Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать

IV. Пысықтау.

1.Адам тіршілігінде жарық қандай рөл атқарады?

2. Оптика деген не?

3. Қандай денелер жарық көзі болып табылады?

4. Жарық таибиғаты туралы қандай көзқарастар бар?

5. Жарық жылдамдығын өлшеу тәсілдері қандай?

6. Жарық вакуумда қандай жылдамдықпен таралады?

7. Күн қойнауында зат қандай күйде болады?

8. Күн атмосферасы қандай бөліктерден тұрады?

V. Қорытындылау.

Vі. Бағалау.

Vіі. Үйге тапсырма:§§61, 62,63

Сыныбы

Күні

Сабақ тақырыбы: Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. Толық шағылу. Жазық айна. Сфералық айналар.

Сабақ мақсаты:

1.Жарықтығ шағылуын және шағылу заңдары, жазық айна, жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері, сфералық айна, олардың негізгі сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?

2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?

3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?

4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.

5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.

Жарықтың шағылу заңы: (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).

  • Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

  • Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең.

Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, онда шыққан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу деп аталады.

Егер де бет кедір-бұдыр болса, онда шағылғанда жарық шашырайтын болады. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).

Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.

Сфералық айналар қасиеттері:

0-айнаның сфералық бетінің центрі, С-айнаның төбесі. Сфералық беттің О центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады.

ОС сфералық айнаның R радиусы және оның С нүктесіндегі бетіне түсірілген нормаль болып табылады. Ғ –айнаның фокусы. СҒ ойыс айнаның фокус аралығы деп аталады.

Сфералық айнада нәрселердің кескіндері. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Ойыс айнадағы нәрсе кескіні:

Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады.

Дөңес айнаның фокусы жалған болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]