Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать

V. Қорытындылау.

Vі. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §46. §47. 23-ж. №4, №5, №6.

Сыныбы

8 Б

Күні

Сабақ тақырыбы: §48. Газдардағы электр тогы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға газдардың иондану, екпінді иондану, плазма, найзағай туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Электролиттік диссоциация құбылысының мәні неде?

2. Электролит деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Электролиз деген не? Ол қай жерде қолданылады?

4.Электролит ерітінділері мен балқымаларының иондық теорисын қандай тәжірибелер дәлелдейді?

5. Электрлиз үшін Фарадей заңын тұжырымдаңдар.

6.Заттың элеткрохимиялық эквиваленті деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі).

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.

Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.

Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі ток күрт өседі.

Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады.

IV. Пысықтау.

1. Қалыпты жағдайда газдар неліктен жақсы оқшаулағыш болып табылады?

2. Қандай жағдайларда газдар өткізгіштерге айналады?

3. Иондаушыларға мысалдар келтіріңдер.

4. Газдардағы электр тогы дегеніміз не?

3. Екпінді иондану қалай өтеді?

4. Плазма деген не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]