Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5. ПРАКТИКА ӘДІСТ.НҰСҚАУЫ B04.115-ӘСКЕРИ САПТЫҚ ӘУЕНДІК ТӘРБИЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

1.Жоспары

1.Әндердің орындалуы реті

2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық марштық әуендердің мәнімен ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери саптық марштардағы саптық әуендердің орындалуы маңызы туралы.

1.Әндердің орындалуы реті

Саптық марш және саптық ән әскери тұрмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Саптық марш мазмұны жағынан үстіртін болса да, адамды сергітіп, шабыттандырып шаршап-шалдығудан құтқаруға міндетті. Ұрыстарда шаршаған жауынгерлерді кім көрмеді? Әскери оркестрдің немесе саптық әннін алғашқы үнінен-ақ олар аяқтарын шапшаңырақ басып, бойларында сергектік пен күш-қуат пайда болады.

Марш немесе саптық ән «сол аяқ» ережесіне сәйкес болады, яғни музыкалық екпін сол аяққа түседі.

Саптық ән мектепте сап пен ән байқауын өткізу кезінде маңызды орын алады. Әскерде саптық ән өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол әскери тұрмыста да, рота, батальон, полктың байқауын өткізу кезінде де саптық тәртіпті ұстануға көмек береді.

Әнұран - салтанатты ән. Әнұрандар мемлекеттік, революциялық, әскери және белгілі бір тарихи оқиғаға арналған әнұран болып бөлінеді. Әнұран қоғамдық-саяси өмірде маңызды орынға ие, ол бұқаралық насихаттау құралдарының бірі бола тұрып, жұмылдырушы және ұйымдастырушы күш болып табылады. Әнұранды көпшілік ән қатарына жатқызуға болады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Марштың түрлері, және оның мәні.

2.Саптық марштың мәні.

3. Марш.

4. Саптық марш мазмұны.

5. Марштың мақсаты.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Әскери әуенмен жүргізілетін марш.

2. Саптық марш және саптық әндер.

7. Үй тапсырмасы:

1. Әскери әуенмен жүргізілетін маршқа дайындық жасау.

2. Саптық марш және саптық әндерді жаттау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Солдатские песни.Москва. 2005г.

3. Лучшие солдатские песни.Москва 2001г.

Практикалық сабақ №.7

Тақырыбы: Қайта сап түзеу

1.Жоспары

1.Әртүрлі қозалыстардан кейін сап түзеу.

2.Сабақтың мақсаты: Әртүрлі жүрістермен қозғалыс жасау, қайта сапты түзеу ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери саптық қозғалыстар жасау қайта сап түзеу тарау және жиналу туралы.

1.Әртүрлі қозалыстардан кейін сап түзеу.

Сапта әнді орындау кезінде әр түрлі жүрістер түрі қколданылады.

1. Қарсы жүріс.

2. Көлбеу (диоганаль) жүріс.

3. Айқас жүріс.

4. Шеңбер жүріс.

5. Спираль жүріс.

Қарсы жүріс кезінде бөлімшелер мен взводтар екі немесе үш лектік саппен белгіленген ара қашықтық пен аралықта бір-біріне қарсы бағытта қозғалады. Командир белгілеген жерден саптағы лектер аралықты алшақтата отырып қозғалысты жалғастырады, лектер бір-біріңің арасынан қиып өтеді.

Қарсы жүрістің орындалу реті келесі сызбада бейнеленген.

1-взвод

2-взвод

Қарсы жүріс кезінде берілетін пәрмен келесідей: «Взвод, музыка әуенімен, қарсы жүріс, аралык бір лектік, Адым бас». Лектер бір-бірін қиып өткен соң «Взвод үш лекті саппен Адым бас» пәрмені беріледі.

Көлбеу (диоганаль) жүріс кезінде взвод тура жүру бағытын иықты бұрып жүру арқылы 135 градусқа өзгертеді. Бұл жағдайда қозғалыстың дұрыс орындалуы бағыттаушыларға байланысты болады. Көлбеу жүріс кезінде берілетін пәрмен келесідей: «Взвод, музыка әуенімен, бұрыштан көлбеу жүріс, сол (оң) иық алға, Адым бас. Саптық алаңның келесі бұрышына жеткен соң қозғалыс бағыты өзгертіліп, пәрмен кайта беріледі.

Көлбеу (диоганаль) жүрістің орындалу реті келесі сызбада бейнеленген.

Саптың бастапқы қалпы

Айқас жүріс кезінде взводтар 4 лекпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалысты бастап жақындаған кезде екі бөлімше оңға, қалған екі бөлімше солға қарай жүрістерін тоқтатпай, жаңадан төрт лекті сап құрып жүреді. Ары қарай қозғалыс әр түрлі нұсқада орындалуы мүмкін. Бөлімшелер айқас жүрісті қайталау үшін бастапқы шепке қайтадан барып бастауы мүмкін немесе айқас жүрістен кейін жаңадан сап түзеген 4 бөлімше бастапқы шепке барып жаңа қозғалысқа дайындалуы мүмкін.

Айқас жүрістің орындалу реті келесі сызбада бейнеленген.

1-взвод

2-взвод

Шеңбер жүріс кезінде алдын ала дайындалып сызылған шеңбер бойынша ішкі лекке түзуленіп қозғалыс жасалады. Берілетін пәрмен реті келесідей «Взвод, шеңбер жүріс, оң (сол) иық алға, шеңбер бойымен Адым Бас». Тура жүріп сап түзеу үшін «Взвод, тура Адым Бас» пәрмені беріледі.

Шеңбер жүрістің орындалу реті келесі сызбада бейнеленген.

Саптың бастапқы қалпы

Спираль жүрісті шеңбер жүрістің жалғасы ретінде қарастыруға болады. Бұл ретте қозғалыс сопақша шеңбер бойынша орындалады. Берілетін пәрмен реті келесідей «Взвод, спираль жүріс, он (сол) иық алға, шеңбер бойымен Адым Бас». Жүріс кезінде спиральдің оң және сол қапталдары белгіленеді немесе алдын ала дайындалған спираль сызық бойынша қозғалыс жасалады. Тура жүріп сап түзеу үшін «Взводдура Адым Бас» пәрмені беріледі.

Спираль жүрістің орындалу реті келесі сызбада бейнеленген.

Саптың бастапқы қалпы

4.Бақылау сұрақтары:

1. Қарсы жүріс.

2. Көлбеу (диоганаль) жүріс.

3. Айқас жүріс.

4. Шеңбер жүріс.

5. Спираль жүріс.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Әр түрлі жүрістен кейін қайта сап түзеу.

7. Үй тапсырмасы:

1. Қарсы жүрісті қайталау.

2. Көлбеу (диоганаль) жүрісті қайталау

3. Айқас жүрісті қайталау.

4. Шеңбер жүрісті қайталау.

5. Спираль жүрісті қайталау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Солдатские песни.Москва. 2005г.

3. Лучшие солдатские песни. Москва 2001г.

Практикалық сабақ №.8

Тақырыбы:Сапта әр түрлі қозғалыс жүрісінен кейін қайта сап түзеу.