- •5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы
- •Әдістемелік нұсқау
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
- •1.Жоспары:
- •2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
1.Жоспары:
1.Әуендегі жанрлар.
2.Метрлік өлшем.
2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери әуеннің (музыка) мақсаты мен міндеті және мәнін жеткізе білу.
Әуен - музыканың негізі болып саналады. Ол барлық музыкалық шығармалардың басты мәнерлі құралы ретінде қызмет атқарады. Әуен деп бір дауыспен айтылған музыкалық ой немесе жоғарылығы бойынша белгілі бір арақатынаста тұрған және белгілі темп және ырғаққа ие дыбыстар үйлесімдігін атайды. Әуен музыканы, демек жаттығуды да есте сақтап қалуға көмек етеді. Жаттығуды қандай әнге қосылып орындағандықты біле отырып, оны қажетті темпі пен ырғағын сақтай отырып, музыкасыз қайталауға әбден мүмкін.
Гимнастика сабақтарында негізінен марштық үлгідегі, би және әндік музыка пайдаланылады.
Марш - музыкалык өлшемі 4/4 - адымдауға, сап түзеп жүруге, қозғалуға ыңғайлы, ол айқын ырғақ пен темпке ие музыка. Ол түрлі көпшілік шерулерді сүйемелдеуге арналған.
Вальс - музыкалық өлшемі s - бір орында тұрып және қозғалып тұрған кезде жалпы дамыту жаттығуларын орындауға ыңғайлы музыка.
Полька, галоп - музыкалық өлшемі 2/4 - секіру, секіріп түсу, жүгіру тапсырмаларын орындауға ыңғайлы сергек музыка.
1.Әуендегі жанрлар.
Әскери музыканың міндеттері мен қолдану шарттарына байланысты
оның мәнерлі құралдары айқындалды және келесі түрлерге бөлінеді:
сигналдық
саптық
қоғамдық-церемониалдық
ойын-сауық
концерттік әскери музыка.
Кеңес Әскерінің жарғысы барлық әскер турлерін ескірген, ұрыста, сапта және жауынгерлік тұрмыста өз мәнін жоғалтқан сигналдардан, барабан соғудан және марштарды орындаудан босату арқасында сигналдық қызметті едәуір жеңілдетті.
Әскери музыканың негізгі жанры саптық марш болып табылады. Оның түрлері: жорық немесе "жедел", салтанатты (немесе - салтанатты шеруге арналған), колонналык, фанфарлық, кездесу, жерлеу, сондай-ақ концерттік үлгідегі марш. Концерттік үлгідегі марштық композициялармен қатар саптық марштар жазылған (Н.П. Иванов-Радкевичтің, Ю.А. Хайттың, В.С. Руновтың, С.А. Чернецкийдің шығармалары).
2.Метрлік өлшем.
Музыкада барлық дыбыстар уақыт бойынша қатан ұйымдастырылған. Ұзақтығы әртүрлі дыбыстар бірқалыпты қозғалыс (пульсация) жасай отырып, тең уақыт аралығынан кейін қайталанып тұратын доляларға бірігеді.
Бұл қозғалыс барысында кейбір долялардын дыбысы екпінмен белгіленеді. Бұндай екпін акцент деп аталады. Акцент түскен долялар күшті долялар деп аталады.
Акцент түспейтін долялар әлсіз долялар деп аталады.
Күшті және әлсіз долялардың бірқалыпты алмасуын метр дейді.
Метрдің долясы түрлі ұзақтықпен белгіленеді:
Ырғақ - дыбыстар ұзақтығының ұйымдасқан жүйелілігі. Ұзақтықтардың үйлесімділігі ырғақтық сурет деп аталады.
Метр доляларының белгілі ұзақтықпен белгіленуін өлшем дейді.
Ноталық жазуда өлшем белшек арқылы көрсетіледі: алымы бір тактідегі долялар санын көрсететін болса, бөлгіші - тактінің әр долясы қандай ұзақтықпен белгіленгенін байқатады.
Такт - күшті долялар аралығы.
Күшті долясы жоқ такт затакт (толық емес такт) деп аталады.
Әдетінше, музыкалық шығарма арқылы басталады (мысал келтіру).
4.Бақылау сұрақтары:
1.Әскери әуен және оның мәні.
2.Метрлік өлшемі.
3. Такт.
4. Затакт.
5. Ырғақ.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
1.Әскери әуен және оның мәні.
2.Метрлік өлшемі.
7. Үй тапсырмасы:
1. Әскери патриоттық әндерді жинақтап жаттау.
2. Әннің мәтінін жаттау
3.Әннің әуенімен танысу
8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Элементарная теоря музыкиИ.Способин М;2001г
2.Музыкальная энциклопедия Т14 М;2004г
Практикалық сабақ №3.
Тақырыбы: Музыка теориясының негіздері
