Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазықтықпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Сыну беттерінің пішініне қарай бөлінетін линзалар түрлері:

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1, С2 центрлері арқылы арқылы өтетеін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.

Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.

Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ ара қашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтыы деп аталады. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық деп аталады.

Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.

Линзада кескін шығарып алу:

d –нәрседен линзаға дейінгі қашықтық,

f –линзадан кескінге дейінгі қашықтық.

1.

.

Кескін шын , төңкерілген және кішірейтілген.

2.

Кескін шын, төңкерілген және өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең.

3.

Кескін жоғалып кетеді.

4.

Кескін тура, үлкейтілген,жалған .

Жұқа линзада нәрсенің кескінін алу үшін сәулелердің мынадай қасиеттері пайдалануға болады:

  • Оптикалық бас оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның Ғ фокусы арқылы өтеді.

  • Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай шығады.

  • Линзаның А фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне параллель жүреді.

Жұқа линза формуласы:

Кескін өлшемінің h (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын сызықтық үлкейту Г деп атайды.

.

V. Есептер шығару.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: А: №24, №25, В: №1, №2, №7, С: №2, №3.

Қорытындылау.

Vі. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: : §§70.71.72.. 31-жаттығу. №1, №2, №4.

Сыныбы

Күні

Сабақ тақырыбы: Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға проекциялық аппараттар, фотоаппараттар, микроскоп, телескоптың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, көздің құрылысы, аккомодация, алытан көргіштік, жақыннан көргіштік туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Сфералық линза дегеніміз не?

  • Дөңес линзаның қандай сипаттамаларын білесіңдер?

  • Оптикалық оське параллель сәулелер өткенде, олардың жолдары қалай өзгереді? Ойыс линзадан өткенде ше?

  • Тәжірибеде линза фокусының орнын қалай анықтауға болады?

  • Линзаның оптикалық күші деген не?

  • Жинағыш линза беретін кескіндердің өзгеруі неге байланысты?

  • Линзада кескін алу үшін қандай сәулелерді пайдаланған ыңғайлы?

  • Линзаның формуласын жазыңдар. Ол қанадй шамаларға байланысты?

  • Линзаның үлкейтуі деген не? Ол неге тең?

  • Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды.

Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы:

3-ойыс айна

К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүйесі.

Д-диапозитив

О-объектив.

Фотоаппараттың құрылысының оптикалық сұлбасы:

Лупа –бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты линза.

Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді.

Микроскоп –күрделі оптикалық аспап.

Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:

Телескоп алыстағы нәрсенің кескінін үлкейту үшін қолданылады.

Телескоптың оптикалық құрылысының сұлбасы:

Телескоптың түрлері: телескоп-рефрактор, телескоп-рефлектор

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]