- •5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы
- •Әдістемелік нұсқау
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
- •1.Жоспары:
- •2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
1.Жоспары:
1. Дыбыстың қасиеттері.
2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздеріндегі дысбыстың қасиеттері және метрлік өлшемі мен мәнінің теориялық тұрғыда жеткізу.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери әуеннің мәнімен дыбыстың қасиеттері метрлік өлшемдері туралы.
1. Дыбыстың қасиеттері.
Дыбыс - серпінді дене (перне) тербелісінің нәтижесі. Дыбыстар музыкалық және даңғырлаған болып бөлінеді.
Музыкалық дыбыстар - тура дәлділікпен күйге келтіруге болатын белгілі бір жоғарылыкқа ие дыбыстар. Музыкалық дыбыстардың: күш, дауыс, тембр, ұзақтық сияқты белгілі қасиеттері бар.
Даңғырлаған дыбыстар деп белгілі бір жоғарылығы жоқ дыбыстарды атайды (сатыр, дүрсіл, сықыр және т.б.).
Музыкадағы барлық дыбыстар бір тәртіпке келтірілген, олар үдемелі және бәсеңситін жоғарылығы бойынша белгілі жүйелілікпен орналасып, музыкалық қатарды құрайды. Негізгі дыбыстар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. "До"-дан "до"-ға дейінгі аралық октава деп аталады.
Дыбыстарды жоғарылығы бойынша 3 топқа немесе 3 регистрге бөлуге болады: жіңішке, орташа, төмен дыбыстар.
Регистр деп жоғарылығы бойынша орналасқан және тембрлік белгі бойынша біріккен дыбыстардың бөлігін атайды.
Әуен - музыканың негізі болып саналады. Ол барлық музыкалық шығармалардың басты мәнерлі құралы ретінде қызмет атқарады. Әуен деп бір дауыспен айтылған музыкалық ой немесе жоғарылығы бойынша белгілі бір арақатынаста тұрған және белгілі темп және ырғаққа ие дыбыстар үйлесімдігін атайды. Әуен музыканы, демек жаттығуды да есте сақтап қалуға көмек етеді. Жаттығуды қандай әнге қосылып орындағандықты біле отырып, оны қажетті темпі пен ырғағын сақтай отырып, музыкасыз қайталауға әбден мүмкін.
Гимнастика сабақтарында негізінен марштық үлгідегі, би және әндік музыка пайдаланылады.
Марш - музыкалык өлшемі 4/4 - адымдауға, сап түзеп жүруге, қозғалуға ыңғайлы, ол айқын ырғақ пен темпке ие музыка. Ол түрлі көпшілік шерулерді сүйемелдеуге арналған.
Вальс - музыкалық өлшемі s - бір орында тұрып және қозғалып тұрған кезде жалпы дамыту жаттығуларын орындауға ыңғайлы музыка.
Полька, галоп - музыкалық өлшемі 2/4 - секіру, секіріп түсу, жүгіру тапсырмаларын орындауға ыңғайлы сергек музыка.
Ырғақ - дыбыстар ұзақтығының ұйымдасқан жүйелілігі. Ұзақтықтардың үйлесімділігі ырғақтық сурет деп аталады.
Метр доляларының белгілі ұзақтықпен белгіленуін өлшем дейді.
Ноталық жазуда өлшем белшек арқылы көрсетіледі: алымы бір тактідегі долялар санын көрсететін болса, бөлгіші - тактінің әр долясы қандай ұзақтықпен белгіленгенін байқатады.
Такт - күшті долялар аралығы.
Күшті долясы жоқ такт затакт (толық емес такт) деп аталады.
Әдетінше, музыкалық шығарма арқылы басталады (мысал келтіру).
4.Бақылау сұрақтары:
1.Музыкалық теорияның негіздері.
2.Дыбыстың қасиеттері.метрлік өлшемі.
3. Такт.
4. Затакт.
5. Ырғақ.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
1.Дыбыстың қасиеттері.
7. Үй тапсырмасы:
1. Әскери патриоттық әндерді жаттау.
2. Әннің мәтінін жазу
8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Элементарная теоря музыкиИ.Способин М;2001г
2.Музыкальная энциклопедия Т14 М;2004г
Практикалық сабақ №27.
Тақырыбы: «Музыка (әуен) және оның мәні»
