырмалары».

1.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық қозғалыстың тапсырмаларын музыкамен сүйемелдеу тапсырмаларының ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Музыкамен қозғалыс тапсырмаларын талапқа сай саптық алаңда орындау.

1.Адымда пәрменінің бұйрықтарын әуенмен орындау тапсырмалары

Бір орында қозғалыссыз орындалатын әндер взводты үш лекті немесе үш қатарлы сапқа тұрғызу арқылы жүзеге асады. Әнді бастау үшін келесі пәрмен беріледі. «Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні. Бірінші нұсқа. Бір орында. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды.

«Бір орында!», «Адымда» пәрмендерін орындау үшін келесі пәрмен беріледі. « Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні». Бірінші нұсқа. Бір орында Адымда. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында адымдап үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды. Барлық жағдайда әннің нұсқасының реті пәрменде айтылады. Бір орында адымдау кезінде қатарлар мен лектердің орналасуы, қимыл-қозғалыстар Саптық жарғы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

1.Оқыту әдістемесі.

Топ, бөлімше, взвод әнді орындау кезінде әнді доғару үшін, қозғалысты тоқтату үшін, жіберілген кемшіліктерді түзеу үші дауыстап, нақты «Топ. Тоқта» немесе «Топ. Доғар» пәрмендері беріледі. Пәрмен бойынша әнді орындау, қозғалыс тоқтатылады, қосымша пәрмен бойынша жалғасады.

Сап түзеу ротаның белгі беруші-барабаншылары мен кернейшілердің белгілері бойынша жүзеге асады. Белгі беруші-барабаншы сапта барабанды белдікте сол иықта, төменгі былғарысы оң жақ жанына қаратып ұстайды. Таяқшалар жіңішке ұштары төмен қаратылып барабан белдігінің ұяларында болады.

Белгі беретін керней - ауыз жағы төмен қаратылып, сол жақ жамбаста керней шеңберінен белдік белбеуге бекітіліп оң иық арқылы бауда болады. Барабанды соғуға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы барабан таяқшаларын барабан белдігінің ұясынан алады, барабанды ойнау үшін жағдайға келтіреді және таяқшаларын жіңішке ұшымен барабанның жоғарғы былғарысына қояды.

Белгі беруші-барабаншы бұрылған кезде барабанды қолымен шеңберінен ұстайды. Ойнамаған кезде саптағы қозғалыс кезінде барабанды 1-тармақта керсетілгендей ұстайды.Белгі беретін кернейде ойнауға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы кернейді оң қолына алады және мундштукты аузына апарады

Белгі беру кернейі үшін белгілер мен роталық барабан үшін барабан соғуларының тәртібі.

4.Бақылау сұрақтары.

1.Бір орында адымда бұйрығын орындау?

2. «Топ. Тоқта» бұйрығын орында?.

3.Бірінші нұсқа.

4.Екінші нұсқа.

5.Барабан соғуларының тәртібі.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын СӨЖ тақырыбы:

1.Бір лектен екі,үш,төрт лекке тұру.

2.Саптарды тарату және жинау.

7. Үй тапсырмасы:

1.Лектік сапқа тұрып орындау.

2.Жорықтық сапқа тұру ретін орындау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі Б.Ахметов,Б.Байжұманов 2003ж

Практикалық сабақ №13

Тақырыбы:«Сапта жүру бұйрықтарының музыкамен қоса берілуі».

1.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау.

2.Сабақтың мақсаты: Сапта жүру бұйрықтарының музыкамен қоса берілуі ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Сапта жүру бұйрықтарының музыкамен қоса берілуі

тапсырмаларын талапқа сай саптық алаңда орындау.

1.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау.

Сапта жүру әндерін жабдықталған залдарда жаттап, музыканың сүйемелдеуінен кейін орындап үйреніп болған соң, келесі жаттығулар реті саптық алаңда орындалады. Саптық алаңда саптық әндер келесі ретте орындалады.

1. Бір орында қозғалыссыз.

2. Бір орында адымдап.

3. Қозғалыста.

Бір орында қозғалыссыз орындалатын әндер взводты үш лекті немесе үш қатарлы сапқа тұрғызу арқылы жүзеге асады. Әнді бастау үшін келесі пәрмен беріледі. «Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні. Бірінші нұсқа. Бір орында. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды.

«Бір орында!», «Адымда» пәрмендерін орындау үшін келесі пәрмен беріледі. « Взвод, Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні». Бірінші нұсқа. Бір орында Адымда. Әнді баста. Бір-екі».

Берілген пәрмен бойынша взвод әнді бір орында адымдап үшінші немесе бесінші санақ бойынша, әуеннің бірінші фразасына сәйкес бастайды. Барлық жағдайда әннің нұсқасының реті пәрменде айтылады. Бір орында адымдау кезінде қатарлар мен лектердің орналасуы, қимыл-қозғалыстар Саптық жарғы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

«Топ. Тоқта» бұйрығын орындау.

Топ, бөлімше, взвод әнді орындау кезінде әнді доғару үшін, қозғалысты тоқтату үшін, жіберілген кемшіліктерді түзеу үші дауыстап, нақты «Топ. Тоқта» немесе «Топ. Доғар» пәрмендері беріледі. Пәрмен бойынша әнді орындау, қозғалыс тоқтатылады, қосымша пәрмен бойынша жалғасады.

Сап түзеу ротаның белгі беруші-барабаншылары мен кернейшілердің белгілері бойынша жүзеге асады. Белгі беруші-барабаншы сапта барабанды белдікте сол иықта, төменгі былғарысы оң жақ жанына қаратып ұстайды. Таяқшалар жіңішке ұштары төмен қаратылып барабан белдігінің ұяларында болады.

Белгі беретін керней - ауыз жағы төмен қаратылып, сол жақ жамбаста керней шеңберінен белдік белбеуге бекітіліп оң иық арқылы бауда болады. Барабанды соғуға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы барабан таяқшаларын барабан белдігінің ұясынан алады, барабанды ойнау үшін жағдайға келтіреді және таяқшаларын жіңішке ұшымен барабанның жоғарғы былғарысына қояды. Жетекші белгі беруші-барабаншы барабан соғуды бастауға және тоқтатуға нұсқау беру үшін таяқшаларды серпіп белгі береді.

1 -сурет. 2-сурет. 3-сурет.

Барабанның және Барабанның Белгі беретін кернейдің

белгі беретін кернейдің ойнаған уақыттағы белгі берген

саптық қалып жағдайы кездегі жағдайы

бойынша жағдайы

Белгі беруші-барабаншы бұрылған кезде барабанды қолымен шеңберінен ұстайды. Ойнамаған кезде саптағы қозғалыс кезінде барабанды 1-тармақта керсетілгендей ұстайды.Белгі беретін кернейде ойнауға дайындалу үшін белгі беруші-барабаншы кернейді оң қолына алады және мундштукты аузына апарады

Белгі беру кернейі үшін белгілер мен роталық барабан үшін барабан соғулары

Белгі беру кернейі үшін белгілер

1. Ұйқыдан тұрғызу

4.Бақылау сұрақтары.

1.Адымда пәрмені бұйрығын орындау.

2. «Топ. Тоқта» бұйрығын орында.

3.Пәрмен бойынша әнді орындау.

4.Барабан соғуларының тәртібі.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы.

1.Сапта жүру бұйрықтарының музыкамен қоса берілуі.

2.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау.

7. Үй тапсырмасы:

1.Сапта жүру бұйрықтарының музыкамен қоса берілуі.

2.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі Б.Ахметов,Б.Байжұманов 2003ж

Практикалық сабақ №14

Тақырыбы: «Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмалары».

1.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмалары ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмаларын талапқа сай саптық алаңда орындау.

1.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмалары

Саптық адым, саптық тәсілдерді үйренудегі ең күрделісі, қиыны болып табылады, оларды орындау студенттерден жинақтылықты, нақтылықты және қол мен аяқтың үйлесімділігін талап етеді.

Саптық адымның қолданылуын айта келе оны оқытуға оқытушы көшеді. Саптық адыммен қозғалыс жасауды оқытуды әр жаңа тәсіл секілді үлгілі көрсету арқылы бастаған жөн.

Саптық адым қозғалысын толық көрсеткеннен кейін, оқытушы бірінші дайындық жаттығуына – қолдың қозғалуын көрсетеді. сонан соң мынадай пәрмен береді: «Қолмен қозғалыс, жаса – БІР, жаса - ЕКІ».

Саптық адыммен қозғалыс кезiнде қолдардың күйiн көрсету.

«Жаса – БІР» есебі бойынша студенттер оң қолды жұдырықтап қозғалысқа келтіреді және қол белдіктен жұдырық көлемінде жоғары, ал денеден бір жұдырық қашықтықта ұстау керек, бір мезетте сол қолды артқа жіберу керек. Қолдардың саусақтары, жартылай бүгулі, ал оң қолдың жұдырығын сәл жоғары көтерген жөн. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, олар сол қолды алға ал оң қолды артқа қозғалысымен қайталайды.

Әр есеп сайын оқытушы қолдың қозғалыстағы күйін тоқтатып қателіктерді жөндейді. Студенттердің көпшілігі кемшіліктерге бой алдырса, оқытушы «ТОҚТА» деген пәрмен береді, ал егер бір студент қана қателіктер жіберсе, онда «Қатардағы Асанов - ТОҚТА» деген пәрмен беріледі.

Дайындық жаттығудан кейін (қол үшін) студенттердің өз есебіне жаттығуды жалғастыруға болады. Бұл жаттығуды күрделендіру үшін орнында тұрып адымдауды қосуға мүмкіншілік бар.

Орнында тұрып адым жасауды көрсету «Орнында, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша студенттер аяғын жерден 15-20 см биіктікке көтереді және аяғын қалыпты күйге қояды.

Бір орнында тұрып адыммен қолдарды қозғалысқа келтіру жаттығуын қайталау үшін командир «Орнында адыммен қолдардың қозғалысы, жаса – БІР, жаса - ЕКІ». Дайындық кезеңінде қолдардың күйіне баса назар аударылуы тиіс.

Орнында адым кезінде қолдардың дұрыс күйін үйренгеннен кейін, екінші дайындық жаттығуына көшеді.

Алғашқыда минутана 60 адым төртке, екіге және бір есебі бойынша саптық адыммен қозғалыс, сонан соң қалыпты деңгейге (110–120 адым минутына) 70 – 80 см адымның көлемімен көшу.

Қолдардың қозғалысын бiр мезетте орнында тұрып адым жасау арқылы үйрену.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Бір орында бұрылыстар.

2. Саптық адым.

3. Қозғалыста бұрылыс іс-қимылдары

4. Ізет білдіру (бір орында тұрып).

5. Қозғалыста сәлемдесу ережелері.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай Қозғалыс кезіндегі міндеттер,пәрмен беру, командалық әдіс тәсілдерді меңгеру.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмалары

2.Оқыту әдістемесі.

7.Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Адымда пәрменінің бұйрықтарын орындау тапсырмалары әдіс тәсілдерді меңгеру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

Практикалық сабақ №15

Тақырыбы: «Би дайындығы».

1.Би элементері және дайындық.

2.Сабақтың мақсаты: Би элементері және дайындық ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Би элементері және дайындық талапқа сай саптық алаңда орындау.

1.Би элементері және дайындық.

Музыкадағы барлық дыбыстар бір тәртіпке келтірілген, олар үдемелі және бәсеңситін жоғарылығы бойынша белгілі жүйелілікпен орналасып, музыкалық қатарды құрайды. Негізгі дыбыстар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. "До"-дан "до"-ға дейінгі аралық октава деп аталады.

Дыбыстарды жоғарылығы бойынша 3 топқа немесе 3 регистрге бөлуге болады: жіңішке, орташа, төмен дыбыстар.

Регистр деп жоғарылығы бойынша орналасқан және тембрлік белгі бойынша біріккен дыбыстардың бөлігін атайды.

2. Әуен және би қозғалысы.

Әуен - музыканың негізі болып саналады. Ол барлық музыкалық шығармалардың басты мәнерлі құралы ретінде қызмет атқарады. Әуен деп бір дауыспен айтылған музыкалық ой немесе жоғарылығы бойынша белгілі бір арақатынаста тұрған және белгілі темп және ырғаққа ие дыбыстар үйлесімдігін атайды. Әуен музыканы, демек жаттығуды да есте сақтап қалуға көмек етеді. Жаттығуды қандай әнге қосылып орындағандықты біле отырып, оны қажетті темпі пен ырғағын сақтай отырып, музыкасыз қайталауға әбден мүмкін.

Гимнастика сабақтарында негізінен марштық үлгідегі, би және әндік музыка пайдаланылады.

Марш - музыкалык өлшемі 4/4 - адымдауға, сап түзеп жүруге, қозғалуға ыңғайлы, ол айқын ырғақ пен темпке ие музыка. Ол түрлі көпшілік шерулерді сүйемелдеуге арналған.

Вальс - музыкалық өлшемі s - бір орында тұрып және қозғалып тұрған кезде жалпы дамыту жаттығуларын орындауға ыңғайлы музыка.

Полька, галоп - музыкалық өлшемі 2/4 - секіру, секіріп түсу, жүгіру тапсырмаларын орындауға ыңғайлы сергек музыка.

Метрлік қозғалыс.

Музыкада барлық дыбыстар уақыт бойынша қатан ұйымдастырылған. Ұзақтығы әртүрлі дыбыстар бірқалыпты қозғалыс (пульсация) жасай отырып, тең уақыт аралығынан кейін қайталанып тұратын доляларға бірігеді.

Бұл қозғалыс барысында кейбір долялардын дыбысы екпінмен белгіленеді. Бұндай екпін акцент деп аталады. Акцент түскен долялар күшті долялар деп аталады.

Акцент түспейтін долялар әлсіз долялар деп аталады.

Күшті және әлсіз долялардың бірқалыпты алмасуын метр дейді.

Метрдің долясы түрлі ұзақтықпен белгіленеді:

Ырғақ - дыбыстар ұзақтығының ұйымдасқан жүйелілігі. Ұзақтықтардың үйлесімділігі ырғақтық сурет деп аталады.

Метр доляларының белгілі ұзақтықпен белгіленуін өлшем дейді.

Ноталық жазуда өлшем белшек арқылы көрсетіледі: алымы бір тактідегі долялар санын көрсететін болса, бөлгіші - тактінің әр долясы қандай ұзақтықпен белгіленгенін байқатады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Би қозғалысындағы Полька, галоп музыкасы?

2.Вальс би музыкасын атап көрсету?

3.Марш

4.Вальс

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы.

1.Би элементері және дайындық.

7. Үй тапсырмасы:

1.Би элементері және дайындық.

2.Оқыту әдістемесі.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі Б.Ахметов,Б.Байжұманов 2003ж

Практикалық сабақ №16

Тақырыбы:Оқыту практикасы.