Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать

Көздің құрылысы:

Торламада кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа, яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты. Бұл бұрышты көру бұрышы деп атайды.

Көз бұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиетін аккомодация деп атайды.

Егер көзге күш түсірмей параллель шоқтарды торламады жататын нүктеде жинаса, онда сау көз деп аталады.

Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп атайды.

Жақыннан көргіштікті түзету үшін ойы, шашыртақыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.

Алыстан көргіштіктің себебі –адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нәрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады.

Алыстан көргіштікті түзету үшін дөңес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.

V. Есептер шығару.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: А: №17, 18,19. В: №8, №9, №10, С: №5, №4.

V і Қорытындылау.

Vіі. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §§73.74.

Сыныбы

Күні

Есептер шығару.

Мақсаты:

  • Оқушылардың «Жарық құбылыстары» бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.

  • Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  • Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Есептер шығару.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Жарық құбылыстары: А:№8, №11, №13, №14. №5, №6, №7.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Жарық құбылыстары: В: №3, №4, №5, №8.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Жарық құбылыстары: С: №1, №6, В: №7.

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: қайталау. Жылдық тест жұмысына дайындық.

Сыныбы

Күні

Тақырыбы: Зертханалық жұмыс №10

Линзаның фокустық қашықтығын анықтау

Құрал-жабдықтар: ток көзі, қыздыру шамы, кілт, өткізгіш сымдар, линза, сызғыш, экран (ақ парақ қағаз)

Жұмыс барысы:

1. Электр тізбегін құрастырыңдар.

2. Жарқыраған қыздыру шамын жарық көзі ретінде пайдаланып, линзамен тәжірибе жасаңдар.

3. Әр ретте линзадан нәрсеге дейінгі d қашықтықты және линзадан кескінге дейін f қашықтықты өлшеңдер. Оның мәнін кестеге жазыңдар.

4. Өздерің тәжірибеден алған шамалардың мәндерін пайдаланып, нәрсенің кескінін салыңдар.

5. Линзаның формуласын пайдаланып, оның фокустық қашықтығын өлшеңдер

Линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық, d

Линзадан кескінге дейінгі қашықтық, f

Алынған кескін

Линзаның фокусы

1

2

3

6.Қорытынды

Сыныбы

Күні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]