- •5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы
- •Әдістемелік нұсқау
- •1.Жоспары:
- •1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
- •1.Жоспары:
- •2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары.
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары
- •1.Жоспары:
Ф-ӘД-001/046
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Өнер факультеті
Дене мәдениеті кафедрасы
Аға оқытушы,аға лейтенант Ахметов Б.Р.
5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы
В04.115- «Әскери саптық әуендік тәрбие»
пәні бойынша
практикалық (семинар) сабақтарын өткізуге
Әдістемелік нұсқау
Түркістан - 2017
Практикалық (семинар) әдістемелік нұсқауы университетттің СМЖ (ЖН-СМЖ-013-2014) лекция, практикалық (семинар), лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу ережесі негізінде дайындалған.
Практикалық (семинар) әдістемелік нұсқауы дайындаған:
Аға оқытушы,аға лейтенант Ахметов Б.Р.
Практикалық (семинар) әдістемелік нұсқауы«Дене мәдениеті» кафедрасының № 1, 02.09.2017ж. мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к, доцент______________Абусейтов Б.З.
Практикалық (семинар) әдістемелік нұсқауы Өнер факультетінің
№1 хаттама, 04. 09.2017 ж. оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент м.а Жолдасова Б.
Практикалық сабақ №1.
Тақырыбы:"Әскери марштардың пайда болу және даму тарихы"
1.Жоспары:
1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
2. Музыкадаға жанрлар.
2.Сабақтың мақсаты: Әскери әуендік тәрбие негіздерінің практикалық тұрғыда жеткізе білу.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери әуенмен (музыка) марштың пайда болуы дамуы туралы
1. Әскери музыка дамуының қысқаша тарихи шолуы.
Ертеден әскери музыка әскери бөлімшелердің жауынгерлік жүрісі кезіндеқолданылған. Әскерде әскери музыка арқылы белгі, сигнал беру, хабарландыру, байланыс және басқару әрекеттері жүзеге асырылған. Әскери музыкаға саптық, жорық, аялдау әндері жатады.
Көп әскери теоретиктер, әскербастары әскери музыканың сапты тәртіптейтін және жігерлендірілетін ұйымдастыру қасиеттерін белгілейді. Мысалы, орыстың қолбасшысы А.В.Суворов музыка әскерді екі есе, тіпті үш есе арттырады (көбейтеді, өсіреді) деп жазады.
Египет, Ассирия, Палестина, Парсы, Үндістан және Қытай ежелгі халықтарының өзінде әскери музыка ұрыстарда, әскери-қоғамдық тұрмыста және салтанатты рәсімдерде кеңінен қолданылған.
Ежелгі Египетте және ежелгі Қытайда әскери музыкамен қатар хормен ән айту да қолданылған.
Ежелгі Греция және ежелгі Римнің әскери Музыкасы Оңтүстік-Шығыс Жерорта теңіздің ертедегі өркениеттерінің мың жылдық бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерін жетілдіреді. Тарихшылардың дәлелдері бойынша македондыктардың (ежелгі гректердің) әскерінде негізгі орын флейтаға белінген болатын - бұл аспаптың үнімен әскер асықпай, екпінсіз қозғалатын, римдіктерде бұл мақсат үшін керней және труба қолданылатын.
Ерте феодализм кезеңінде әскери музыканың міндеті, негізінде, сигналдық және сәндік-салтанаттық қызметтерімен шектелетін. Серілік феодалдық әскерлердің ұйымдастырылу қағидаттары мен олардың саптық әрекеттерінің түрлері әскери музыканың ұрыстағы алатын орнын шектейтін.
16-шы ғасырға дейін әскери музыка үрмелі және соғып ойнайтын труба, барабан, литавра сияқты аспаптарды қолданудан тұратын.
16-17-ші ғасырларда Батыс Еуропаның көпшілік елі біркелкі әскери оқыту жүйесі бар жалдамалы әскерге көшуіне байланысты біртіндеп әскери музыканың кейбір жалпы ұйымдастыру және қолдану қағидаттары орнатыла бастап, әскери-сазды аспаптандыру айқынырылақ белгіленген.
Ұлы француз революциясы уақытында әскери музыканың мемлекеттік және азаматтық өмірдегі қоғамдық-ұйымдастыру қызметі едәуір күшейе түсті. Бұқаралық ұлттық той-думандарда, манифестацияларда, салтанатты рәсімдерде маңызды орын Ұлттық гвардия оркестріне берілетін. Әскери оркестрлердің репертуары молайып, орындаушылық мәдениеті жетіле бастаған. Бұқаралық салтанаттарда Ұлттық гвардия оркестрі және гарнизонның басқа оркестрлері әскери симфониялар, патриоттық гимндер мен басқа музыкалық шығармаларды орындаған. Бұл кезеңде бұқаралық революциялық ән жанры қалыптасады. Осы мезгілде пайда болған "Марсельеза" халытың азаттық күресінің көркемдік символы ретінде маңызға ие болған.
Ресейде әскери музыка әлдеқашаннан орыс жауынгерінің жоғары моральдық-жігерлік қасиеттерінің қалыптасуына тиек болған.
Киев Русі кезеңінде әскери жорықтар труба, бубен, сопель (ағаш сыбызғы), дабыл, литавра және басқа аспаптармен сүйемелденетін.
16-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап, әсіресе 17-ші ғасырдың ортасында, патшалық қызметке басқа жерлік музыка шеберлері - трубашылар мен валторнистер шақыртылып, отандық музыкант-орындаушылар үріп ойнайтын аспаптарды меңгере бастайды, репертуар байып, орындаушылық шеберлік арта түседі.
Орыс әскери музыкасы дамуының жаңа кезеңі І-ші Петрдің мемлекеттік, әскери және мәдени өзгерістерімен байланысты болып келеді. 18-ші ғасырдың басында бұқаралық, тұрақты ұлттық әскерінің жасалуы әскер ішінде жаңа ұйымдастырылуды және әскери-музыкалық қызметтің қалыптасуын талап етті. Жаяу әскер, гвардиядан басқа полктарында 9 гобойшы (әскери музыканттардың жалпы атауы) және әр ротаға екіден 16 жауынгерлік барабаншыдан тұратын штаттық оркестрлер енгізілді.
Әскери музыка Петр І-нің шведтер және түріктерге қарсы соғысы кезінде өз қолданысын тапқан. Ол фанфарлық-батырлық және марштық түріндегі шамалы аспаптық композициялары ретінде ұсынылатын. Бұл композициялар Петр І-нің патшалығы кезінде атаққа ие болған құттықтау, салтанатты, кездесу, үстел басындағы, "виваттық" және басқа канттарға жақын болып келетін. 18-ші ғасырдың 30-ыншы жылдарынан орыс әскери оркестрінің репертуарында орындалу жағынан күрделілеу болып келетін соғыс және марш үлгісіндегі композициялар пайда болады. Сонымен катар әскери музыка дипломатиялық рәсімді көркейтіп, сарай және усадьбалық өмірдің бір бөлігі болып саналғаи.
Орыс әскери музыканың дамуы А.А.Алябьев, М.И.Глинка, Н.А.Римский-Корсаков (көп жылдар бойы ол әскери-теңіз ведомствосының инспвкторықызметінде болған), П.И.Чайковский, А.К.Лядов, А.С.Аренский сияқты композиторлардың қызметімен тығыз байланысты.
Орыс әскери музыкасы шетел әскери оркестрлерінің саптық репертуарына әсер ететін. 19-шы ғасырдың басында орыс әскери оркестрлерінде енгізілгенмыс аспаптарының техникалық жетістіктері кейіннен ағылшын әскеріндепайдаланылған болатын.
Түркиямен болған соғыс кезінде орыс әскери музыканттары түрік және янычар музыкасымен танысады, кейін ол орыс әскери музыкасында ОНВДІ, ал Ресейден кейін бүл музыка басқа еуропа елдерінің әскери оркестрлерінде өз орнын табады. Өз кезегінде, В.И. Главич, В.В Вурм, А.Д.Дерфольд, Ф.Б. Гаазе тәрізді орыстанып кеткен шетелдік музыканттар орыс әскери музыкасының дамуына өз үлестерін қосқан.
П.А.Румянцев, А.В.Суворов, П.И.Багратиои, М.И.Кутуюн, М.Д.Скобелев секілді көрнекті әскербасы жәпе қолбасшыларының соғыс тәжірибесінде әскери музыка орыс жауынгерінде патриотизм және Отанға берілгендік сезімін тәрбиелеудің маңызды құралы болыл саналған.
18, 19-шы ғасырларда орыс әскерлері, әдеттегідей, шабуылға жұмылған саппен, жазылып қойылғаи ту астында барабан соғылуымсн, әскери музыка үнінің сүйемелдеуімен ән айтып шығатын.
19-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап, әсіресе 20-шы ғасырда соғыстактикасының өзгеруіне байланысты әскери музыка бұрынғыдай тікелей ұрыс майданында қолданылмайды. Бірақ моральдық фактордың мәні арта түседі. Сондықтан әскери музыка саптық және ұрыс дайындықтарында, сонымен бірге бейбіт заманында, әскери тұрмыста және мәдени-ағартушылық қызметте жауынгерлерді тәрбиелеу үшін қолдана береді. Сонымен катар әскери музыка әскери церемониалды, ресми мемлекеттік салтанаттарды, мерекелерді көркейту үшін бейімделген болатын.
Қазан теңкерісінен кейін әскери музыка жаңа мазмұнға ие болады. Ол "Марсельезаның", "Иитернационалдың", революциялық әндердің, әскери патриоттық марштардың әуендерін көпшілік ішіне алып келеді.
Әскери музыка әскери саптың, оқытудың және ұрыстың қарапайым белгісінен бұқаралық-саяси және патриоттық жұмыстың, қызыл әскер мен азамат халықты революциялық рухта тәрбиелеудің маңызды қаруына айналады.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде әскери музыка кейде жауынгерлік операцияларында да пайдаланылатын (Ленинград блокадасын бұзып ету, елді мекендер үшін болған ұрыстардағы маңызды шабуылдар және т.б.). Шетелде азат етілген қалалардың халқы үшін берілетін әскери-патриотгық музыка концерттері, әдеттегідей, өз-өзінен митингке айналып, оған қатысушылар фашизмнен азат етуші елге өз сезімдерін білдіріп, оның қуатты қарулы күштеріне таңдана қарайтын. Қарапайым жауынгерлік ән жауынгерлер тұрмысында және соғыс операцияларында пайдаланылатын. Соғыс жылдарының көп әндері бейбіт күндерінде де елге танымал болып қалған.
Ұлы Отан соғысынан кейін Қарулы Күштер жүйесінде, қарулы күрестің сипаты мен тәсілдерінде, әскер мен Әскери-теңіз флотының жеке құрамын дайындау және тәрбиелеу әдістерінде болған күрдеді өзгерістер әскери музыка дамуының рөлі мен түріне өз әсерін тигізді. Маневрлер мен жорықтардағы әскери музыканың мәні төмендеді. Сонымен қатар оның әскерлерді тәрбиелеудегі мәні едәуір жоғарылап, түрлі салтанатты-церемониалды шаралар мен көпшілік мейрамдарын өткізу кезінде қоғамдык-ұйымдастыру қызметі арта түсті. Әскери музыканың жалпы музыкалық өнерінің өзгеше түрі ретіндегі ағартушылық рөлі күшейді.
Әскери аспаптарды қолдану қазақ әскери өнер тарихында көптеп кездеседі. Дабыл, белгі беру, ұрыс барысында маневр жасау үшін, жорық кезінде тыныштык демалыс кездерінде өзінің пайдалану ретіне қарай әртүрлі музыкалық аспаптар қолданылды. Негізінен келесі музыкалық аспаптарды айта кетсек болады: сырнай, керней, сыбызғы, дабыл барабандары, домбыра.
4.Бақылау сұрақтары:
1.Әскери музыканың пайда болуы мен даму тарихы.
2.Әскери жанрлар.
3.сигналдық
4.саптық
5.қоғамдық-церемониалдық
6.ойын-сауық
7.концерттік әскери музыка.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
1. Әскери Музыкалық шығармалардың құрылуы мен
дамуына қысқаша тарихи шолуы.
2.Әскери жанрлар.
7. Үй тапсырмасы:
1. Әскери Музыкалық шығармалардың құрылуы мен
дамуына қысқаша тарихи шолуы.
8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Элементарная теоря музыкиИ.Способин М;2001г
2.Музыкальная энциклопедия Т14 М;2004г
Практикалық сабақ №2.
Тақырыбы:"Әскери әуеннің мақсаты мен міндеті."
