Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.14 Mб
Скачать
  1. Бағалау.

  2. Қорытындылау.

Сыныбы

8 «Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: Өткізгіштерді жалғау.

Сабақ мақсаты:

1. Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды үйрету

2. Оқушылардың есеп шығару дағдысын дамыту

3. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: ток көзі, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, электр шамдары, кілт.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.

Электр құрылғыларын тізбектей қосу.

г ь

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…

Электр құрылғыларын параллель қосу.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…

1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…

IV. Есептер шығару.

№583,854,585,586

V. Қорытындылау.

Сыныбы

8«Б»

Күні

Сабақ тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға токтың жұмысы, қуаты олардың бірліктері, Джоуль-Ленц заңымен таныстыру

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, ток көзі, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, электр шамдары, кілт.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі – ток көзінде және тізбектің сыртқы бөлігі – энергия тұтынушыларында энергияның бірқатар түрленулері болады.

Электр энергиясы сыртқы тізбекте электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түрлеріне: өткізгіштің ішкі энергиясына, сәулелену энергиясына, химиялық реакцияның энергиясына айналады.

А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,

q – заряд;

U –кернеу.

Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1А*1В*1с.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.

1Вт=1А*1В.

Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]