Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5. ПРАКТИКА ӘДІСТ.НҰСҚАУЫ B04.115-ӘСКЕРИ САПТЫҚ ӘУЕНДІК ТӘРБИЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

1.Жоспары

1.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Әскери саптық әндерді сапта жүріп,және бір орында тұрып орындау ережелерін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери саптық әнді ҚР ҚК Саптық жарғысының ережелері сай саптық алаңда орындау.

1. Сапта жүру әндерін орындау деңгейі.

Сапта жүру әндеріне бөлімше,взвод,рота құрамында орындауға арналған міндетті әндер жатады.Мемлекеттік тілдегі саптық әндер мазмұны бойынша ерекшеленіп, оған негізінен Отанға деген сезім, сүйіспеншілік.отансүйгіштік қасиетке баулитын, еліне деген көзқарасты қалыптастыруға арналған әндер жатады.Сонымен қатар Отан алдындағы парыз,әскери қызметті атқарудағы абыройға ие болу, өзін Отанды қорғаушы ретінде жоғары сезімге тәрбиелеу болып табылады.Саптық әндердің әуені басқа әндерге қарағанда өзгеше, асқақ , жоғары тональді болып келеді.

Саптык әндерді орындап үйрену келесі бөлімдерден түрады.

1. Саптық әндердің мәтінін жазып алу,танысу, жаттау.

2. Саптық әннің әуенімен танысу, үйрену , жаттау.

3. Саптық әнді музыкамен орындау үнтаспа,т.б қолданып танысу.

4. Саптық әнді сыныпта орындап үйрену.

5. Саптык әнді алаңда, сыныпта музыкалық сүйемелдеумен орындау.

6. Саптық әнді саптық алаңда бір орында орындау.

7. Саптық әнді сапта қозғалыста орындау.

Әнді сыныпта орындау кезінде орындаушылыр орнында отырып орындауға немесе бөлімше бойынша бір қатарлы сапқа орналасып орындауы мүмкін.Әнді орындауға берілетін пәрмен келесідей:

«Бөлімше (взвод),Түзел, Тіктел. «Сарбаздар әні», әнді баста бір-екі». Әнді орындау барысында орындаушылар денелерін тік үстап, кеуделерін керіп,иектерін көтеріп, әнді орындау кезінде шыққан дыбыс бір бағытта шыққанын қадағалау қажет.Әннің орындалуын тоқтату үшін.кемшілікті жою үшін «Әнді доғар » пәрмені беріледі.

Әнді саптық алаңда орындау кезінде орындаушылыр взвод бойынша үш лекті сапқа орналасып орындауы мүмкін.Әнді орындауға берілетін пәрмен келесідей:

«Взвод, Түзел, Тіктел. Әндетіп өту үшін, взвод бойынша, арақашықтық елу метр, бірінші взвод тура, қалғандары оң-ҒА,«Сарбаздар әні», әнмен Адым бас». Әнді орындау барысында орындаушылар шыққан дыбыс бір бағытта шыққанын қадағалау қажет. Әнді орындау кезінде ,әнді орындау нұсқасын командир алдын ала белгілейді.

Бірінші нұсқа бойынша әнді орындау үшін саптың жағдайы өзгеріссіз калады,яғни орындаушылар орннын ауыстырмайды.

Екінші нұсқа бойынша әнді бастап-орындаушылар, яғни 1-2 адам саптың ортасында орңаласқаны жөн.Әннің орындалуын тоқтату үшін,кемшілікті жою үшін «Әнді доғар » пәрмені беріледі.

4.Бақылау сұрақтары.

1.Саптық әндерді бір орында тұрып орындау.

2.Саптық қозғалыста жүріп әскери әндерді орындау.

3.Жорықтық адыммен жүріп әндерді рындау.

4.Саптық әнді сыныпта орындап үйрену.

5.Саптык әнді алаңда, сыныпта музыкалық сүйемелдеумен орындау.

6.Саптық әнді саптық алаңда бір орында орындау.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес орындау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1 Сапта жүру әндерін орындау денгейі.

2. Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы:

1.Саптық әндерді бір орында тұрып орындау.

2.Саптық қозғалыста жүріп әскери әндерді орындау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. ҚР ҚК Саптық жарғысы. Алматы 2000ж.

2. Солдатские песни.Москва. 2005г.

3. Лучшие солдатские песни. Москва 2001г.

Практикалық сабақ №26.

Тақырыбы: Музыкалық теорияның негіздері