Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5. ПРАКТИКА ӘДІСТ.НҰСҚАУЫ B04.115-ӘСКЕРИ САПТЫҚ ӘУЕНДІК ТӘРБИЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

1.Жоспары:

1.Әскери әуеннің мәні

2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздеріндегі әскери әуеннің мәнін

теориялық тұрғыда жеткізу.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери әуеннің мәні туралы түсіндіре білу.

1.Әскери әуенің мәні.

Әуен - музыканың негізі болып саналады. Ол барлық музыкалық шығармалардың басты мәнерлі құралы ретінде қызмет атқарады. Әуен деп бір дауыспен айтылған музыкалық ой немесе жоғарылығы бойынша белгілі бір арақатынаста тұрған және белгілі темп және ырғаққа ие дыбыстар үйлесімдігін атайды. Әуен музыканы, демек жаттығуды да есте сақтап қалуға көмек етеді. Жаттығуды қандай әнге қосылып орындағандықты біле отырып, оны қажетті темпі пен ырғағын сақтай отырып, музыкасыз қайталауға әбден мүмкін.

Гимнастика сабақтарында негізінен марштық үлгідегі, би және әуендік музыка пайдаланылады.

Марш - музыкалык өлшемі 4/4 - адымдауға, сап түзеп жүруге, қозғалуға ыңғайлы, ол айқын ырғақ пен темпке ие музыка. Ол түрлі көпшілік шерулерді сүйемелдеуге арналған.

Вальс - музыкалық өлшемі s - бір орында тұрып және қозғалып тұрған кезде жалпы дамыту жаттығуларын орындауға ыңғайлы музыка.

Полька, галоп - музыкалық өлшемі 2/4 - секіру, секіріп түсу, жүгіру тапсырмаларын орындауға ыңғайлы сергек музыка.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери әуеннің мәні.

2. Әуенді түсіндіріңіз.

3. Әуеннің мәні

4. Ырғақты түсіндіріңіз.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Әскери әуеннің мәні.

7. Үй тапсырмасы:

1. Әскери патриоттық әндерді жаттау.

2. Әннің мәтінін түсіну

3.Әнді әуенімен орындау

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Элементарная теоря музыкиИ.Способин М;2001г

2.Музыкальная энциклопедия Т14 М;2004г

Практикалық сабақ №5.

Тақырыбы:Сапта жүру маршы.

1.Жоспары

1. Марштық әндер.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық марштардағы саптық әуендердің мәнімен ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери саптық марштардағы саптық әуендердің алатын орны мен маңызы туралы.

1.Марштық әндер

Марш - түрлі бұқаралық шерулерді сүйемелдеуге арналған музыкалық шығарма. Марштың мақсаты - ұжымдық шеру үрдісінде адамдардың қозғалысын ұйымдастыру, сапта келе жатқан адамның сезімі мен көңіл-күйіне жағдай жасау. Марштың бастауы көп жылдар бойы әскери тұрмыста кеңінен таралған жауынгерлік ән болып саналады.

Марштың бірнеше түрі бар, олардың әркайсысы белгілі міндетке ие. Әскери марштың түрлері: жорық, колонналық, салтанатты, фанфарлық, кездесу марштары.

Өзінің эмоциялық мазмұны жағынан марштар салтанатты-триумфтық, батырлық, батылдық, шаттық, қаралы, ертегілік-қиялды болып келеді. Мазмұнының бұндай айырмашылығына қарамастан, олардын барлығы шеруді сүйемелдеуден тұратын бір қызметтік рөл атқарады. Осындай қызметіне байланысты марш жанрында тарихи тұрғыдан маршты бірінші тактісінен бастап-ақ музыканың қандай болмасын басқа жанрынан ажыратуға көмектесетін өте тұрақты өзгеше қасиеттері қалыптасқан.

Саптық марш және саптық ән әскери тұрмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Саптық марш мазмұны жағынан үстіртін болса да, адамды сергітіп, шабыттандырып шаршап-шалдығудан құтқаруға міндетті. Ұрыстарда шаршаған жауынгерлерді кім көрмеді? Әскери оркестрдің немесе саптық әннін алғашқы үнінен-ақ олар аяқтарын шапшаңырақ басып, бойларында сергектік пен күш-қуат пайда болады.

Марш немесе саптық ән «сол аяқ» ережесіне сәйкес болады, яғни музыкалық екпін сол аяққа түседі.

Саптық ән мектепте сап пен ән байқауын өткізу кезінде маңызды орын алады. Әскерде саптық ән өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол әскери тұрмыста да, рота, батальон, полктың байқауын өткізу кезінде де саптық тәртіпті ұстануға көмек береді.

Әнұран - салтанатты ән. Әнұрандар мемлекеттік, революциялық, әскери және белгілі бір тарихи оқиғаға арналған әнұран болып бөлінеді. Әнұран қоғамдық-саяси өмірде маңызды орынға ие, ол бұқаралық насихаттау құралдарының бірі бола тұрып, жұмылдырушы және ұйымдастырушы күш болып табылады. Әнұранды көпшілік ән қатарына жатқызуға болады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Марштың түрлері.

2. Марштың мәні.

3. Марш.

4. Марш мазмұны.

5. Марштың мақсаты.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Марштық әндер.

7. Үй тапсырмасы:

1. Әскери әуенмен жүргізілетін маршқа дайындық жасау.

2. Марштық әндерді жаттау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Солдатские песни.Москва. 2005г.

3. Лучшие солдатские песни.Москва 2001г.

Практикалық сабақ №6.

Тақырыбы:«Әскери марштық әуендер орындалуы».