- •5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы
- •Әдістемелік нұсқау
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
- •1.Жоспары:
- •2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
1.Жоспары
1.Қозғалыста жүріп сап түзеу
2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық әртүрлі жүрістермен қозғалыс жасау, лектік саптарға тұру тарау және жиналу қайта сапты түзеу ережелерін жеткізе білу.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери саптық қозғалыстар жасау бір лектен екі,үш лекке қайта сап түзеу тарау және жиналу туралы.
1.Қозғалыста жүріп сап түзеу
Сап түзеу ҚР ҚК Саптық жарғысының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Бір лекті саптан екі лекті сапқа сап түзеу үшін бөлімше 1-2 саналып лек ретін белгілеп алады. Жүріс кезінде біріншілер оңға, екіншілер солға лек түзіп қозғалысты тоқтатпай екі лекті саппен жүрісті жалғастырады.
Бір лектен үш лекке қайта сап түзеу үшін бөлімшелер лек тәртібін бұзбай қозғалыста бірінші бөлімше оң жақта баяу жүріспен, 2-3 бөлімшелер сол жаққа шығып теңелген кезде қалыпты қозғалысқа көшеді. Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін (27, 28-суреттер).
Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу «Рота, үш (төрт, екі) лекке - САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша рота 27, 28-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы - бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.
Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы - арнайы бөлімшеден кейін тұрады.
3 Саптарды тарату және жинау.
Саптарды тарату және жинау ҚР ҚК Саптьщ жарғысының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Сапты тарату үшін келесі пәрмен беріледі: «Тараңдар немесе Взвод тара». Жиналу үшін саптың орны, саптың түрі аталып пәрмен беріледі. Мысалы: «Взвод 3 лекті сапқа саптал»
Сап түзеу ҚР ҚК Саптық жарғысының сап түзеу ережелері келесі сызбада көрсетген.
Сызбадағы шартты белгілер
Ротаның жорықтық сабы - үш лекті Ротаның жорыктық сабы - екі лекті
Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым - БАС» немесе «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым-БАС».
«Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» Командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.
Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша ротакомандирі белгілеген тәртіппен қозғалысты бастайды.
Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.
Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым - БАС» (жүру кезінде -«адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота - ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота - ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарыньщ оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты - басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.
Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа - солға бұрумен жүргізіледі.
Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы - арнайы бөлімшеден кейін тұрады.
4.Бақылау сұрақтары:
1.Бір лектен екі,үш,төрт лекке тұру.
2.Екі лектен бір лекке тұру.
3.Үш лектен қайта бір лекке тұру
4. Саптарды тарату және жинау.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
1.Сапта әр түрлі жүрістен кейін қайта сап түзеу.
2 Бір лекті саптан екі лекті, үш лекті сапқа сап түзеу.
3 Саптарды тарату және жинау.
7. Үй тапсырмасы:
1.Бір лектен екі,үш,төрт лекке тұруды қайталау.
2.Екі лектен бір лекке тұруды қайталау
3.Үш лектен қайта бір лекке тұруды қайталау.
4. Саптарды тарату және жинауды уйрену.
8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.
2. Солдатские песни.Москва. 2005г.
3. Лучшие солдатские песни. Москва 2001г.
Практикалық сабақ №9
Тақырыбы:«Сапта жүру әндерін жаттау».
