Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §11 7-ж.№5, №6, №7, №8.

Vіі. Бағалау.

Сыныбы

8 «Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

  2. Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Оны қандай әріппен белгілейді? Қандай бірлікпен өлшейді?

  3. Еліміздегі отын қорлары қанша?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Механикалық энергияның ішкі энергияға және кері айналуының өлшемі – жұмыс.

Жылу алмасудағы энергия берудің өлшемі жылу мөлшері болып табылады.

Қоршаған ортамен жылу алмасу болмаса, жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде сақталады

Энергияның сақталу заңы:

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.

Толық энергия:

Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.

Энергияның сақталу және айналу заңы:

Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы-осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.

ІV. Есептер шығару.

Қосымша материал №1-6

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §12

Vіі. Бағалау.

Сыныбы

8 «Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс №1

Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бәлінетін жылу мөлшерін есептеу. Затттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.

  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Есептер шығару.

  1. Массасы 1 кг қорғасында 1000С-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалды. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар. Оны кестедегі мәнмен салыстырыңдар.

  2. 150С-та суды 1000С-қа қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.

  3. 1000С-та 5 л қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды?

  4. 100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  5. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.

  6. Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23ּ107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?

  7. 440ּ107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?

  8. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: қайталау.

Сыныбы

8 «Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: №1 лабораториялық жұмыс.

Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.

Жұмыстың мақсаты: жылу алмасуда ыстық судың берген және жылу судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.

Приборлар мен материалдар: өлшеуіш цилиндр, термометр, калориметр, ыстық суы бар шайнек, стакан.

Жұмыстың барысы:

  1. Массасы 100 г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер.

  2. Стаканға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер.

  3. Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйып, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.

  4. Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.

  5. Өлшеудің және есептеудің нәтижесін кестеге жазыңдар:

Ыстық судың массасы, m, кг

Суық судың бастапқы темп.,

t 1,0С

Қоспа темпер.

t , 0С

Ыстық су берген жылу мөлшері,

Q1Дж

Суық судың массасы,

m1, кг

Ыстық судың баст.

темп.

t 2,0С

Суық су алған жылу мөлшері,

Q 2 ,Дж

  1. Ыстық су берген жылу мөлшерін суық су ылған жылу мөлшерімен салыстырыңдар да тиісті тұжырым жасаңдар.

  2. Эксперименттің салыстырмалы қатесін мына қатыспен бағалаңдар.

ε=Q2-Q1/Q2

  1. Тұжырым жасаңдар.

Қорытындылау.

Бағалау.

Сыныбы

8 «Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: Заттың агрегаттық күйі. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы.

Сабақ мақсаты:

  1. Заттың агрегаттық күйлері және қасиеттері туралы, балқу, қатаю процестері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

Сұрақтар:

  1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Ішкі энергия дегеніміз не?

  3. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері қандай?

  4. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

  5. Конвекция дегеніміз не?

  6. Сәулелік жылу алмасы дегеніміз не?

  7. Жылу мөлшері , оның өлшем бірлігі қандай?

  8. Денені қыздырғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай формуламен есептейміз?

  9. Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  10. Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай?

  11. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?

  12. Энергияның сақталу және түрлену заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]